Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 "Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 87 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 5495 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 21.05.2018 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, сәйкес Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 "Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4658 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық "Жем Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі А.Т. Шериязданов
      Келісілді:
"Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi
және автомобиль жолдары
басқармасы" ММ басшысы
А. Османгалиев

  Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 03 мамырдағы № 87 қаулысына қосымша
  Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 қаулысымен бекітілген

Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-BA-37

Қарауылкелді-Жарқамыс 0-102,480

102,480

2

KD-BA-38

Қарауылкелді-Жарқамыс- Алтай батыр–Миялы– Оймауыт 0-171,255

171,255

3

KD-BA-39

Қарауылкелді ауылына кіре беріс 0-2,830

2,830

4

KD-BA-40

Кемерши ауылына кіре беріс 0-56,000

56,000

5

KD-BA-41

Ебейті ауылына кіре беріс 0-43,690

43,690

6

KD-BA-42

Ноғайты ауылына кіре беріс 0-3,690

3,690

7

KD-BA-43

Көкбұлақ ауылына кіре беріс 0-18,000

18,000

Барлығы:

397,945