“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген |
“Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жалағаш ауыз су” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
4. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Н.Мырзалиев көшесі, №24.
11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
13. Осы Ереже “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
15. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.17. Міндеттері:
1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан аумағында қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және абаттандырудың, санитарлық жағдайдың, көгалдандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттер.
18. Функциялары:
1) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
2) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, аудан аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
3) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
4) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқару;
5) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
6) аудан аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, автомобиль жолдарын, абаттандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
8) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастыру;
9) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
10) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
11) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
14) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
15) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтау және оларды ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
16) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;
17) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
18) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру әрі өткізу және олардың орындалуын бақылау;
19) аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;
20) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
21) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
23) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;
24) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
25) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
26) ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
27) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
28) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
29) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
30) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
31) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жалағаш ауыз су” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны функциялары:
1) “Ауыз су” бағдарламасын жүзеге асыру;
2) ауыз су жүйесін дамыту;
3) ауыз суды тиімді пайдалануға және заңсыз пайдаланушылармен жұмыс жүргізу;
4) ауыз су жүйелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
5) ауыз су төлем ақысын жинау және есебін жүргізу;
6) ауыз суды тасып беру.
19. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.21. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің сектор меңгерушісі мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
“Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қоданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.“Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
27. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.