Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 2937 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/313 "Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2595 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3.оМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.С. Бегниязов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Қарақия ауданының Ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      С. Аяғанов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетінің Қарақия аудандық

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.С. Елбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/442 шешімімен
бекітілген

Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасақталған.

      2. Қағида Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн реттейдi.

      3. Осы Қағида да пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      2) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар.

2. Иттер мен мысықтарды тiркеуге алудың тәртiбi

      4. Иттер үш айлығынан бастап, мысықтар екi айлығынан бастап "Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінде (бұдан әрi – аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) тiркелуге жатады.

      5. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағиданың талаптарымен таныстырылады. Жануарлардың иесі Қағидамен танысқандығы туралы жазба Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.

      6. Тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға жануарлар иелерінің есебінен белгіленген үлгідегі ветеринариялық паспорт беріледі.

      7. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесідей мәліметтерді ұсынады:

      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      мекен-жайы, байланыс телефоны;

      ит немесе мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.

      8. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.

3. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртiбi

      9. Иттердің түрлеріне қарамастан үш айлық жасынан бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға, обаларға қарсы егілуге, сонымен қатар гельминттерге тексерілуге немесе профилактикалық дегельминтизациялауға жатады.

      10. Мысықтар екі айлық жасынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егілуге, гельминтоздарға тексерілуге жатады.

      11. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, онда оларға иттер мен мысықтарды асырауға жауапты адам тағайындалады.

      12. Иттер мен мысықтардың иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген мерзімдерде, міндетті ветеринариялық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.

      13. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:

      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;

      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрған аумағында (пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен);

      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтарында, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы күйінде немесе торда, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақтайтындай жағдайда болады.

      14. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында ірі және орта тұқымды екіден көп емес үлкен иттер және алты айлық жасқа дейінгі төлдерді, үш мысық асырау ұсынылады.

      15. Иттер мен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, балконда және басқа да қосалқы жайларда) және үй алдындағы аумақта (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға жол берілмейді.

      16. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, жануарда ветеринариялық құжаты болған және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда иелерінің итімен немесе мысығымен бірге орналасуына жол беріледі.

      17. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер жануардың қашып кетуінен, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауынан, жүргіншілерді мазалауынан сақтайтын қоршалған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметрден кем емес көлемде, иттің бейнесі бейнеленген "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" ескерту болуы тиіс.

      18. Жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде, егер гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық нормаларға сәйкес жануарларды асырау шарты сақталса үштен көп иттерді асырауға жол беріледі.

      19. Рұқсат етiлмейдi:

      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтар асырауға;

      2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырсыз серуендетуге;

      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, бұрқақ және бұлақ көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      20. Қоғамдық орындарда жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және аулау мен жоюға жатады.

      21. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады.

      22. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес құрылған Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің "Қарақия аудандық ветеринариялық стансасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, осы жұмыстар жүргізілетін аумақта тұрып жатқан тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін және тыныштығын сақтай отырып жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар тартылады.

5. Ит пен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау

      24. Ит пен мысықты белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ветеринариялық анықтамасы мен құжаттарысыз сатуға жол берілмейді.

      25. Сонымен бірге ит пен мысықты сату тек ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толғанда уақытынан, тиісті ветеринариялық құжаттамасы болған кезде жол беріледі. Егер, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса ветеринариялық паспорты болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жөнінде анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.

      26. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ит пен мысықты жануарлар қоғамы (клубтар), питомниктер арқылы, зоодүкендерде және мамандандырылған базарларда сатуға және сатып алуға болады.

      27. Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағына шет мемлекеттерден немесе аудан елді мекендерінен тыс жерлерден ит пен мысықты алып келу және алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      28. Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағынан тыс жерге ит пен мысықты тасымалдау (орын ауыстыруы) және алып келу ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін арнайы үлгідегі ветеринариялық паспорты болған жағдайда рұқсат беріледі.

      29. Ит пен мысықты Қарақия ауданының елді мекендерінен тысқары жаққа әуе, теміржол, сонымен қатар автомобиль көліктерімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде ит пен мысықты тасымалдау Қағидалары негізінде жүзеге асады.

6. Қағиданың сақталуын бақылау

      30. Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар ("Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Қарақия ауданының Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Қорытынды ережелер

      31. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.