"Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 36-1282 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3661 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 108 қаулысымен (алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 45 "Индер ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2698 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2013 жылғы 21 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан