Бюджеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы

Қызылорда облыстық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 16 наурыздағы № 874 қаулысы. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 07 сәуірде № 4935 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды- Қызылорда облыстық әкімдігінің 13.05.2015 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді қаржыландыру "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "16" наурыздағы № 874
қаулысына қосымша

Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді қаржыландыру "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі


Жобаның атауы
Сомасы, мың теңге
"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі
1
"Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін қайта жаңғырту. Ыстық сумен қамтудың ашық жүйесі" жобасына мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
44 256
"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі
2
"Қызылорда бекетінен 8 шақырым қашықтықтағы Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы индустриялық аймақтық темір жол түйығының құрылысы" жобасына мемлекеттік сараптама жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
8 931
 
Барлығы:
53 187