Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 07.09.2016 № 523 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалаларының, кедендердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9868 тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттері кедендерінің, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалаларының, ережелерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 213-1) тармақшамен толықтырылсын:
"213-1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 213-1-қосымшасына сәйкес;";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 213-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (М.Е. Сұлтанғазиев) осы бұйрықты іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігі | |
Мемлекеттік кірістер | |
комитетінің төрағасы | Д. Ерғожин |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып шығады.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Штат санынының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 050067, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Басқарманың міндеттері:
1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
3) өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
14. Басқарманың функциялары:
1) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі) және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
3) Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
5) Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
6) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
9) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
10) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;
13) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
14) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
15) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктер беру;
16) мемлекеттік кірістер органының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен ынтымақтастық жасау;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын қарау;
7) заңнамада айқындалған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардан, қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
9) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
16. Басқарманың басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарманың штат санының лимиті шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшыларының орынбасарларын, Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даялау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауаптылықта болады;
8) Департаментке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауаптылықта болады;
9) өз құзыреті шегінде Басқарманың актілеріне қол қояды;
10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан шығады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.