"Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12962 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.07.2019 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10701 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "___________________ қаласы 20__ жылғы "__" __________________

      (шарт жасалған орын) (шарт жасалған күн)

      _____________________________________________________________________

      (Басқарушы компания атауы)

      тұлғасында__________________________________________________________,

      (жарғы, ереже)

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Жалға беруші" деп аталатын ______

      бір тараптан және __________________________________________________,

      (жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)

      негізінде әрекет ететін ________________________________ тұлғасында

      бұдан әрі "Қосалқы жалға алушы" деп аталатын _________________ екінші

      тараптан, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы

      осы жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы

      жалға алудың) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қосалқы жалға алушы мыналарға:

      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;

      2) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;

      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны осы шартта белгіленген мөлшерде және шарттарда төлеуге;

      4) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      5) осы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша хабарламаны жалға берушіге кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей жіберуге;

      6) жер учаскесін пайдалану кезінде қала құрылысы регламенттерінің, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де қағидалардың, нормативтердің талаптарын сақтауға, оның ластануына, қоқыстануына жол бермеуге, жер учаскесінде және оның маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға;

      7) жалға берушіге өзінің деректемелерінің өзгергені туралы он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;

      8) осы шарт тоқтатылған жағдайда жер учаскесін осы шарт тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі негізінде тиесілі жай-күйде жалға берушіге қайтаруға міндетті;

      9) жалға беруші біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзған жағдайда Заңға сәйкес жалға берушіге АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтаруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Жалға берушінің:

      1) мынадай жағдайларда:

      қосалқы жалға алушы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;

      қосалқы жалға алушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт енгізбеген;

      Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;

      2) қосалқы жалға алушымен алдын ала келісе отырып, оны шарт талаптарының сақталуы мәніне тексеру мақсатында жер учаскесінің аумағына кіруге;

      3) қосалқы жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жер учаскесінің қасиетін және экологиялық ахуалды нашарлатумен келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша зияндарды өтеуге құқылы;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жалға беруші мыналарға:

      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;

      2) белгіленген тәртіппен осы шарт мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жер учаскесін қосалқы жалға алушыға беруге;

      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны аудару үшін өз шотының нөмірі өзгергені туралы қосалқы жалға алушыға он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;

      4) қосалқы жалға алушыға жер учаскесін ажырамайтын жақсартуларға байланысты шығындарын өтеуге міндетті;

      5) АЭА қатысушы Заңға сәйкес біржақты тәртіпте шартты бұзған жағдайда АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтарып алуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.";

      21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Осы шарттың қолданылуы:

      1) АЭА таратылған;

      2) 20__ жылғы ___________ № ___ АЭА құрылатын жеке жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шартының қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) осы шарт сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылған;

      4) Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шарты бұзылған жағдайларда тоқтатылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі қосалқы жалға алушыда болатын бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек