“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" тамыздағы № 171 қаулысымен бекітілген |
“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
3. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Абай көшесі, №4.
“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
13. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;
2) қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен іс-қимылдар жүргізу;
3) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу;
4) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
5) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.
16. Функциялары:
1) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
3) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
4) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
5) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9) шарттар жасасады;
10) сенімхаттар береді;
11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.