"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 32/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 3304 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 07.07.2016 № 28 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 110 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 санымен тіркелген, 2014 жылы 13 наурызда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      8 тармақтың 3) тармақшасында:
      "медициналық мекемелердің" сөздері "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының" сөздерімен;
      17 тармақта:
      "9 тармағының 1)-5) тармақшаларында" сөздері "9 тармағының 1)-7) тармақшаларында" сөздерімен ауыстырылсын;
      18 тармақта:
      "9 тармағының 6) тармақшасында" сөздері "9 тармағының 8) тармақшасында" сөзерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Елеуова
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев