"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 2951 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.Ф. Бектубаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының
      денсаулық сақтау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Р.Ф. Бектубаев
      14 желтоқсан 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 393 қаулысымен
бекітілген

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 
  1. Жалпы ережелер

      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Cтандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен ораламандарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсетілетін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі - ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
      3. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды алуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысымен құжаттарды қабылдау және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеу - 15 (он бес) минут;
      2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясымен қарау және қорытындысын анықтау - 2 (екі) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысымен хаттаманы ресімдеуі - 2 (екі) жұмыс күні.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) тіркелген құжаттарды комиссия отырысна ұсыну;
      2) комиссия отырысының қорытындысын шығару;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы;
      2) көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы берілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген) 16 қосымшасына сәйкес өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді - 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құжаттарды Қағидамен көзделген ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін көрсетілетін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қарайды және комиссия отырысын өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда – 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігін) туралы хаттаманы ресімдейді - 2 (екі) жұмыс күні.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын тапсырады;
      2) ХҚКО инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      3) ХҚКО инспекторы құжаттарды ХҚКО жинақтаушы бөліміне жібереді -30 (отыз) минут;
      4) ХҚО жинақтаушы бөлімі құжаттарды жинайды, тізбе жасайды және ХҚКО курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысына жібереді - 1 (бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы берілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қағиданың 16 қосымшасына сәйкес өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді - 15 (он бес) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құжаттарды Қағидамен көзделген ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін көрсетілетін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қарайды және комиссия отырысын өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда – 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысы ТМККК жөніндегі қызметтерді беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттаманы ресімдейді - 2 (екі) жұмыс күні.
      8) ХҚКО курьері мемлекеттік қызмет нәтижесін ХҚКО құжаттарды беру секторына жібереді - 30 (отыз) минут;
      9) ХҚКО құжаттарды беру секторы осы күн ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді;
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті ұсыну бойынша жүзеге асырылады (немесе оның өкілінің нотариаттық куәландырылған сенімхаты бойынша).
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің
қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі)
анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігі) анықтау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер: