Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10317 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 132 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 06.02.2018 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережелері

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 49-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындаған кезде:

      1) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабына сәйкес салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ҚҚС төленетін тауарлар тізбесіне кіргізілген тауарлар есепке жатқызу әдісімен төленеді;

      2) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі - Міндеттеме) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 3-тармағында көрсетілген құжаттар және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде салық кезеңінен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ҚҚС төлеуші мемлекеттік кірістер органына Міндеттемені табыс етеді.

      4. Міндеттеме 2 данада толтырылады, оның мемлекеттік кірістер органының қабылдағаны туралы белгісі бар бір данасы салық төлеушіге қайтарылады, екіншісі мемлекеттік кірістер органында қалады.

      5. Міндеттеменің негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте төленген кезде ҚҚС іс жүзінде төлеусіз жүргізіледі.

      6. Міндеттемеде көрсетілген ҚҚС сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте есептеліп және есепке жатқызылып ҚҚС бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.

      7. Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарларды одан әрі өткізу мүлікті қаржылық лизингке беруден басқа, ҚҚС салуға жатады.

      8. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында белгіленген талаптардың тауарларды әкелу кезінде ҚҚС салығын төлеу үшін белгіленген мерзімін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіпте және мөлшерде әкелінген тауарларға ҚҚС салығын өсімпұлмен қоса есептеп төлеуге тиіс.

      Осы Қағиданың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға сыйақыны ескермей, лизинг шартымен көзделген лизинг төлемі сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша да таралады.

  Қазақстан Республикасының
аумағына Кеден одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталатын
тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен
қосылған құн салығын төлеуді қолдану
қағидаларына қосымша
2015 жылғы 15 қаңтар № 26
нысан

Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы
жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды
мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
1. Жалпы ақпарат

      Алушы/импорттаушы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні, тегі (болған жағдайда)

      Сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

      *ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы

      № 20 ___ ж. "____" _____________ берілген

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

2. Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасын қосылған
құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету

      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн

      салығының сомасын есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті

      қосылған құн салығының сомасын көрсетуге міндеттенемін

      _____________________________________________________________________

      (салық кезеңі)

      (_________________________________________________________________________________________________________________________________) теңге,

      (сомалар жазбаша)

3. Есепке жатқызу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты
пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу

      Тауарлар ретінде мыналар әкелінді:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тауарлардың атауы, ТН ВЭД ТС (Кеден одағы сыртқы экономикалық

      қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды)

      Көрсетілген тауарларды, қаржы лизингін беруді қоспағанда, яғни

      оларды одан әрі іске асыру үшін емес олардың мақсаттарына сәйкес

      қатаң пайдалануға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн

      салығын және өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      _________________________________________________________ /_________/

      Салық төлеушінің аты-жөні, тегі (бар болғанда) (қолы)

      Міндеттемені тапсыру күні 20 ___ жылғы "____" ____________

      _________________________________________________________ /_________/

      Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның (қолы)

      аты-жөні, тегі (бар болғанда)

      Міндеттемені қабылдау күні 20 ___ жылғы "____" ___________

      Мемлекеттік органның мөртаңбасы үшін орын

      Ескертпе:

      *қосымша құн салығы.