2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4995 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың Тізбесі бекітілсін.
      2. "Бюджеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 874 қаулысы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4935 санымен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылдың 14 сәуірінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 12 қаулысымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың Тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Жобаның атауы

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге

Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі,
мың теңге

1

2

3

4

5

6


"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін қайта жаңғырту. Ыстық сумен қамтудың ашық жүйесі

44 256




2

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы

45 639




3

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау

96 700




4

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту

36 990





"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда бекетінен 8 шақырым қашықтықтағы Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы индустриялық аймақтық темір жол түйығының құрылысы

8 931




2

Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу




11 536


"Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы




21 794

2

Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру




15 836


"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы




21 794


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласында машина жасау зауытын құру

938