"Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 маусымдағы № 307 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 01 шілдеде № 3254 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 17.08.2015 № 305 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағының 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов