Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 221/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 822 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде Вечерняя Астана" газетінің № 83-нөмірінде және "Астана ақшамы" газетінің 84-нөмірінде жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Т. Егінбаев |
Астана қаласы мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | А. Байгенжин |
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдесіндегі № 399/55-V шешіміне қосымша |
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган үміткермен бірлесіп жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімделуге ықпал ету жөнінде әзірлеген кешенді іс-шаралар;
27) отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты - шартты ақшалай көмекті белгілеу үшін отбасы атынан еңбекке қабілетті жеке тұлға және Әкімші арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім;
28) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - мемлекет отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты талаптарымен жеке тұлғаларға немесе жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ынан төмен отбасыларға ақшалай түрде беретін төлем;
29) үміткер - ШАК белгілеу үшін өзі және отбасы атынан өтініш білдірген тұлға.";
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
"57-1. Шипажайлық-курорттық емделуге арналған әлеуметтік көмек:
жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;
жолдама құнының 25%-ын төлеумен ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санынан жасы бойынша зейнеткерлерге ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек
98. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек (ШАК) отбасының (тұлғаның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік шараларына қатысу және қажет болған жағдайда еңбекке қабілеттілерді қоса алумен отбасы (тұлға) мүшелерінің әлеуметтік бейімделуден өту шартымен және отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарттың күшінде болу мерзіміне отбасыға (тұлғаға) көрсетіледі және ай сайын төленеді.
99. Отбасының әрбір мүшесіне (тұлғаға) арналған ШАК мөлшері отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады және отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
100. Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 (үш) айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және 3 (үш) айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
101. Үміткер ШАК тағайындау үшін жеке өзінің не отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша Әкімшіге жүгінеді.
Үміткер ШАК тағайындауға келісім берген жағдайда Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағын толтырумен әңгімелесу жүргізіледі.
102. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер ШАК тағайындау туралы өтінішті, Қағидаға 6, 7-қосымшаларға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнаманы толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы.
103. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, Қағиданың 102-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
104. Әкімші құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
105. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны Әкімшіге береді.
106. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін Әкімші өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша отбасыға көмектің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін (бұдан әрі - жеке жоспар) шақырады.
107. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады
108. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
109. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты 6 (алты) айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай 6 (алты) айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда шартты әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
110. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа тұлғалардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
111. Әкімші "Е - Әлеуметтік қамтамасыз ету" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдаланумен әлеуметтік көмек ұсынылуына мониторинг және есеп жүргізеді.
112. ШАК төлеуді Әкімші алушылардың банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
113. Әкімші ШАК төлеуді Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім негізінде мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушының Астана қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтініші беруші ұсынған мәліметтердің жалған болуы;
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау.
ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда тұлғаға (отбасына) ШАК төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.".
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 5-қосымша |
Шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн______________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | ||||||
Зайыбы (жұбайы) | ||||||
Басқа ересектер |
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші:_______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы):____________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері:__________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар_______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі маманының бағасы________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі
келтіреді____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы__________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 6-қосымша |
Шартты ақшалай көмекті тағайындауға өтініш
_______________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _______________________________
_____________________________________________
берілген күні _______________________________
ЖСН _________________________________________
Өтініш Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын. Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін. Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды. Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады. Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді. Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін. Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын: тұрғын үй көмегі арнайы әлеуметтік қызметтер мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек "____" __________20 ___ ж. ___________________ (күні) (өтініш берушінің қолы) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Құжаттар қабылданды "____" __________ 20___ ж. ______________________________________________________ (күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы) Отбасының тіркеу нөмірі | | Өтініш қоса берілген құжаттармен "____" _______ 20 ___ ж. учаскелік комиссияға берілді. "____" _________ 20___ ж. қабылданды. Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы______________________________________________________________; Өтініш берушінің қолы ____________________________________________ Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "____"__________ 20___ ж. Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы______________________________________________________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (қию сызығы) Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді. Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен "____" __________ 20___ ж. қабылданды. Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы______________________________________________________________ |
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 7-қосымша |
Өтініш иесінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | |||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатынасы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) |
Өтініш беруші | |||||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | |||||
Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма _______
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады. | ||||||||
Р/с № | Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды) | Құжаттармен расталған табыс сомасы | Өзге де мәлімделген табыстар | ||||
еңбек қызметінен түскен табыстар | зейнетақылар, жәрдемақылар | кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар | стипендия | алимент | өзге де табыстар | |||
* Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: _______________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда,
жөнделмеген);
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман,
іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша
баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ,
жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
қажеттісінің астын сызу
_____________________________________________________________________
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын
мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы
шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы
(тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды,
диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе
жарақаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өтініш беруші________________________________________________________
зайыбы (жұбайы)______________________________________________________
балалар______________________________________________________________
басқа да туысқандар__________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар)
алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен
қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш
берушінің пікірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса
аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс
орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және
экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________ ____________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 8-қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі _____
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
____________________________ ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | ЖСН | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________
Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға
уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә _________________________
(қолы)
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 9-қосымша |
Өтініш берушінің материалдық
жағдайын учаскелік комиссияның тексеру
АКТІСІ
20 ___ жылғы "____" ________________
____________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.___________________________________________
2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________________________
3. Туған күні және жері______________________________________________
4. Жұмыс орны, лауазымы______________________________________________
5. Азаматтың орташа айлық табысы_____________________________________
6. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы_____________________
7. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады)
______________ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Білімі | Жұмыспен қамту (жұмыс, оқу орны) | Өзін-өзі жұмыспен қамту | Жұмыссыздық себебі | Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгені туралы деректер | Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлау, біліктілікті арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқандығы туралы мәліметтер |
Еңбекке қабілетті барлығы ___________ адам.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені __________ адам.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында
көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандар _________ адам.
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан
айыру орындарында) __________ адам.
Кәмелетке толмаған балалардың саны _________ адам, оның ішінде:
мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен оқитындар _________ адам;
ақылы негізде жоғары және орта арнаулы білім беру орындарында
оқитындар __________ адам, оқудың бір жылдық құны ____________ теңге.
8. Жұмыспен қамту орталығы бекіткен әлеуметтік келісімшарттың
болуы: _____ адам:
1. (Т.А.Ә.) _________________________________________________________
2. (Т.А.Ә.) _________________________________________________________
. "Бота" қоғамдық қорынан берілетін шартты ақшалай жәрдемақыны алу:
жүкті және бала емізетін әйелдер _________ адам;
4-тен 6 жасқа дейінгі балалар __________ адам;
мүмкіндіктері шектеулі балалар ________ адам;
16-дан 19 жасқа дейінгі жастар ________ адам.
10. Баспана жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын
үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе
өзге) қажеттісін көрсету
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар айына________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Отбасының табыстары:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен жылғы табыс сомасы | Жеке қосалқы шаруашылық (аула шаруашылығы, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
12. Мыналардың:
автокөліктің (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны
пайдаланудан түскен табыс)___________________________________________
_____________________________________________________________________
өзге тұрғын үйдің, қазіргі уақытта тұратын баспанадан басқа (оны
пайдаланудан түскен табыс)___________________________________________
_____________________________________________________________________
бар-жоғы.
13. Отбасының өзге де табыстары (түрі, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Мұқтаждықтың көрініп тұрған белгілері (жиһаздың, тұрғын үйдің,
электр желілерінің жағдайы және т.б.)________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
15. Әл-ауқатын көрсететін белгілер (жерсеріктік антенна тәрелкесі,
ауа баптағыш, қымбат жаңа жөндеу және т.б.)__________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
16.Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайлары_____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
17. Учаскелік комиссияның басқа да байқағандары:_____________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
____________________________ ___________________________
Комиссия мүшелері:
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы _____________________________
Тексеру жүргізуден бас тартамын _________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә.
және қолы, күні (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 10-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы
"____" ____________ 20___ ж.
Учаскелік комиссия Қағидаларға сәйкес отбасының (өтініш берушінің)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған
құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын
тексеру нәтижелерінің негізінде отбасын жобаға қосу
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ туралы
(қажеттілігі, қажет еместігі)
қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы:
_______________________ __________________________
Комиссия мүшелері:
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
____ данада қоса берілген құжаттармен қорытынды
"__" ____________ 20__ ж. _______________________________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған кент әкімінің немесе жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасына 11-қосымша |
"___" ______________ 20__ ж.
№ __________
Шешім
_____________________________ (ауданы) бойынша жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Іс № ___________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының
негізінде шартты ақшалай көмек тағайындау (мөлшерінің өзгеруі,
тағайындаудан бас тарту) туралы
Өтініш беруші _______________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Жүгінген күні "___" ___________ 20___ ж.
1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының
негізінде отбасына шартты ақшалай көмек 20__ жылғы _____ бастап 20__
жылғы ____ қоса алғанда _____________ теңге сомасында _______________
(сомасы жазбаша)
тағайындалсын.
2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының
негізінде шартты ақшалай көмек мөлшері 20__ жылғы ________ бастап
20__ жылғы ________ қоса алғанда өзгертілсін және ___________________
(сомасы жазбаша)
теңге мөлшерінде белгіленсін.
Негіздеме:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
(негіздеме)
_____________________________________________________________________
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының
негізінде шартты ақшалай көмек тағайындаудан бас тартылсын.
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
_______________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Шартты ақшалай көмек тағайындау жөніндегі маман
_______________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)