"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті"

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 2951 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.Ф. Бектубаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Р.Ф. Бектубаев

      14 желтоқсан 2015 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 393 қаулысымен
бекітілген

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы"

      Ескерту. Регламентің тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды алуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысымен құжаттарды қабылдау және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеу - 15 (он бес) минут;

      2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясымен қарау және қорытындысын анықтау - 2 (екі) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысымен хаттаманы ресімдеуі - 2 (екі) жұмыс күні.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) тіркелген құжаттарды комиссия отырысна ұсыну;

      2) комиссия отырысының қорытындысын шығару;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу.

      6-1. мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді айқындау рәсімін өткізу туралы хабарламада көрсеткен соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берішіні таңдау рәсімне қатысуға арналған өтінімді ұсынады.";

      Ескерту. Регламент 6-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "6-2. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің қолма-қол қабылданғанын растау өтінімдерді тіркеу журналында комиссия хатшысының тіркеуі болып табылады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.";

      Ескерту. Регламент 6-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "6-3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Регламент 6-3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы;

      2) көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы берілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) 16 қосымшасына сәйкес өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді - 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құжаттарды Қағидамен көзделген ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін көрсетілетін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қарайды және комиссия отырысын өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда – 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігін) туралы хаттаманы ресімдейді - 2 (екі) жұмыс күні.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4 тараудың атауы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2016 № 347 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады;

      2) Мемлекеттік корпорациясының инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      3) Мемлекеттік корпорациясының инспекторы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне жібереді -30 (отыз) минут;

      4) Мемлекеттік корпорациясының жинақтаушы секторы құжаттарды жинайды, тізбе жасайды және Мемлекеттік корпорациясының курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы берілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қағиданың 16 қосымшасына сәйкес өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді - 15 (он бес) минут;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құжаттарды Қағидамен көзделген ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін көрсетілетін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қарайды және комиссия отырысын өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындаған жағдайда – 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттаманы ресімдейді - 2 (екі) жұмыс күні.

      8) Мемлекеттік корпорациясының курьері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы құжаттарды беру секторына жібереді - 30 (отыз) минут;

      9) Мемлекеттік корпорациясы құжаттарды беру секторы осы күн ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді; Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті ұсыну бойынша (немесе оның өкілінің нотариаттық куәландырылған сенімхаты бойынша) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2016 № 347 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 167 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).