Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 49 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 тамызда № 9-3-171 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармағының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;";
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) немесе баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрi - орталық) өтiнiшпен өтiнiш жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.";
      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Уәкiлеттi органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тіркелген бұйрығына сәйкес тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледi.";
      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Отбасының (азаматтың) белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесi жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.";
      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң банктік шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрайымы          Г. Елтебаева

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Н. Гайдаренко