"Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 550 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3665 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7741 тіркелген, 2012 жылы 1 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 442-449 (27523) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           А. Сәрінжіпов