Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 4658 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысының Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ергалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі М.Д Аккагазов
      КЕЛІСІЛДІ
"Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi
және автомобиль жолдары
басқармасы" ММ басшысы
А. Есжанов

  Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 қаулысымен бекітілген

Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 03.05.2017 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-BA-37

Қарауылкелді-Жарқамыс 0-102,480

102,480

2

KD-BA-38

Қарауылкелді-Жарқамыс- Алтай батыр–Миялы– Оймауыт 0-171,255

171,255

3

KD-BA-39

Қарауылкелді ауылына кіре беріс 0-2,830

2,830

4

KD-BA-40

Кемерши ауылына кіре беріс 0-56,000

56,000

5

KD-BA-41

Ебейті ауылына кіре беріс 0-43,690

43,690

6

KD-BA-42

Ноғайты ауылына кіре беріс 0-3,690

3,690

7

KD-BA-43

Көкбұлақ ауылына кіре беріс 0-18,000

18,000

Барлығы:

397,945