"Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 18 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 2988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейін елу жастан үлкен жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
      2) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейін қырық бестен үлкен жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
      3) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (үш айдан артық);
      4) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      6) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар (жұмыс өтілі жоқ);
      7) емдеу курсынан өткен туберкулезбен ауыратын науқастар;
      8) мүгедектік есебінен шығарылған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Э.Р. Салықоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев