"Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 7-1/1043 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12882 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 6 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 148 (28626) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»                      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі  Инвестициялар және даму
      ___________________ Ә. Исекешев   министрінің міндетін атқарушы
      2015 жылғы 22 желтоқсан           _________________ Ж. Қасымбек
                                        201___ жылғы « »_____________

      «КЕЛІСІЛГЕН»                     «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Ұлттық экономика министрі        экономика министрінің міндетін
      __________________ Е. Досаев     атқарушы
      201__ жылғы « » _____________    ________________ М. Құсайынов
                                       2015 жылғы 15 желтоқсан

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2015 жылғы 31 қарашадағы    
№ 7-1/1043 бұйрығына     
қосымша            

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық  
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру   
қағидаларына          
1-қосымша            

Нысан              

____________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық  
бөлімшесінің атауы)          
____________________________________________
(заңды тұлғалар үшін: толық атауы, орналасқан
жері, өндіріс объектісінің ведомство берген
есептік нөмірі (коды), заңды тұлғаны   
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және
күнi, сәйкестендіру нөмiрi / жеке тұлғалар 
үшін: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), есептік нөмірі (коды)
сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді  
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №, тіркеу
күні, телефонның, факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер болар болса))     

                              Өтініш

      Сізден ____________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.
        (экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі


2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)


3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні шыққан жері


4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі


5.

Олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары


6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)


7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кеден одағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункті


8.

Жойылып кету қаупі төнген және Жойылып кету қауіпі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда СИТЕС ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері


9.

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күні) көрсете отырып, ұйымдардың - өндірушілердің ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде


10.

Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні


11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы


12.

Объектінің орналасқан жері


13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау шарттары


14.

Талаптары бойынша «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінген (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді және олардан өндірілген өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығармауға келісімді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      __________________________________________ ____________________
     тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)    қолы, күні