Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12866 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының  4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Сапалық сипаттамаларды ескере отырып, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектілері көрсететін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін кызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Ұлттық экономика
            министрі                                        Е.Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі
      _____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
1-қосымша          

Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      2. Осы Әдістеме теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындайды.
      3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      балластық сулар – теңізде жүзуге арналған кеменің қауіпсіз шөгуін қамтамасыз ету үшін кеменің бункерін толтыруға пайдаланылатын теңіз суы;
      брутто-регистрлік тоннаж – кеменің сыйымдылығын (көлемін) сипаттайтын шама;
      бас жүктер – теңіз кемелерінде жинақталған партиялармен тасымалданатын кез келген ыдыстағы және дана жүктер;
      жүк партиясы – тасымалдауға бір құжат бойынша қабылданған және бір межелі пунтке баратын, кеменің жүкке арналған үй-жайларының бір бөлігін алатын белгілі бір жүк саны;
      жүктерді ауыстырып тиеу – жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне порттың қоймасы арқылы немесе тікелей бір көлік құралынан екіншісіне (теміржол вагондарынан, өзен кемелерінен, автомобиль көлігінен теңіз кемесіне және керісінше) ауыстырып тиеу;
      рейд – өзінің көлемдерімен, тереңдігімен және теңіз түбінде топырақ қабаттарын ұстайтын күшімен корабльдер мен кемелердің зәкірлік тұрағын қамтамасыз ететін жағалау акваториясы; ішкі рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалған рейдтер; сыртқы рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалмаған рейдтер;
      тонна-операция – шамадан тыс артық тиелген нақты тоннадағы жүк санының қайта тиеу нұсқаларынан өткен санына көбейтіндісімен өлшенеді;
      нақты тонна – оның шамадан тыс артық тиеуден өткен нұсқаларының санына қарамастан шамадан тыс артық тиелген жүктің жалпы көлемі.
      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      4. Әдістеменің негізгі қағидаттары:
      көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне арналған тарифтердің (алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
      объективті түрде жанама шығындарды теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) жатқызу;
      теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (алымдар мөлшерлемелерін) есептеу кезінде ескерілетін объективті түрде қажетті шығындарды өтеу;
      тартылған активтердің реттелетін базасына салынатын пайда мөлшерлемесінің негізінде теңіз портының рұқсат етілетін пайда деңгейін нормалау болып табылады.
      5. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін теңіз порты орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге:
      1) теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
      2) клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
      3) жүк операцияларын жүргізу және (немесе) өзге де мақсаттар үшін кеменің кейін порттан шығуымен теңіз портына кіруі үшін көрсетілетін қызметтер (кеменің кіруі):
      кемелік – кеменің теңіз портына кіруі мен одан шығуын ұсыну;
      шамшырақтық – кеме порттың акваториясына кірген кезде порттың навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;
      арнамен өткені үшін – кеменің айлаққа өтуі үшін арнаны ұсыну;
      айлақтық – жүк операцияларынан тыс айлақтарда кемелерге жүктерге және қосалқы операцияларға тұрақ орнын беру;
      зәкірлік – ішкі рейдте кеме тұрағын ұсыну;
      арқандық – арқанның ұштарын тарату, кемелердің арқанын шешу және оларды арқандап байлау;
      табиғатты қорғау іс-шаралары саласында – портта тұрған уақыт ішінде кемеден ластардың барлық түрлерін (балластық суды қоспағанда) қандай да бір шектеулерсіз қабылдау;
      карантиндік – карантинді инфекциялы аурулары бар науқастарды және инфекция тасымалдауы мүмкін адамдарды уақытша оқшаулау үшін үй-жай беруді, аумақтар мен теңіз портының объектілерін тиісті дәрежеде ұстауды, көлік кемелеріндегі, порт объектілеріндегі кеміргіштер мен жәндіктерді санитариялық-эпидемиологиялық станцияның күшімен профилактикалық түрде жоюды қамтамасыз ету жөніндегі теңіз портының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету қызметтері жатады.

2. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін)
өндіріп алудың жалпы шарттары

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері (бағалары, алымдар мөлшерлемелері) қызметтер көрсетуге және жұмыстар орындауға қажетті шығындардың құнынан төмен және теңіз портының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі мен оны кеңейту мүмкіндігін ескеруі тиіс.
      7. Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер теңіз портының тиісті техникалық құралдарын пайдалана отырып, жүктердің орнын ауыстыру бойынша көрсетілетін қызметтерге алынады.
      Клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер теңіз портының инфрақұрылым ұсынғаны үшін алынады.
      Тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер бір нақты тоннаға белгіленеді. Тиеу-түсіру жұмыстарының тарифтері жүктердің түріне қарай сараланады.
      8. Кемелік қызметтерді көрсеткені үшін алым портқа әрбір кірген және одан әрбір шыққан кезде алынады. Кемелік қызметті көрсету алымының мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
      9. Шамшырақ қызметтерін көрсеткені үшін алым кеменің бір кіргені үшін алынады. Шамшырақ қызметін көрсету алымының мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
      10. Арна арқылы өткені үшін алым арнаның бір жағына әрбір өткен сайын алынады. Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
      11. Жүк операциялары бойынша айлақтық алым-жүк және қосалқы операциялармен кеменің айлақтағы тұрағы үшін алынады. Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақта тұрған (рейдтік айлақты қоспағанда) кемелерден алынады.
      Егер операция кеме-кеме нұсқасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, айлақтық алым мөлшерлемесінің 50% алынады.
      Айлақта алдымен немесе артымен арқандалып, екінші кемеге тіркеліп тұрған кемелерден айлақтық алым мөлшерлемесінің 50% алынады. Жүк операцияларынан тыс айлақтық алым кеменің айлақта тұрған әрбір тәулігіне алынады.
      Жүк операцияларынан тыс айлақтық алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына және айлақта тұрған (рейдтік айлақты қоспағанда) кемелерден алынады.
      Тәулік бойынша есептелетін мөлшерлемелер мен алымдарды есептеу кезінде уақыт 0,5 тәулікке дейін дөңгелектенеді, бұл ретте 0,5 тәулікке дейінгі уақыт 0,5 тәулікке дейін қабылданады, ал 0,5 тәуліктен астам уақыт – 1 тәулік болып есептеледі.
      12. Зәкірлік алым ішкі рейдтегі тұрақ үшін алынады. Алым мөлшерлемесі тұрақ уақытына қарамастан кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
      13. Арқандық көрсетілетін қызметтерге арналған алым арқан ұштарын тарату, арқандаушылардың кемелердің арқанын шешу және оларды байлап қою бойынша жұмысы үшін алынады.
      Кемені кеменің ұзындығынан артық айлақтың бойына байлап қою екі операция ретінде, кеменің ұзындығынан аз болса – бір операция ретінде саналады. Кемені айлақтан айлаққа қайта арқандап байлау екі операция ретінде саналады. Арқандап байлау және арқанды шешу кезінде арқан ұштарын тарату екі операция ретінде саналады. Жүк жұмыстарын жүргізген кезде портта кемені қайта арқандау, түсіру және тиеу кезінде бір реттен, ал қайта тиеу кешендерінің мамандандырылуына байланысты тиеу (түсіру) барысында оның орынын ауыстыру қажет болған жағдайда – тағы да бір-бірден қайта байлауға жол беріледі. Порттың талабы бойынша жүргізілген қосымша арқанды қайта байлауға жұмсалған барлық шығыстарды порт көтереді.
      Арқандап байлау қызметі үшін алым мөлшерлемесі бір операция үшін белгіленеді.
      14. Табиғатты қорғау іс-шаралары үшін алым операциялар (жүзу құралдарын беру мен жинау, қоқыс жинау үшін контейнерлер мен басқа да ыдыстар беру, қайта тиеу операциялары, шлангтеу, шлангіден айыру және басқа) жүргізуге байланысты жұмыстарды өз күшімен орындау бойынша портта тұрған уақыты кемеден ластардың барлық түрлерін (балластық суларды қоспағанда) қандай да бір шектеулерсіз қабылдау жұмыстары үшін алынады.
      Алым кеменің портта тұрған әрбір тәулігіне белгіленеді.
      15. Карантиндік көрсетілетін қызметтер үшін алынатын алым мөлшерлемесі карантинді инфекция аурулары бар науқастарды және инфекция жұқтыруы мүмкін күдікті адамдарды уақытша оқшаулау үшін үй-жай бергені, аумақтар мен объектілердің тиісті санитарлық жағдайы, үй-жайлар мен ғимараттардың құрылысы, оларды жөндеу және пайдалану кезінде оларға кеміргіштерді кіргізбеу үшін алынады.
      Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір кіруіне белгіленеді.

3. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтердің (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің)
шығынды бөлігін қалыптастыру

      16. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (жұмыстарының) бірлігіне тарифтер (алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптастырылады:
      1) тарифтің (алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау:
      уәкілетті орган реттейтін теңіз порттары көрсететін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына енгізілетін шығындарды Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып айқындау;
      көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нақты және болжамды деректер базасында заттай өлшемде теңіз порттары жұмысының көлемін айқындау;
      көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негізді бөлу жолымен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін айқындау;
      алынған құндық негізді көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерінің көлеміне бөлу жолымен көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын айқындау;
      2) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына салынатын пайда мөлшерлемесін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін қалыптастыру.
      17. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі Ерекше тәртіпке сәйкес көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негізді бөлу жолымен айқындалады.
      18. Теңіз портының барлық шығындары тікелей және жанама шығындар болып бөлінеді.
      19. Теңіз портының және клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының тікелей шығындары тиісінше:
      мұнайды ауыстырып тиеу – мамандандырылған мұнай құю айлақтарын;
      астықты ауыстырып тиеу – астық терминалын;
      жүктерді паромға ауыстырып тиеу – паромдық кешенді пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
      Порттың күштерімен және құралдарымен орындалатын бас жүктерді ауыстырып тиеудің тікелей шығындары порт жұмысшыларының (докерлердің) жүктердің түрлері бойынша кесімді жалақысы болып табылады.
      Тиеу техникасын пайдалануға және оны ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеуге қатысты жанама шығындар болып табылады және жүктің әрбір түрі бойынша ауыстырып тиелген жүктердің көлеміне тепе-тең бөлінеді.
      20. Кесімді жалақыны қоспағанда, порт жұмысшыларының (докерлердің) жалақысының өзге түрлері бойынша шығындары, жүктердің түрлері бойынша кесімді жалақыға тепе-тең бөлінеді.
      21. Кеменің теңіз портына кіргені үшін қызметтер көрсетуге байланысты тікелей шығындар тиісінше:
      кемелік көрсетілетін қызметтер – гидротехникалық ғимараттарды;
      арна арқылы өткені үшін көрсетілген қызметтер – арналық ғимараттарды;
      шамшырақтық көрсетілетін қызметтер – навигациялық жабдықты;
      зәкірлік көрсетілетін қызметтер – акваторияның түбін;
      айлақтық көрсетілетін қызметтер – айлақтар мен айлақтық ғимараттарды;
      арқанмен байлау жөнінде көрсетілетін қызметтер - арқанмен байлау тумбаларын;
      карантиндік көрсетілетін қызметтер – карантиндік үй-жайларды;
      табиғатты қорғау іс-шараларының көрсетілетін қызметтері – қоқыс жинағыштар мен бондарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
      22. Қоймалық үй-жайларды пайдалануға және оларды ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу мен жүктерді сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама шығын болып табылады және сақталатын жүктердің көлемі бойынша (тонна/тәулік) тепе-тең бөлінеді.
      23. Жүктерді сақтауға байланысты шығындар жүктерді сақтаудың нормативтік (жүктерді ауыстырып тиеуге арналған тарифке енгізілген) және нормативтен тыс (жеке төленетін) шығындарына жүктердің тиісті түрін сақтаудың тонна-тәуліктеріне тепе-тең бөлінеді.
      24. Теміржолдарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде, астықты ауыстырып тиеу жөнінде, жүктерді пароммен ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама болып табылады және ауыстырып тиелген жүктің түрлері бойынша көлеміне (тонна) тепе-тең бөлінеді.
      25. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) ұсынуға байланысты үстеме өндірістік шығындар көрсетілетін қызметтерге тепе-тең тікелей шығындарға жатады.
      26. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін персоналдың және көмекші персоналдың жалақысы бойынша шығыстар қызмет көрсететін және көмекші персоналдардың қызметтер (жұмыстар) көрсетуге қатысу үлесіне тепе-тең бөлінеді.
      27. Әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар жалақы бойынша тиісті шығындардың үлесіне тепе-тең белгіленеді.
      28. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің негізгі құралдарының тозуы жөніндегі шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) ұсынуда негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген үлесіне тепе-тең айқындалады.
      29. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің үстеме шығыстары көрсетілетін қызметтерге (жұмыстарға) амортизацияны бөлу үшін қабылданған көрсеткішке тепе-тең бөлінеді.
      30. Жалпы және әкімшілік шығыстар өндірістік шығындарға тепе-тең айқындалады.
      31. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарды бөлу үшін қабылданған көрсеткіш бойынша белгіленеді. Шетел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізінде теңге бағамының шетел валютасына қатысты болжамды өзгерісін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.
      32. Өткізу жөніндегі шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарды бөлу үшін қабылданған көрсеткіш бойынша айқындалады.

4. Тарифке (алым мөлшерлемесіне) енгізілетін көрсетілетін
қызметтердің (жұмыстардың) көлемін айқындау

      33. Есепті кезең ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнын айқындау кезінде тариф (бағаны, алым мөлшерлемелерін) есептеу үшін базаға статистикалық есептілік пен ішкі есептің деректеріне сәйкес есепті кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) көрсетілген нақты көлемі алынады.

5. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
пайданың деңгейін есептеу

      34. Теңіз порттары көрсететін қызметтердің (жұмыстардың) бірлігіне тарифтер (алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кіріс бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:
                          
      мұндағы,
      Di – көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне i тарифінің (алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі;
      Аi – i көрсетілетін қызметке (жұмысқа) жатқызылған қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
      r – қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі;
      кі поп. – көрсетілетін қызметтің нақты түріне арналған түзету коэффициенті;
      Qі – i-көрсетілетін қызметінің (жұмыстың) есептік (жоспарланған) көлемі.
      Көрсетілетін қызметке тарифтің (алым мөлшерлемесінің) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
                        Ті = Зі + Dі + НПі
      мұндағы,
      НПі – пайдаға салынатын салық деңгейі, ол мынадай формула бойынша есептеледі
                  НПі = Dі*100: (100 – Н) - Dі
      мұндағы,
      Н – пайдаға салынатын салықтың % мөлшерлемесі.
      35. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі кәсіпорын капиталының бағасы ретінде анықталады және орташа арифметикалық өлшенген формула бойынша есептеледі:
                         ,
      мұндағы,
      rе – өз қаражаты есебінен қаржыландыру құны %-бен немесе меншікті капиталдың бағасы;
      Wе – өз қаражатының үлес салмағы;
      rd – өз қаражатының есебінен қаржыландыру құны %-бен немесе қарыз капиталдың бағасы;
      Wd – қарыз қаражатының үлес салмағы.
      36. Меншікті капиталдың (rе) бағасы үш бөліктен тұрады:
      rIn – негізгі қорлардың тозу тәуекелін көрсететін құрамдас;
      rf – капиталды тәуекелсіз салуға арналған кірістілік көрсеткіші (Қазақстанда инвестициялаудың ең төменгі тәуекел нысаны болып саналатын тәуекелсіз мөлшерлеме);
      RP – тәуекел үшін сыйлықақы.
      37. Негізгі қорлардың тозу тәуекелі (rIn) мынадай формуланың көмегімен бағаланады:
                           
                             
      мұндағы,
      I – амортизациялық аударымдармен жабылмайтын і көрсетілетін қызметіне (жұмысына) негізгі құралдарды қалпына келтіру үшін инвестицияларға қажеттілік (жіберілген тозу);
      Zз – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес, реттеу кезеңінде і көрсетілетін қызметіне (жұмысына) негізгі құралдарды қалпына келтіруге бағытталған қарыз қаражатының көлемі;
      Zсуб – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес, жоспарланған кезеңде і көрсетілетін қызметке (жұмысқа) негізгі құралдарды қалпына келтіруге арналған мемлекеттік субсидиялардың орташа жылдық көлемі;
      Се – меншік каптиалының құны.
      Сиі – негізгі құралдардың бастапқы және қалдық құнының айырмасы ретінде і көрсетілетін қызметке негізгі құралдардың і тобының жинақталған тозуы;
      tі – негізгі құралдардың і тобының қызметінің нормативтік мерзімі. Мұндағы tні әрбір топтың ішінде орташа өлшенген шамалары ретінде айқындалған.
      Тәуекелсіз мөлшерлеме (rf) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады.
      38. Тәуекел үшін (RP) сыйлықақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
      Теңіз портының өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептер бойынша болған технологиялық авариялардан кірістің ысырабын жабу үшін өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел көзделген кірістің, негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуі мүмкін саланың тәуекелдерге тап болу дәрежесін көрсетеді.
      Осы көрсеткішті есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленген меншік капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
                            ,
      мұндағы,
      Za – орташа есеппен бір жыл ішіндегі авариялар мен зілзалалардың зардаптарын жоюға арналған шығындар.
      39. Авариялардың саны бойынша деректер және авариялардың болу ықтималығын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін саралау шәкілін пайдалану ұсынылады:
      Технологиялық тәуекелді негізгі құралдар тозуының дәрежесіне қарай анықтау шәкілі:


% тозу дәрежесі

30%-ға дейін

30 - 40%

40 - 50%

50%-дан астам

Амортизациялық аударымдардың (rmex) жылдық нормасынан үлестердегі өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні

0,3

0,5

0,75

1

      40. Жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты кірістердің ысыраптарын жабу үшін операциялық тәуекел (rop) мынадай формула бойынша (жұмыстардың көлемі ұлғайған жағдайда, бұл тәуекел қолданылмайды) айқындалады:
                       ,
      мұндағы,
      V – есепті кезең үшін осы көрсетілетін қызметтен түскен ақшалай түсім (кіріс),
      Zпер – есепті кезеңдегі ауыспалы шығындар (көрсетілетін қызметтердің көлемдеріне тәуелді) немесе i көрсетілетін қызметке (жұмысқа) болжанған мән,
      V – болжамды жылдағы i көрсетілетін қызметінен түскен кірістің өзгеруі.
      41. Ұйымның қаржылық ресурстар ысырабының ықтималдығымен байланысты қаржылық тәуекел (rfin) мынадай формула бойынша айқындалады:
                       
                       
      мұндағы,
      Н – пайдаға салық мөлшерлемесі,
      баз – есепті жылдағы кәсіпорынның жалпы пайдасы,
      l – і қызметтерін (жұмыстарын) көрсетуден түскен пайданың төмендеу деңгейі.
      Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданған сияқты 0-ден 5%-ға дейінгі шектерде шектелген.
      Қарыз капиталының бағасы (rd) банк несиелерінің бірлігі бағасының (rdk) және кәсіпорын қаражатының көзі ретінде облигациялық қарыз бағасының (rdo) сомасы болып табылады (кәсіпорында облигациялар болмаған жағдайда, облигациялық қарыздың бағасы есептелмейді), ол мына формулалар бойынша айқындалады:
                         rdk = p1 ·(1 – H)
                     
      rdk – банк несиелері бірлігінің бағасы;
      rdo – кәсіпорын қаражатының көзі ретінде облигациялық қарыздың бағасы;
      p1 – банкке төленетін пайыз;
      Н – пайдаға салық мөлшерлемесі,
      р2 – пайыз мөлшерлемесі;
      Сн – қарыздың шамасы (көрсетулі құн);
      Ср – облигацияларды өткізу бағасы;
      t – қарыз мерзімі (жыл саны).
      42. Көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне тарифтің (алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерінің жиынтығы ұйымның көрсететін қызметтерінің (жұмыстарының) тарифін (алым мөлшерлемесін) айқындайды.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
2-қосымша          

Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10561 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығымен бекітілген Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетітк тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Әдістеме концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындайды.
      3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қолданысқа енгізілген активтер – порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын порттың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері;
      концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;
      концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
      активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті – табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын, олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендігін) сипаттайтын пайыздық көріністегі көрсеткіш;
      тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлы байланыстары бар шығындар, сондықтан тікелей және бір мәнді белгілі бір қызметке жатқызылады;
      тарифтің шығынды бөлігі – тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнын және кезең шығыстарын (жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) қамтиды;
      концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
      концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
      Концессиялық жобалар ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін, олардың тізбесін Заңның 8-бабы 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына Заңның 1-бабы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды.
      Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      балластық сулар – теңізде жүзуге арналған кеменің қауіпсіз шөгуін қамтамасыз ету үшін кеменің бункерін толтыруға пайдаланылатын теңіз суы;
      брутто-регистрлік тоннаж – кеменің сыйымдылығын (көлемін) сипаттайтын шама;
      басты жүктер – теңіз кемелерімен тасымалданатын кез келген буып-түйілген даналанған жүк;
      жүктерді ауыстырып тиеу – жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне порттың қоймасы арқылы немесе тікелей көліктің бір құралынан екіншісіне (темір жол вагондарынан, өзен кемелерінен, автомобиль көлігінен теңіз кемесіне және керісінше) ауыстырып тиеу;
      рейд – өзінің көлемдерімен, тереңдігімен және теңіз түбінің топырақ қабаттарын ұстайтын күші бар, корабльдер мен кемелердің айлақтық тұрағын қамтамасыз ететін жағалау акваториясы;
      рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалған рейдтер;
      сыртқы рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалмаған рейдтер;
      рейдтік айлақ – айлаққа қоюға күтіп тұрған порт акваториясындағы кеме тұрағының орны;
      тонна-операция – шамадан тыс артық тиелген нақты тоннадағы жүк санының оның қайта тиеу нұсқаларынан өткен санына көбейтіндісімен өлшенеді;
      нақты тонна – ол қайта тиеу өткен нұсқаларынан өту санына қарамастан артық тиелген жүктің жалпы көлемі.
      Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      4. Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар:
      қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
      объективті түрде жанама шығындарды теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) жатқызу;
      концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу кезінде ескерілетін объективті түрде қажетті шығындарды өтеу;
      қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде теңіз портының жол берілетін пайда деңгейін нормалау болып табылады.
      5. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары жатады.

2. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
өндіріп алу шарттары

      6. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) бірлігіне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптастырылады:
      1) тарифтің шығынды бөлігін айқындау:
      уәкілетті орган реттейтін концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттары қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өзіндік құнына енгізілетін шығындарды Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығын баптары бойынша таратып жаза отырып айқындау;
      концессионер жұмыстарының көлемдерін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша нақты және болжамды деректердің негізінде заттай өлшемде айқындау;
      тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негіздеп бөлу арқылы айқындау;
      2) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін ескере отырып қалыптастыру.
      7. Концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) тиісті техникалық құралдарды пайдалана отырып, жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін өндіріп алынады.
      Тиеу-түсіру жұмыстары үшін тариф (баға, алым мөлшерлемесі) бір нақты тонна үшін белгіленеді. Тиеу/түсіру жұмыстарын жүзеге асырған кезде төлем брутто жүк үшін алынады. Тиеу-түсіру жұмыстарының тарифтері (бағалары, алымдар мөлшерлемелері) жүктердің түріне қарай сараланады.

3. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің)
шығынды бөлігін қалыптастыру

      8. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша шығындарды негіздеп бөлу арқылы айқындалады.
      9. Концессионердің барлық шығындары тікелей және жанама шығындар болып бөлінеді.
      10. Концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының тікелей шығындары, тиісінше:
      бас жүктерді ауыстырып тиеу – тиеу-түсіру техникасын және басқа да техникалық құралдарын;
      мұнайды ауыстырып тиеу – мамандандырылған мұнай құю айлақтарын;
      астықты ауыстырып тиеу – астық терминалын;
      паромға жүктерді ауыстырып тиеу – паромдық кешенді пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
      11. Қойма үй-жайларды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу мен жүктерді сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қатысты жанама шығын болып табылады және сақтаудағы жүктердің көлемі (тонна/метр/тәулік) бойынша тепе-тең бөлінеді.
      12. Жүктерді сақтауға байланысты шығындар жүктерді сақтаудың нормативтік (жүктерді ауыстырып тиегені үшін тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілген) және нормативтен тыс (жеке төленетін) шығыстарына жүктің тиісті түрін сақтаудың тонна-тәуліктеріне тепе-тең бөлінеді.
      13. Теміржолдарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді, астықты, жүктерді пароммен ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама болып табылады және ауыстырып тиелген жүктің санына (тонна/километр) тепе-тең бөлінеді.
      14. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты үстеме өндірістік шығындар тікелей шығындарға тепе-тең көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатады.
      15. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін персоналдың жалақысы бойынша шығыстар және көмекші персоналдың шығыстары көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға қызмет көрсететін және көмекші персоналдардың үлестік қатысуына тепе-тең бөлінеді.
      16. Әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар жалақы бойынша тиісті шығындардың үлесіне тепе-тең айқындалады.
      17. Негізгі өндірістік қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің негізгі құралдарының тозуы бойынша шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу үлесіне тепе-тең айқындалады.
      18. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің үстеме шығыстары көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) амортизацияны бөлу үшін қабылданған көрсеткішке тепе-тең бөлінеді.
      19. Жалпы шаруашылық және әкімшілік шығыстар өндірістік шығындарға тепе-тең айқындалады.
      20. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеуге арналған шығыстар көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге арналған оларға қатысу дәрежесі бойынша айқындалады. Шет ел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақылар Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі кезеңінің шығыстарында ескеріледі.
      21. Өткізу жөніндегі шығыстар көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) қатысу дәрежесі бойынша айқындалады.
      22. Бас жүктерді ауыстырып тиеу бойынша көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) жалпы шығыстары жүктердің түрлеріне мынадай формула бойынша бөлінеді:
                     
      мұндағы:
      k – тәулік ішінде теңіз портында бас жүктерді ауыстырып тиеудің нормасы (тонна/тәулік);
      V – есепті кезең ішінде жүктерді ауыстырып тиеудің нақты көлемі;
      Pr.r – есепті кезең ішінде бас жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтердің жалпы шығындары;
      і – бас жүктің түрі.
      23. Паромға жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметке жалпы шығындар есепті кезең ішінде осы көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) үлес салмағына жүк және жолаушылар тасымалдарына тепе-тең бөлінеді. Бұл ретте жүк тасымалының шығындары жүктердің түрлері бойынша ауыстырып тиелген жүктердің нақты көлемдеріне тепе-тең бөлінеді.

4. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
көлемін айқындау

      24. Есепті кезең ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты құнын айқындау кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу үшін базаға статистикалық есептілік пен ішкі есептің деректеріне сәйкес есепті кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемі алынады.

5. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
пайданың деңгейін есептеу

      25. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесіне сәйкес келісілген Қазіргі және салынып жатқан негізгі құралдар Табиғи монополиялар субъектілері кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есепке алу әдістемесіне сәйкес көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) (оның ішінде реттеліп көрсетілмейтіндерге) бөлінеді.
      26. і-реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:
                          Рi = Р1i + Р2i,
      мұндағы,
      Р1i – i-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданыстағы активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі,
      Р2i – i-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдарға жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі.
      27. Порттардың і-реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігінің есебі мынадай формула бойынша айқындалады:
                           P1i = Аi*СП,
      мұндағы,
      P1i – і-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі, (теңге),
      Аi – көрсетілетін қызметтерден і-қызметін көрсетуге қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтердің реттелетін базасы (теңге),
      СП – пайда мөлшерлемесі (%).
      Порттың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша қолданысқа енгізілген жұмыс істейтін активтердің реттелетін базасы і көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған активтердің нақты құнының қолданысқа енгізілген активтердің коэффициентіне көбейтіндісі ретінде анықталады.
                         Аi = СAi * Кза,
      мұндағы,
      СAi – і-реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған жұмыс істейтін активтердің нақты құны, (теңге),
      Кза – жұмыс істейтін активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті.
      Жұмыс істейтін активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті порттың қазіргі негізгі құралдарымен көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің (алдағы төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін) олардың өндірістік қуатына арақатынасы ретінде анықталады.
      Жұмыс істейтін активтердің нақты құны конкурстық негізде іріктелген тәуелсіз бағалаушылардың негізгі құралдары мен материалдық емес активтерді қайта бағалауы нәтижесінде алынған, көрсетілетін қызметтерді өндіру және ұсыну кезінде пайдаланылатын табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің қалдық құнының негізінде айқындалады.
      28. Порттар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құны (бұдан әрі – КОӨҚ) әдісі арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:
                СП (КОӨҚ) = ((1 – g) * re) + (g * rd),
      мұндағы,
      g – леверидж, жалпы қаржыландыру құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және өз капиталының арақатынасын сипаттайтын шама, яғни қолдағы бар негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, бүкіл капиталдың құрылымындағы нақты қарызға алынған қаражаттың үлесі (өз және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі кемінде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің өз капиталының теріс мәні болған жағдайда, леверидждің деңгейі 1-ге тең шамасында қабылданады;
      re – өз капиталына сыйақы мөлшерлемесі (%);
      rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).
      Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
                            rd = rf + ДП,
      мұндағы,
      rf – тәуекелсіз мөлшерлеме, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады;
      БС – егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, табиғи монополия субъектісі шығарған және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымда болатын борыштық міндеттемелерге сыйлықақы негізінде айқындалатын табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін берілетін борыштық сыйлықақы. Өзге жағдайда, ол көрсетілетін қызметтің осындай түрімен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтингісі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекелі үшін берілетін борыштық сыйлықақыларды ескере отырып айқындалады.
      Меншікті капиталына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
                           re = rf + ra,
      мұндағы,
      ra – тәуекел үшін сыйлықақы. Тәуекел үшін сыйлықақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
      Порттың өндірістік құзыретіне байланысы жоқ себептер бойынша болған технологиялық авариялардан болған кіріс ысырабын жабу үшін өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел көзделген кірісті, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдерге салалардың тап болу дәрежесін көрсетеді.
      Осы көрсеткіштің есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленетін тиісті кезең үшін өз капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
                         rmex = Za/Ce,
      мұндағы,
      Za – жылына орташа есеппен авариялар мен зілзалаларды жоюға арналған шығындар.
      Авариялар саны бойынша деректер болмаған және авариялар болатындығын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелдерді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін саралау шәкілі пайдалану ұсынылады:
      Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай, технологиялық тәуекелдерді айқындау шәкілі


тозу дәрежесі %

30%-ға дейін

30-40%

40-50%

50%-дан жоғары

(rmex) өндірістік-технологиялық тәуекелінің мәні

0,3

0,5

0,75

1

      Жұмыс көлемінің төмендеуінен болған кіріс ысырабын жабу үшін операциялық тәуекел (rop) мынадай формула бойынша анықталады (жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда, бұл тәуекел қолданылмайды):
         rop = 0.5*(V – Znep) * rop = 0.5*(V – Znep) * V/V,
      мұндағы,
      V – есепті кезеңде осы көрсетілетін қызметтен түскен түсім (кіріс),
      Znep – есепті кезеңдегі ауыспалы шығындар (көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты) немесе і көрсетілетін қызметке болжанып отырған мән,
      V – і көрсетілетін қызметтен болжанып отырған жылдағы кірістің өзгеруі,
      | – көрсетілетін қызмет пайдасының төмендеу деңгейі,
      Се – көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.
      Операциялық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
      Кәсіпорынның қаржы ресурстары ысырабының болуы мүмкіндігіне байланысты қаржылық тәуекел (rfin) мынадай формула бойынша анықталады:
               | = 0.5 * V/V * (V – Znep)/ баз,
      мұндағы,
      Н – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
                rfin = баз * (1 – Н) * | /Се,
      мұндағы,
       баз – кәсіпорынның есепті кезеңдегі жалпы пайдасы.
      Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
      Акционерлік капиталға сыйақының құны қарыз қаражатына сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.
      29. Концессия шартының негізінде концессияға берілетін жаңа (салынып жатқан, жаңғыртылатын) негізгі құралдарға жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігінің есебі і-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) мынадай формула бойынша анықталады:
                   
      мұндағы,
      ІЕі – Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес і - көрсетілетін қызмет үшін жобаның өтелуі кезеңінде (концессиялық өтінімге жататын құжаттар пакетін әзірлеу бойынша консалтингтік көрсетілетін қызметтер, қаржы институттарының жобасын сараптау және басқалары.) инвестицияларды тарту бойынша шығындары;
      ІСі – і көрсетілетін қызметке жатқызылған концессиялық жобаны іске асыруға бағытталған күрделі қаржы салымдарының сомасы (концессиялық жобаның құны), бұл ретте қайта салынып жатқан концессия объектілерін пайдалануға енгізу бойынша концессиялық жобаның алғашқы құнының және негізгі құралдарды пайдалану мерзімін ұзарту үшін объектілерді жаңғырту бойынша қосымша күрделі қаржы салымдарының сомасы ретінде болуы мүмкін.
      N – инвестициялардың рентабельділігі нормасы, оның мәні тәуекелсіз мөлшерлеменің деңгейінен төмен болмауы тиіс;
      Zai – инвестициялық тарифтің қолданыс мерзіміне түзу сызықты (біркелкі) әдіс бойынша есептелетін, і көрсетілетін қызметке жатқызылған жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдардың орташа жылдық амортизациялық аударымдары;
      t – концессиялық шарттың қолданылу мерзімі;
      Vсрі – і-көрсетілетін қызметтің орташа жылдық көлемі.
      30. Көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын және кіріс бөліктерінің жиыны концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) айқындайды.
      Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерінің немесе нақты шығыстарының болжанып отырғаннан ауытқуы кезінде концессиялық шартты қолдану мерзімі ішінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) мөлшерін өзгерту тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) қолдану мерзімінің жартысы өткен соң мүмкін болады.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
3-қосымша          

Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі,  «Концессия туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10561 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығымен бекітілген өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына сәйкес әзірленді.
      2. Әдістеме әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленген.
      3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      қолданылған активтер – әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
      концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
      активтердің қолданылу коэффициенті – табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын, олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендігін) сипаттайтын пайыздық мәніндегі көрсеткіш;
      қызметтерге жұмсалатын тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлы байланыстары бар шығындар, сондықтан тікелей және бір мәнді белгілі бір қызметке жатқызылады;
      қызмет бағыттары – белгілі бір қызмет көрсету процестерінің жиынтығы, олар қызметтер көрсетуге дербес, сол сияқты бір бірімен өзара байланыста да қатысады;
      концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, табиғи монополия саласындағы концессия субъектісі ұсынатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      тарифтің шығын бөлігі – тарифті және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы;
      концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
      концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
      Концессиялық жобалар ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін, олардың тізбесін Заңның 8-бабы 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына Заңның 1-бабы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды.
      концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің негізгі қағидаттары

      4. Осы Әдістемеге сәйкес тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің негізгі қағидаттары:
      көрсетілетін қызметтер сапасының мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес келуі;
      көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың ашықтығы;
      табиғи монополия субъектісінің жұмыс істеуі мен дамуы және салынған қаражатты қайтару үшін жеткілікті рентабельділік деңгейін тарифпен (бағамен, алым мөлшерлемесімен) қамтамасыз ету;
      көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердегі (бағалардағы, алымдар мөлшерлемелеріндегі) пайданың жол берілетін деңгейін қолданылған активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде нормалау;
      көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу кезінде пайдаланылатын өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің шынайылығы болып табылады.

3. Тарифтерді есептеу тетігі

      5. Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызмет) мынадай операциялар бойынша шығындарды қамтиды:
      ұшу-қону жолағын, рульдеу жолдарын, перрондарды ұсыну;
      әуеайлақты ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
      әуеайлақты жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
      авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
      әуежай маңында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
      әуе кемелерінің әуежайдан ұшуларының негізгі бағыттары бойынша аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну (әуежай атқаратын жағдайларда);
      келуіне диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (әуежай атқаратын жағдайларда);
      радиотехникалық қамтамасыз ету (әуежай атқаратын жағдайларда);
      метеорологиялық қамтамасыз ету (әуежай атқаратын жағдайларда);
      қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру.
      Әуе кемесінің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасының 1 тоннасы болып табылады.
      6. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызмет тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай бағыттар бойынша шығындардың есебін қамтиды:
      әуежайда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету;
      әуе кемелері тұрақтарының күзету;
      әуежайдың кіру шектелген аймақтарында орналасқан жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      кiру шектелген аймаққа өтетiн жолаушыларды, қол жүгiн, багаждарды, азаматтық авиация әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiн, авиациялық персоналды және өзге ұйымдардың қызметкерлерiн тексерiп қарау;
      әуе кемесін, жүктерді, пошта мен борт тамағын тексерiп қарау;
      заңсыз араласу актiлерiнiң жолын кесу жөнiндегi iс-қимылдарға әуежайдың күштерi мен құралдарын әзiрлiкте ұстау.
      Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасының 1 тоннасы болып табылады.
      7. Қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметке алым мөлшерлемесі әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағатына есептеледі.
      қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасының 1 тонна-сағаты болып табылады. Толық емес сағат бір сағат болып есептеледі.
      8. Базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметке алым мөлшерлемесі бір тәулік үшін белгіленеді. Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.
      Базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасының 1 тонна-сағаты болып табылады.
      9. Жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңды) беру жөнінде көрсетілетін қызметтің алым мөлшерлемесі жолаушыларды тіркеу үшін аэровокзал ғимаратында жұмыс орнын (алаңды) бергені үшін белгіленеді.
      Осы көрсетілетін қызметке арналған шығыстар аэровокзалды ұстау жөніндегі жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнының алаңына тепе-тең жатқызылады.
      Жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөнінде көрсетілетін кызметтің өлшем бірлігі жұмыс орнында қызмет көрсетудің бір минуты болып табылады.
      10. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне экономикалық негізделген тарифті (алым мөлшерлемесін) есептеу:
      көрсетілетін қызмет бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігінің есебінен;
      көрсетілетін қызмет бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің есебінен тұрады және мынадай формула бойынша есептеледі:
                            Д = Тз + Р,
      мұндағы:
      Д – концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
      Тз – тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі (концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне келетін нормативтік нақты шығындар);
      Р – тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі (концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне келетін пайданың жол берілетін деңгейі).

4. Көрсетілетін қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар
мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастыру

      11. Концессия субъектісінің тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығынды бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу және концессия субъектісі шығыстарының деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
      12. Шығынды бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі – материалдық ресурстар) шығысының техникалық және технологиялық нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алудың нәтижесі бойынша белгіленген материалдық ресурстар бағаларына сүйене отырып айқындалады.
      13. Аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік көрсетілетін қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының шығыстары бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын өндірістік сипаттағы басқа да көрсетілетін қызметтер тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
      14. Мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иеленуге және пайдалануға беру кезінде концессия субъектісі ағымдағы мен күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын қаражат уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
      15. Концессия шартының негізінде жаңа объектілерді салу және пайдалану кезінде концессия субъектісінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын және концессия шартын іске асыру кезінде салынған ақшалай қаражатты қайтару көзінің бірі болып табылатын амортизациялық аударымдар мен концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты шығыстар концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті қалыптастыру кезінде ескеріледі.
      16. Кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдарға арналған шығыстар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлемелерге, тәртіпке және ақы төлеу шарттарына сәйкес айқындалады.
      17. Тарифтің шығынды бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, концессия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтің шығынды бөлігін азайтуда ескеріледі.
      18. Кезең шығыстарында заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессия субъектісінің концессиялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражатына сыйақыны төлеу шығыстары ескеріледі.
      Концессиялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселік ресми мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
      Концессиялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарықтың қайта қаржыландырудың 4 еселік мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, тарифтің шығынды бөлігінің кезеңдік шығыстарында ескеріледі.
      Қазақстан Республикасының қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі концессия субъектісі тарифті және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берген күніне қолданылады.
      19. Концессия субъектісінің тарифтері мен тарифтік сметаларын қалыптастыру және бекіту кезінде мынадай шығыстар ескерілмейді:
      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, қоймалардағы тауар-материалдық құндылықтар мен қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігі, басқа өнімді емес шығыстар мен ысыраптар;
      реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары:
      реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық процесте пайдаланылатын, сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;
      ластандырушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;
      сот шығындары;
      үмітсіз борыштар;
      шаруашылық шарттарды бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сондай-ақ кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      ұрлаудан болған залалдар;
      ақаудан болған ысыраптар;
      концессия шартында көзделгеннен басқа, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау (денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, технологиялық қажеттіден басқа кәсіптік-техникалық училищелер (технологиялық қажеттен басқа), сауықтыру лагерьлері, мәдениет пен спорт, тұрғын үй қорының объектілері);
      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізу (демалыс кештерін өткізу, спектакльдерді, концерттерді қою);
      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін және үй шаруашылығын жинауға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
      бау-бақша серіктестіктерін абаттандыру (оның ішінде жолдардың құрылысы, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);
      ғылым мен өнер қайраткерлерімен дәрістер, көрмелер, диспуттар, кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізу және ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналар;
      бұралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімді қоспағанда, жарнамалық, плакат пен баспа өнімдерін шығару;
      концессия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды, жатақханаларда және қонақ үйлерінде орындарды сатып алу, жалдау және ұстау;
      қаланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығына көмек көрсету және осыған ұқсас басқа да жұмыстар;
      білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеу;
      кәсіптік ауруларды оңалтуға байланысты шығындарды қоспағанда, концессия субъектісі қаражатының есебінен қызметкерлердің және олардың балаларының емделуіне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеу;
      өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеу;
      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындар өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);
      қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамадан көзделгеннен тыс) ақы төлеу, қызметкердің отбасы мүшелерінің демалысты пайдалану орнына және қайтып келуіне ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсету;
      концессия субъектісінің қызметкерлеріне заңнамада көзделгеннен басқа жеңілдіктер (қызметкерлерге тамақтануды тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына абонементтерге, секцияларда, клубтарда шұғылдануға ақы төлеу, протездеу);
      мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлеріндегі балаларды тамақтандыру құнын өтеу;
      ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға аударымдар;
      өндірісті өнертапқыштық пен ұтымды етуге байланысты: тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды жүргізу, өнертапқыштық және жұмысты ұтымды ету ұсыныстары бойынша модельдер мен үлгілер жасау және сынау (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуде қолданылатын және экономикалық тиімділігі бар жұмыстарды қоспағанда), өнертапқыштық және жұмысты ұтымды ету бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, авторлық сыйақыларды төлеу;
      реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге тікелей жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және басқа да құжаттар) расталмаған және тарифтердің өсуіне алып келетін шығыстардың басқа да түрлері.
      20. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды бөле отырып жалпы кәсіпорын бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде әуежайдың өндірістік шығындарын айқындау;
      2) әуежайдың көмекші қызметтерінің шығындарын бөлу;
      3) кезең шығыстарын бөлу;
      4) концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды жабуды қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас бөлігін көрсете отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау;
      21. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау шығыстарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдарға жұмсалатын шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жүргізу шығыстарынан, арнаулы автокөлік техникасын ұстау және қызмет көрсету шығыстарынан, амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстау мен пайдалану шығыстарынан, концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды бөле отырып, материалдар, энергия және отын шығындарынан тұрады.
      22. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші қызметтерінің шығыстарын бөлу жүргізіледі. Соңғы өнімді шығармайтын құрылымдық бөлімшелердің өндірістік шығындарын соңғы өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер тұтынған қызметтердің санына тепе-тең қайта бөлінеді.
      Көмекші қызметтердің шығындарын қайта бөлу көзі әрбір құрылымдық бөлімшеге әуежайдың көмекші қызметінің басшысы қалыптастырған көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпарат (тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу үшін базаға алынған кезең ішіндегі) болады. Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есепке алу аспаптарынан алынған көрсеткіштердің негізінде толтырылады және көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін бастапқы құжат болып табылады. Көмекші қызметтің басшысы берілген ақпараттың шынайлығы мен толықтығы үшін жеке жауапты болады.
      23. Көмекші қызметтердің ішкі көрсететін қызметтерінің шығыстарын бөлу:
      1) жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі, қызмет жұмысының бағыттары:
      әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі – ЖЖМ) және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушыларына көрсетілетін қызмет болып табылады;
      әуежайды автомобильдік жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі – авто ЖЖМ) қамтамасыз ету әуежайдың құрылымдық бөлімшелеріне көрсетілетін қызмет болып табылады.
      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ-ды жеткізуге, сақтауға және сатып алуға арналған шығындарды, авто ЖЖМ-мен әуежайдың қызметтерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штаттың жалақысын, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарын, авто ЖЖМ-ды сақтау және бөлу үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың материалдық шығындарын, амортизациялық аударымдарын қамтиды.
      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметтерінің арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның мөлшеріне тепе-тең бөлінеді.
      Авто ЖЖМ-ның жұмсалуы туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы үшін жанар-жағар май материалдары қызметінің басшысы әуежайдың құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде авто ЖЖМ-ды тұтыну есебін жүргізеді, бұл көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды әуежай қызметтерінің арасында қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
      2) Жылумен техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі – ЖжСТҚ), қызмет бағыттары:
      әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету;
      әуежайды жылумен қамтамасыз ету.
      Әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметтерін сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің өндірістік персоналына еңбек ақы төлеу шығындарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдық шығындардан, әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің негізгі өндірістік қорларының амортизациялық аударымдарынан, басқа шығындардан тұрады.
      Осы бағыт бойынша қалыптастырылған шығыстар тұтынылған судың көлеміне тепе-тең бөлінеді.
      Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстарды, еңбекақы қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайдың жылумен қамтамасыз ету процесіне тікелей қатысатын негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын қамтиды.
      Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытылатын ғимараттың алаңына тепе-тең бөлінеді.
      Көрсетілген қызмет бағыттарының арасындағы бөлінбеген ЖжСТҚ қызметінің шығыстары қосымша шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.
      ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған судың және кәріздік сарқынды сулардың, жылудың саны туралы ақпараты шығыстарды бөлу жөнінде есеп айырысу үшін негіз болып табылады.
      3) Ұшуларды энергиямен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету (ҰЭЖТҚ) қызметі, қызмет бағыттары:
      ұшу-қону жолақтарын энергиямен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
      әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.
      Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардан, еңбекақы қорының аударымдарынан, әуежайды электр энергиясымен қамтамасыз етуге тікелей байланысты материалдық шығындардан амортизациямен және өзге де шығыстардан тұрады. Шығыстар тұтынылған электр энергиясы санының көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы ақпараттың көзі қызмет басшысының ай сайынғы есептері болып табылады.
      Көрсетілген бағыттардың арасындағы бөлінбеген шығыстар қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының арасында тепе-тең бөлінеді.
      4) Арнайы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі – АКҚ) мынадай қызмет бағыттары бойынша бөлінеді:
      әуеайлақ қызметін көлікпен сүйемелдеу. Қызметі ұшу-қону жолақтарын, жерде жүру жолдары мен перрондарды ұстаумен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде әуеайлақ қызметіне жатады;
      авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметті (бұдан әрі – АҚӨҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде АҚӨҚҚ қызметіне бөлінеді;
      әуеайлақ диспетчерлік қызмет көрсетуді (бұдан әрі – ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуеайлақ диспетчерлік қызметпен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;
      жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі – ЖҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына(нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖҚҚ қызметіне бөлінеді;
      жүктерге, поштаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі – ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жүктерді, қол жүктерін ӘК бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖПҚҚ қызметіне бөлінеді;
      жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті (бұдан әрі – ЖЖМҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ және басқа сұйықтықтар құюға тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде авиа ЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді. Қызметі авто ЖЖМ жеткізу мен бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемде авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етудің ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді.
      авиациялық қауіпсіздік қызметін (бұдан әрі – АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде АҚҚ қызметіне бөлінеді;
      ұшуларды электрмен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі – ҰЭЖТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ҰЭЖТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ҰЭЖТҚ қызметіне бөлінеді;
      жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі – ЖжСТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ЖжСТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖжСТҚ қызметіне бөлінеді;
      инженерлік-авиациялық қызметті (бұдан әрі – ИАҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ИАҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ИАҚ қызметіне бөлінеді;
      әкімшілік-басқару персоналын көліктік сүйемелдеу. Әкімшіліктің автокөлігін пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде әкімшілік шығыстарға жатады;
      жалпы пайдаланудағы көліктер. Жалпы мақсаттағы автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
      Осы бағыт бойынша шығыстар қызметтердің тікелей шығындарына тепе-тең бөлінеді.
      Арнайы автокөлік қызметтің көрсетілген бағыттары арасында бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан қызмет бағыттарының арасында тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.
      24. Қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде табиғи монополия субъектісінің кезең шығыстары бөлінеді. Кезең шығыстары мынадай көрсеткіштерге тепе-тең бөлінеді:
      жалпы шаруашылық шығыстар – табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;
      салықтар мен алымдар (негізгі құралдарға байланысты) табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылатын активтердің қалдық құнына тепе-тең;
      банктерге сыйақы төлеуге арналған шығыстар – қызметтерді көрсету үшін кредит алынған ақша қаражатының оларға қатысу дәрежесі бойынша бөлінеді.
      25. Төртінші кезеңде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі анықталады.
      Әуеайлақ қызметінің шығыстары қызметтің екі бағытының арасында – ұшу-қону жолақтарын ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар алаңдарын ұстауға – тепе-тең бөлінеді.
      Әуе кемесінің ұшуын-қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі осы қызметті көрсетуге арналған шығындарды көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады.
      Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар – бұл мынадай шығыстар жиынтығы:
      негізгі құрылымдық бөлімшелер – әуеайлық қызметінің қызмет бағыты ұшу-қону жолақтарын ұстау, АҚӨҚҚ, ӘДҚ, ҰЭЖТҚ қызметінің бағыты бағыты ұшу-қону жолақтарын жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
      көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;
      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.
      Осы көрсетілетін қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі;
      авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – осы қызметті көрсетуге арналған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады.
      Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар – бұл шығыстар жиынтығы:
      АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелері;
      аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;
      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.
      қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін жүк тасымалдайтын және 6 жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша шығыс бөлігін анықтау:
      әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақ қызметінің шығыстары екі көрсетілетін қызмет арасындағы бағыт бойынша – қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге осы көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең бөлінеді;
      аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;
      осы қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары. Тарифтің шығыс бөлігі концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты, шығыстарды жабуды қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдасы көрсетіліп есептелуге тиіс.

5. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін
қалыптастыру

      26. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесіне сәйкес келісілген Қазіргі және салынып жатқан негізгі құралдар Табиғи монополиялар субъектісінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесіне сәйкес көрсетілетін қызметтерге (оның ішінде реттелмегендерге) бөлінеді.
      27. і реттеліп көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі мынадай формула бойынша анықталады:
                             Pi = P1i + P2i
      мұндағы,
      P1i – i реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдарға қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің құрамдас бөлігі;
      P2i – i реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған, жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдарға жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің құрамдас бөлігі.
      28. Әуежайлар көрсететін қызметтердің і-реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) жатқызылған, қазіргі негізгі құралдарға қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің құрамдас бөлігінің есебі мынадай формула бойынша айқындалады:
                         P1i = Аi * СП,
      мұндағы,
      P1i – i реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдарға қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің құрамдас бөлігі, (теңге)
      Аi – көрсентілетін қызметтерден і-й қызметін көрсетуге қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтердің реттелетін базасы (тенге),
      СП – пайда мөлшерлемесі (%).
      Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтердің реттелетін базасы і-қызметін көрсетуде қолданысқа енгізілген активтердің нақты құнының қолданысқа енгізілген активтердің коэффициентіне көбейтіндісі ретінде мынадай формула бойынша анықталады:
                            Аi=CAi*Кза,
      мұндағы,
      САі – і-й реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге қолданыстағы жұмыс істейтін активтердің нақты құны, (тенге),
      Кза – жұмыс істейтін активтердің қолданыстағы коэффициенті.
      Жұмыс істейтін активтердің қолданыстағы коэффициенті әуежайдың қазіргі негізгі құралдарымен көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің (алдыңғы төрт тоқсан үшін немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) олардың өндірістік қуатына арақатынасы ретінде айқындалады.
      Жұмыс істейтін активтердің нақты құны конкурстық негізде таңдалған тәуелсіз бағалаушылардың табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін қайта бағалауы нәтижесінде алынған, көрсетілетін қызметтерді өндіру және ұсыну кезінде пайдаланылатын, олардың қалдық құнының негізінде айқындалады.
      29. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құны әдістемесінің көмегімен (бұдан әрі – КОӨҚ) есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:
                 СП (КОӨҚ) = ((1 – g) * re)+(g * rd),
      мұндағы,
      g – леверидж, жалпы қаржыландыру құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және өз капиталының арақатынасын сипаттайтын шама, яғни қолдағы бар негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, бүкіл капиталдың құрылымындағы нақты қарызға алынған қаражаттың үлесі (өз және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі кемінде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің өз капиталының теріс мәні болған жағдайда, леверидждің деңгейі 1-ге тең шамасында қабылданады;
      re – меншік капиталына сыйақы мөлшерлемесі (%);
      rd – қарыз қаражаттарына сыйақы мөлшерлемесі (%).
      Қарыз қаражаттарына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
                          Rd = rf + ДП,
      мұндағы,
      мұндағы rf – тәуекелсіз мөлшерлеме, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады;
      ДП – егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, табиғи монополия субъектісі шығарған және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымда болатын борыштық міндеттемелерге сыйлықақы негізінде айқындалатын табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Өзге жағдайда, ол көрсетілетін қызметтің осындай түрімен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтингісі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекелі үшін борыштық сыйлықақыларды ескере отырып айқындалады.
      Меншік капиталына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша белгіленеді:
                          Re = rf + ra,
      мұндағы,
      ra – тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
      Әуежайдың өндірістік құзыретіне байланысы жоқ себептер бойынша болған технологиялық авариялардан болған кіріс ысырабын жабу үшін өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел көзделген кірісті, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдерге салалардың тап болу дәрежесін көрсетеді.
      Осы көрсеткіштің есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сәйкес белгіленген меншік капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
                          rmex = Za/Ce,
      мұндағы,
      Za – бір жыл ішінде орташа есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған шығындар.
      Авариялар саны бойынша деректер болмаған және авариялар болатындығын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелдерді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін саралау шәкілін пайдалану ұсынылады:
      Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шәкілі


Тозу дәрежесі %

30% дейін

30 - 40%

40 - 50%

50% жоғары

Өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні (rmex)

0,3

0,5

0,75

1

      Жұмыс көлемдерінің төмендеуінен болған кіріс ысырабын жабу үшін операциялық тәуекел (rop) мынадай формула бойынша айқындалады (жұмыс көлемдері ұлғайған жағдайда, бұл тәуекел қолданылмайды):
                rop=0.5*(V–Znep)*rop=0.5(V–Znep)*V/V,
      мұндағы,
      V – есепті кезеңде осы көрсетілетін қызметтен түскен түсім (кіріс),
      Znep – есепті кезеңдегі ауыспалы шығындар (көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты) немесе і көрсетілетін қызметке болжанып отырған мән,
      V – і көрсетілетін қызметтен болжанып отырған жылдағы кірістің өзгеруі,
      | – көрсетілетін қызмет пайдасының төмендеу деңгейі,
      Ce – көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.
      Операциялық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
      Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының ысырабы ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfin), мынадай формула бойынша айқындалады:
                   |=0.5*V/V*(V–Znep) баз,
      мұндағы,
      Н – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
                     rfin= баз*(1–H)*|/Ce,
      мұндағы,
       баз – кәсіпорынның есепті жыл ішіндегі жалпы кірісі.
      Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
      Жарғылық капиталға сыйақының құны қарыз қаражаттарына сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.
      30. Концессия шартының негізінде концессияға берілетін жаңа (салынып жатқан, жаңғыртылатын) негізгі құралдарына жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігінің есебі і-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) мынадай формула бойынша анықталады:
                    
      мұндағы,
      IEi – Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес і - көрсетілетін қызмет үшін жобаның өтелуі кезеңінде (концессиялық өтінімге жататын құжаттар пакетін әзірлеу бойынша консалтингтік көрсетілетін қызметтер, қаржы институттарының жобасын сараптау және басқалары) инвестицияларды тарту бойынша шығындары;
      ICi – і көрсетілетін қызметке жатқызылған концессиялық жобаны іске асыруға бағытталған күрделі қаржы салымдарының сомасы (концессиялық жобаның құны), бұл ретте қайта салынып жатқан концессия объектілерін пайдалануға енгізу бойынша концессиялық жобаның алғашқы құнының және негізгі құралдарды пайдалану мерзімін ұзарту үшін объектілерді жаңғырту бойынша қосымша күрделі қаржы салымдарының сомасы ретінде болуы мүмкін.
      N – қолданысқа енгізілген активтер базасының негізінде есептелген инвестициялар рентабельділігінің нормасы – уәкілетті органмен келісілген мөлшерлеме, оның мәні тәуекелсіз мөлшерлеменің деңгейінен төмен болмауға тиісті;
      Zai – инвестициялық тарифтің қолданыс мерзіміне тік желілік (біркелкі) әдіс бойынша есептелетін, і көрсетілетін қызметке жатқызылған жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдардың орташа жылдық амортизациялық аударымдары;
      t – концессиялық шарттың қолданылу мерзімі;
      Vcpi – і көрсетілетін қызметтің орташа жылдық көлемі.
      31. Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерінің немесе нақты шығыстарының болжанып отырғаннан ауытқуы кезінде концессиялық шартты қолдану мерзімі ішінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) мөлшерін өзгерту тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) қолдану мерзімінің жартысы өткен соң мүмкін болады. Сондай-ақ тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) мөлшерін өзгерту Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген жағдайда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
4-қосымша          

Әуежайлардың реттелетіп көрсетілетін қызметтеріне сапалық
сипаттамаларды ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайлардың реттелетіп көрсетілетін қызметтеріне сапалық сипаттамаларды ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716 тіркелген) сәйкес әзірленген.
      2. Әдіснама әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
      3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қолданыстағы активтер – әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын әуежайдың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері;
      2) көрсетілетін қызмет сапасы – мемлекеттік органдар өз кұзыреті шегінде белгілеген қызметтің техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамаларының жиынтығы, олар арқылы ұсынылатын көрсетілетін қызмет тұтынушы талаптарына жауап береді.
      3) активтердің қолданылу енгізу коэффициенті – табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі кұралдарын олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендігін) сипаттайтын пайыздық мәндегі көрсеткіш;
      4) көрсетілетін қызметтерге арналған тікелей шығындар – белгілі бір көрсетілетін қызметпен тікелей себеп – салдары бар шығындар, сондықтан белгілі бір көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатады;
      5) көрсетілетін қызмет бағыты – бір-бірімен дербес, сол сияқты өзара іс-қимыл жасап қызметтер көрсетуге қатысатын белгілі бір қызмет көрсету процестерінің жиынтығы;
      6) көрсетілетін қызметтер – табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің негізгі қағидаттары

      4. Осы Әдістемеге сәйкес тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің негізгі қағидаттары мыналар:
      1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген талаптарға көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігі;
      2) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың ашықтығы;
      3) табиғи монополия субъектісін қалыптастыру және дамыту үшін жеткілікті рентабельділік деңгейін тарифпен (бағамен, алым мөлшерлемесімен) қамтамасыз ету;
      4) қолданыстағы активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердегі (бағалардағы, алымдар мөлшерлемелеріндегі) пайданың жол берілетін деңгейін нормалау;
      5) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеген кезде пайдаланылатын өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің шынайылығы болып табылады.

3. Тарифтерді есептеу тетігі

      5. Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша қызмет) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) мына:
      1) ұшу-қону жолын, тұтқалық жолағын, перрондарды ұсыну;
      2) әуеайлақты ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
      3) әуеайлақты жарықтехникалық қамтамасыз ету;
      4) авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
      5) әуежай ауданында ұшулардың қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
      6) әуежайдан әуе кемелері ұшуларының негізгі бағыттары бойынша (әуежай орындаған жағдайларда ғана) аэронавигациялық ақпаратқа және аэронавигациялық жағдайға жедел өзгерістер ұсыну;
      7) келуіне диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);
      8) радиотехникалық қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);
      9) метеорологиялық қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);
      10) қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (почта) болған кезде әуе кемелері қонғаннан кейін жолаушыларға арналған сертификатталған түрлері үшін жолаушылар және жүк және 6 жүк жолаушылар үшін 3 сағат бойы әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру операциялары бойынша шығындар есебін қамтиды.
      Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасы 1 тонна болып табылады.
      6. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) (бұдан әрі – авиациялдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі) мына операциялар бойынша шығындар есебін қамтиды:
      1) әуежайда өткізу және объектіішілік режимді қамтамасыз ету;
      2) әуе кемелері тұрағын күзету;
      3) әуежайдың кіруі шектелген аймақтарында орналасқан жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) жолаушыларды, қол жүгін, багажды, азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды және кіру шектелген аймақтарға кірген өзге ұйымдардың қызметкерлерін тексеру;
      5) әуе кемесін, жүктерді, поштаны және борттағамын тексеру;
      6) әуежайдың заңсыз араласу актілерінің жолын кесу іс-қимылдарына күші мен құралдарының дайындығын сақтау.
      Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы болып табылады.
      7. Қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметі үшін алым мөлшерлемесі әуе кемесінің тұрақты нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.
      Қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары массасының 1 тонна-сағаты болып табылады. Толық емес сағат 1 сағат болып есептеледі.
      8. Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін алым мөлшерлемесі бір тәулікке белгіленеді. Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.
      Базалық әуежайдан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тонна-сағаты болып табылады.
      Базалық әуежайда әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ішкі рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге және халықаралық рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге бөлу жағдайында, соңғысын үш сағаттан астам жүзеге асырған кезде ішкі тарифтерге белгіленген тариф қолданылады. Бұл ретте ұшу күніне халықаралық рейстерге қатысты тарифтер қолданылады.
      9. Жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған алым мөлшерлемесі жолаушыларды тіркеуге арналған аэровокзалдың ғимаратында жұмыс орнын (алаңын) беру үшін белгіленеді.
      Осы қызметке арналған шығыстар аэровокзалды ұстау жөнінде жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнының алаңына тепе-тең жатқызылады.
      Жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өлшем бірлігі жұмыс орнында қызмет көрсетудің бір минуты болып табылады.
      10. Әуеайлақтардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне арналған экономикалық жағынан негізделген тарифті (бағамы, алым мөлшерлемесін) есептеу мыналардан:
      1) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесі) шығынды бөлігін есептеуден;
      2) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін есептеуден тұрады және мынадай формула бойынша есептеледі:
                               Д = Тз + Р,
      мұндағы:
      Д – реттеліп көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
      Тз – тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін нормативтік нақты шығындар);
      Р – тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін пайданың жол берілген деңгейі).

4. Көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың,
алымдар мөлшерлемелерінің) шығын бөлігін қалыптастыру

      11. Көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар Ерекше тәртіпке сәйкес қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігіне енгізіледі.
      Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі:
      1) тұтастай кәсіпорын бойынша және барлық кұрылымдық бөлімшелер бөлінісінде әуежайдың өндірістік шығындарын айқындау;
      2) әуежайдың көмекші қызметтерін көрсету шығындарын бөлу;
      3) кезең шығыстарын бөлу;
      4) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігін айқындау кезеңдерінен тұрады.
      12. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау, еңбекақы төлеу қорынан аударым жасау жөніндегі шығыстардан, материалдарға арналған шығыстардан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шығыстардан, арнаулы автокөлік техникасын ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстардан, амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстауға және пайдалануға арналған шығыстардан, материалдарға, электр энергиясы мен отынға жұмсалатын шығындардан тұрады.
      13. Көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші қызметтерін көрсету шығыстарын бөлу жүргізіледі. Түпкілікті өнім шығармайтын өндірістік кұрылымдық бөлімшелердің шығындарын түпкілікті өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер көрсетудің тұтынылатын қызметтерінің санына тепе-тең қайта бөлу жүргізіледі.
      Әуежайдың көмекші қызметтердің басшысы қалыптастырған тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу үшін базаға қабылданған кезең ішінде әрбір құрылымдық бөлімшеге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпарат көмекші қызметтер көрсетудің шығынын қайта бөлу көзі болып табылады. Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есепке алу аспаптарынан алынған көрсеткіштердің негізінде толтырылады және Көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін бастапқы кұжат болып табылады. Көмекші қызметтің басшысы ұсынған ақпараттың дұрыстығы мен толықтығына дербес жауап береді.
      Көмекші қызметтер көрсететін ішкі қызметтердің шығыстарын бөлу:
      Қызметтің жұмыс істеу бағытының жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі:
      1) әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі – авиа ЖЖМ) және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушыларына көрсетілетін қызмет болып табылады;
      2) әуежайды автомобиль жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі – авто ЖЖМ) қамтамасыз ету әуежайдың құрылымдық бөлімшелеріне көрсетілетін ішкі қызмет болып табылады.
      Әуежайдың авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ жеткізіп беру, сақтау және сатып алу, әуежайдың қызметтерін авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штат жалақысының шығындарын, еңбекке ақы төлеу қорынан жасалатын аударымдарды, материалдық шығындарды, авто ЖЖМ-ды сақтау мен бөлуге қажетті негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын қамтиды.
      Қызметтің көрсетілген бағыттар арасында бөлінбеген шығыстары үстеме шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығыстарға тепе-тең бөлінеді.
      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайдың қызметтері арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның санына тепе-тең бөлінеді.
      Авто ЖЖМ-ды жұмсау туралы ақпараттың толық және дұрыс болуы үшін, жанар-жағар май материалдар қызметінің басшысы авто ЖЖМ-ды әуежайдың кұрылымдық бөлімшелерінің бөлінісінде тұтынуды есепке алуды жүргізеді, әуежай қызметтерінің арасында көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
      Жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін көрсету (бұдан әрі – ЖжСТҚ), қызмет бағыттары:
      1) әуежайды су – кәріздік қамтамасыз ету;
      2) әуежайды жылумен жабдықтау.
      Әуежайды су және кәріздік қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар қызметінің су-кәріздік қамтамасыз етумен тікелей байланысты қызметтің өндірістік персоналға еңбеқақы төлеу шығындарын, еңбеқақы төлеу қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайды су және кәріздік қамтамасыз етумен тікелей байланысты қызметтің негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын, өзге де шығындарды қамтиды.
      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар судың тұтынылған көлемінің мөлшеріне тепе-тең бөлінеді.
      Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметі бағыты бойынша шығыстар өзіне әуежайды жылумен жабдықтауға тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбеқақысына арналған шығыстарды, әуежайды жылумен жабдықтау процесіне тікелей қатысатын еңбеқақы төлеу корынан аударымдарды, негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын қамтиды.
      Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытатын үй-жайдың көлеміне тепе-тең бөлінеді.
      Көрсетілген қызмет бағыттары арасында ЖжСТҚ қызметінің бөлінбеген шығыстары үстеме шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптастырылған тікелей шығыстарға тепе-тең бөлінеді.
      Шығыстарды бөлу жөніндегі есептерді жүргізу үшін негіз ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған су көлемі және кәріз ағыстары, жылыту туралы ақпараты болып табылады.
      Ұшуларды энергия-жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі – ҰЭЖТҚ), қызмет бағыттары:
      1) ұшу-қону жолағын жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
      2) әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.
      Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметі бағыттары бойынша шығыстар әуежайдың қызметтерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналға еңбеқақы төлеуге арналған шығыстарды, енбеқақы төлеу қорынан аударымдарды, әуежайды электр энергиясымен қамтамасыз етуге тікелей байланысты материалдық шығыстарды, амортизацияны және өзге де шығыстарды қамтиды. Шығыстар электр энергиясының тұтынылған мөлшерінің көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы ақпарат көзі қызмет басшысының ай сайынғы есептері болып табылады.
      Көрсетілген бағыттар бойынша қызметтің бөлінбеген шығыстары үстеме шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығыстарға тепе-тең бөлінеді.
      Арнаулы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі – АКҚ) мынадай қызмет бағыттары бойынша бөлінеді:
      1) әуеайлақ қызметін көлікпен сүйемелдеу. Қызметі ұшу-қону жолағын, бұру жолдарын және перрондарды ұстауға тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстарды өзіне қамтиды. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде әуеайлақ қызметіне жатады;
      2) авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі – АҚӨҚҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде АҚӨҚҚҚ қызметіне бөлінеді;
      3) әуеайлақ диспетчерлік қамтамасыз етуді (бұдан әрі – ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ӘДҚ қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптаскан шығыстар толық көлемде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;
      4) жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі – ЖКҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖКҚ қызметіне бөлінеді;
      5) жүкке, почтаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі – ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ӘК-нің бортына (нан) қол жүгін және ауыр жүкті жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖІІҚҚ қызметіне бөлінеді;
      6) жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті (бұдан әрі – ЖМҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ-мен және арнайы сұйықтықтармен толтыруға тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде автоЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖМҚҚ-нің қызмет бағыттарына бөлінеді. Қызметі автоЖЖМ-ді жеткізуге және бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойьшша шығыстар. Толық көлемде автоЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖМҚҚ-нің қызмет бағыттарына бөлінеді;
      7) авиациялық кауіпсіздік қызметін (бұдан әрі – АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуежай аумағын патрульдеуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау бойынша шығыстар толық көлемде АҚҚ-ға бөлінеді;
      8) ұшуларды электр-жарық беру техникасымен қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі – ҰЭЖТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ҰЭЖТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ҰЭЖТҚ қызметіне бөлінеді;
      9) жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі – ЖжСТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ЖжСТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖжСТҚ қызметіне бөлінеді;
      10) инженерлік-авиациялық қызметті (бұдан әрі – ИАҚ,) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ИАҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ИАҚ қызметіне бөлінеді;
      11) әкімшілік-басқару персоналын көліктік сүйемелдеу. Әкімшіліктің автокөлігін пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде әкімшілік шығыстарға жатады;
      12) жалпы пайдаланудағы көліктер. Ортақ мақсаттағы автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша шығыстар қызметтердің тікелей шығындарына тепе-тең бөлінеді.
      Арнайы автокөліктік қызметтің көрсетілген бағыттар арасында бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан қызмет бағыттарының арасында тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.
      14. Көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде табиғи монополия субъектінің кезеңдік шығыстары бөлінеді. Кезеңдік шығыстар мынадай көрсеткіштер бойынша тепе-тең бөлінеді:
      1) жалпы шаруашылық шығыстар – табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;
      2) салықтар мен алымдар (негізгі құралдарға байланысты) табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылатын активтердің қалдық құнына тепе-тең;
      3) банктерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар – көрсеткені үшін кредит алған қызметтерге ақша қаражатының қатысу дәрежесі бойынша бөлінеді.
      15. Төртінші кезеңде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі анықталады.
      Әуеайлақтық қызмет көрсету шығыстары қызметтің екі бағытының арасында – ұшу-қону жолақтарын ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар алаңдарын ұстауға – тепе-тең бөлінеді.
      Әуе кемесінің ұшуын-қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі осы қызметті көрсетуге жұмсалған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы айқындалады. Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар – бұл мынадай шығыстардың сомасы:
      1) АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелерінің табиғи монополия субъектісі қосымша авиациялық қызмет көрсеткен жағдайда, өткізілуі шектелген аймаққа өтетін бөгде ұйымдардың қызметкерлері мен көлік құралдарын тексеруге және рұқсатнамамен қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды қоспағандағы;
      2) көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;
      3) осы қызметке жатқызылған кезең шығыстары. Көрсетілетін қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі;
      авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – осы көрсетілетін қызметті көрсетуге жұмсалған шығындарды көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады. Осы көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі шығындар – бұл шығыс сомалары:
      1) негізгі құрылымдық бөлімшелер АҚҚ, ДҚ;
      2) аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызмет көрсету шығыстары;
      3) осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.
      Әуеайлақта әуе кемесіне жолаушылар ұшағы үшін қонғаннан кейін әуежайға қонғанда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктері (почталары) болған жағдайда 6 жүк және жүкжолаушылар әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөніндегі және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша шығыс бөлігін анықтау:
      1) әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақ қызметінің шығыстары екі көрсетілетін қызмет арасында – жолаушылар ұшағы үшін қонғаннан кейін әуежайға қонғанда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктері (почталары) болған жағдайда әуе кемелерінің жүк және 6 жүкжолаушылар тиелген сертификатталған түрлері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөніндегі және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөніндегі бағыт бойынша көрсетілетін қызметтер арасында осы көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең бөлінеді;
      2) аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;
      3) осы көрсетілетін қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары.

5. Көрсетілетін қызметтерге тарифке (бағаға, алым
мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру

      16. Көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайда қолданыстағы активтер кұнының және қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде айқындалады:
                                Р=А*СП,
      мұндағы:
      Р – реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша пайда, (теңге).
      А – көрсетілетін қызметтердің біреуін көрсетуге қолданыстағы активтердің реттелетін базасы, (теңге),
      СП – пайда мөлшерлемесі (%).
      Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша реттелетін базасы қызметті көрсетуге қолданысқа енгізілген активтерді нақты құнының активтердің қолданысқа енгізілу кооффициентіне көбейтіндісі ретінде, мынадай формула бойынша анықталады:
                             А = С А * Кза,
      мұндағы:
      СА – реттеліп көрсетілетін қызметтерді (операцияларды) көрсетуге қолданыстағы активтердің нақты кұны, (теңге),
      Кза – қолданысқа енгізілген активтердің коэффициенті.
      Қолданыстағы активтердің коэффициенті олардың өндірістік қуаттылығына әуежайдың негізгі кұралдары көрсететін қызметтердің нақты көлемінің (өткен төрт тоқсанның ішінде немесе осының алдындағы күнтізбелік жыл үшін) арасалмағы ретінде айқындалады.
      Активтердің нақты құны қызметтерді өндіру мен ұсыну кезінде пайдаланылатын, конкурстық негізде іріктелген тәуелсіз бағалаушылар қайта бағалау нәтижесінде алынған табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің қалдық кұнының негізінде айқындалады.
      17. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі орташа өлшенген капитал кұны әдісі (бұдан әрі – ОӨКҚ) арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша анықталады:
                  СП (СВСК) = ((1 – g) * re) + (g * rd),
      мұндағы:
      g – леверидж, жалпы қаржыландыру құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және өзінің капиталын сипаттайтын шама, яғни негізгі кұралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, бүкіл капиталдың кұрылымындағы нақты қарыз алынған каражаттың үлесі (өзінің және қарыз қаражатының қосындысы). Леверидждің деңгейі кемінде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің өз капиталының теріс нысаны болған жағдайда леверидждің деңгейі 1 тең шамада кабылданады;
      re – өз капиталына сыйақы мөлшерлемесі (%);
      rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).
      Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады.
                            Rd = rf + ДП,
      мұндағы,
      rf – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданатын тәуекелсіз мөлшерлеме.
      ДП – егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, борыштық міндеттемелерге арналған сыйақының негізінде анықталған, мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты оларға шығарылған және айналымның сол мерзімінде айналымда жатқан табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін борыштық сыйақы. Өзге жағдайда, ол қызметтің ұқсас түрімен айнылысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекеліне арналған борыштық сыйақылар ескеріле отырып, айқындалады.
      Меншік капиталына арналған сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
                           Re = rf + ra,
      мұндағы,
      ra – тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге арналған сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
      Әуежайдың өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептермен болған технологиялық авариялардан болған табыстың ысырабын жабуға арналған өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел саланың, олар көзделген табыстың, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қордың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдерге ұшырау дәрежесін көрсетеді.
      Осы көрсеткішті есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленген меншік капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
                           rmex = Za/Ce,
      мұндағы,
      Za – бір жыл ішінде орта есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған шығындар.
      Авариялардың саны бойынша деректер болмаған және авариялардың болу ықтималдығын анықтау мүмкін болмаған кезде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін ранжирлеу шәкілін пайдалану ұсынылады:
      Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шәкілін:


Тозу дәрежесі %

30% дейін

30 - 40%

40 - 50%

50% жоғары

Өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні (rmex)

0,3

0,5

0,75

1

      (rop) Жұмыстардың көлемін төмендетуден алынған табыстың ысырабын жабуға арналған операциялық тәуекелдер (жұмыстардың көлемдері ұлғайған жағдайда осы тәуекел қолданылмайды) мынадай формула бойынша анықталады:
             rop = 0.5*(V – Znep)*rop = 0.5(V–Znep)*V/V,
      мұндағы,
      V – есепті кезең ішіндегі осы көрсетілетін қызметтерден алынған пайда (табыс),
      Znep – есепті кезең ішіндегі ауыспалы (қызметтердің көлеміне қарай) шығындар немесе і-й көрсетілетін қызметіне болжамдалған мән,
      V – болжамдалған жыл ішінде і-қызметінен алынған табыстың өзгеруі,
      | – қызмет көрсетілетін пайдасының түсу деңгейі,
      Ce – көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.
      Операциялық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.
      Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының ысырабы ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfin), мынадай формула бойынша анықталады:
                   | = 0.5*V/V*(V – Znep) баз,
      мұндағы,
      Н – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
                     rfin= баз*(1–H)*|/Ce,
      мұндағы,
       баз – кәсіпорынның есепті жыл ішіндегі жалпы табысы.
      Қаржылық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.
      Акционерлік капиталға арналған сыйақының құны борыштық қаражатқа арналған сыйақы құнынан кем емес шама болып табылады.

6. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің ) кіріс бөлігінің
деңгейіне әсер ететін қосымша коэффициенттер

      18. Әуежайларда сапа жүйесінің қызмет етуі кәсіпорынның әуежайлық көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру саласындағы саясатын іске асыруға бағыталған.
      Әуежай реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапа жүйесі (ИСО 9000-2001) бойынша алған сапа сертификаты реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 10%-ға арттыруға көтермелейді.
      19. Көрсетілетін қызметтердің сапалық көрсеткіштері ұлғайған жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін ұлғайту жүргізіледі:
      1) табиғи монополия субъектісінің еңбек өнімділігі коэффициентін 10%-ға ұлғайтқан сайын көрсетілетін қызмет тарифінің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 1%-ға ұлғайту жүргізіледі;
      2) қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын негізгі кұралдар мен материалдық емес активтерді жаңарту коэффициенті 10%-ға ұлғайтылған сайын көрсетілетін қызмет тарифінің (бағанын, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 1%-ға ұлғаяды;.
      20. Көрсетілетін қызметтердің сапалык көрсеткіштері төмендеген жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін бір көрсетілетін қызмет бірлігіне төмендету жүргізіледі:

Әуежайдың сапалық көрсеткіштері

Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің төмендеу пайызы

Еңбек өнімділігі коэффициентінің әрбір 10%-дық төмендеуі

1%

Негізгі кұралдарды жаңарту коэффициентінің әрбір 10%-дық төмендеуі

1%

Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің біржолғы кідірісі

2%

Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің қайталанған кідірісі

5%

Әуежайдың кінәсі бойынша авиациялық оқиғаға алғышарт

7%

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
5-қосымша          

Табиғи монополия субъектілері көрсететін аэронавигацияның
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация саласында қызметтер көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленген.
      2. Осы Әдістеме табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация саласында көрсететін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, реттелетін аэронавигация қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу қағидаттары мен тетігін айқындайды.
      3. Осы Әдістеме құзыретті орган аэронавигациялық қызмет көрсету сапасының төмендеуі – аэронавигациялық қызмет көрсету қасиеттерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі және (немесе) аэронавигациялық ұйымының кінәсінен инцидент туындау фактісін анықтаған жағдайда ғана қолданылады.
      4. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысын ұйымдастыру, байланыс жүйесі, навигация және бақылау, аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету, іздестіру және құтқару, аэронавигациялық ақпарат қызметі (табиғи монополиялар субъектелері аэронавигация қызметтері саласында көрсететін қызметтер);
      ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (Internatonal Civil Aviation Organization);
      инцидент – әуе кемесін пайдалануға байланысты авиациялық оқиғадан басқа ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін кез келген оқиға;
      сапа – құзыретті және уәкілетті органдар, ИКАО белгілеген талаптарға қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету сипаттамаларын жиынтық бағалау;
      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      аэронавигациялық қызмет көрсетудің ерекшеліктері – аэронавигациялық қызмет көрсету сапасының құрамдас бөлігі болатын аэронавигациялық қызмет көрсету элементтерінің ерекшеліктері (сипаттары);
      табиғи монополия салаларындағы және реттелетін нарықтардағы уәкілетті орган– табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Уәкілетті орган ведомствосы – табиғи монополия салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы.
      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      5. Табиғи монополия субъектілерінің аэронавигация қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) есептері мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
      1) ИКАО белгілеген талаптарға (стандарттарға) қатысты, сондай-ақ құзырлы және уәкілетті органдардың құзыретіне жататын талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің сәйкессіздік дәрежесін бағалау;
      2) Табиғи монополия субъектілері аэронавигацияның көрсетілетін қызметі саласындағы көрсететін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің белгіленген талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің сәйкессіздік дәрежесіне байланысы;
      3) Табиғи монополия субъектілерінің аэронавигация қызметі саласындағы көрсететін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) белгіленген талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсетілген тұтынушыға қолдану.
      6. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметтері саласында көрсететін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын төмендету фактілерін құзырлы орган Норматитвік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 тіркелген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес инциденттер үшін белгілейді.

2. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін
көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық
сипаттамалары төмендеген кезде тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу

      7. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары төмендеген жағдайда реттеліп көрсетілетін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) пайда үлесі азайтылады.
      8. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация көрсететін қызметтер саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары төмендеген жағдайда аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай формула бойынша анықталады:
                        Ткі = Tі – (l – К)*Рi
      мұндағы:
      Тki – аэронавигация қызметінің сапалық сипаттамасын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
      Tі – уәкілетті орган бекіткен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
      К – уәкілетті орган бекітетін, реттелетіп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың мөлшеріне азайту коэффициенті;
      Pі – уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі), пайданың мөлшері.
      9. Реттелетіп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың мөлшеріне азайту коэффициенті К былайша анықталады:

Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларының дәрежесін бағалау (аэронавигациялық қызмет көрсетудің сапасы)

Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың шамасына төмендету коэффициенті, К

Инциденттің туындауына алып келмеген аэронавигациялық қызмет ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

1-ден 0,75-ке дейін

Ұшу қауіпсіздігіне әсер ентуі мүмкін оқиғаның туындауына алып келген аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

0,75-ден 0,5-ке дейін

Ұшу қауіпсіздігіне әсер еткен оқиғаның туындауына алып келген аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

0,5-тен 0,1 –ге дейін

3. Қорытынды ережелер

      10. Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметі сапасының төмендегенін өтеу мақсатында осы Әдістемеде есептелген тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) негізінде аэронавигация қызметінің сапасын ескере отырып, төлемге кайта есептеу жүргізіледі.
      11. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігін аудару нормативі аэронавигациялық қызмет көрсету сапасын ескере отырып аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қолданылады.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
6-қосымша          

Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
      2. Осы Әдістеме кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есепке алу деректерінің және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО)-Document 9161-AT/724 – «Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектілері бойынша басшылық» әдістемелік ұсынымдарының негізінде аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) есептеудің қағидаттары мен тетігін айқындайды.
      3. Осы Әдістеме осы қызметтерді көрсететін аэронавигация мен
ТМС–ның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар арасындағы мүдделер теңгерімі негізінде аэронавигация саласындағы ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) негізді деңгейін және тариф белгілеу тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.
      4. Осы Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар:
      1) Кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін ТМС-ді жүргізудің негізінде аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуге жұмсалған экономикалық негізделген шығындарын өтеу;
      2) ТМС-ның аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуі бойынша оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алуы;
      3) ТМС-ның аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) есебінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      ортодромия – үлкен дөңгелек доғасын бейнелейтін және әртүрлі бұрыштарда меридианды қиып өтетін жер шары бетіндегі екі нүкте арасындағы қысқа арақашықтық желісі;
      қолданыстағы активтердің реттелетін базасы (ҚЕАРБ) – аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуі кезінде пайдаланылатын есептік кезеңнің соңына ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмасы ретінде есептелетін) жиынтық құны;
      аэронагигация көрсететін қызметтер – әуе қозғалысын ұйымдастыру, байланыс жүйесі, навигация және қадағалау, аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету, іздеу және құтқару, аэронавигациялық ақпарат қызметі;
      уәкілетті орган – табиғи монополия салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      6. Осы Әдістеме аэронавигацияның мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеуге арналған:
      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын шетел авиакомпанияларының әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе асырып, әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі – әуе кемесіндегі аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері);
      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын шетел авиакомпанияларының әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырып, әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі – әуеайлақ ауданындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері).
      7. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) әуе кемесінің ең көп ұшу массасына, жүзеге асырылып отырған тасымалдау түріне (халықаралық немесе ел ішіндегі, тұрақты немесе тұрақты емес) және әуе компаниясының мемлектеттік тиесіліне қарай (шетелдік немесе қазақстандық) сараланады.
      8. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есебі аэроновигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің есептеу кезеңіндегі болжамды тарифтік кірістері мен көлеміне негізделген.
      Есептік кезең ретінде осы қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) өзгертуге өтінім беру күнінен кейінгі қаржы жылы пайдаланылады.

2. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтерді есептеу негіздері

      9. Аэронавигацияның көрсетілетін қызметі бес негізгі құрамдауышты қамтиды:
      1) әуе қозғалысын ұйымдастыру – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі – ӘҚҰ), әуе кеңістігін ұйымдастыруды және әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қосқанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті борттық және жердегі функцияларының кешені;
      ӘҚҰ өзіне әуе қозғалысын басқаруды (бұдан әрі – ӘҚБ), ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және апаттық хабарлауды қамтиды.
      ӘҚБ өзіне: әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді, кіреберіске диспетчерлік қызмет көрсетуді, аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді;
      2) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді (авиациялық электр байланыс қызметінен, сондай-ақ авиациялық радиолокация және радионавигация қызметінен тұрады);
      3) метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;
      4) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді;
      5) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды.
      10. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есептеу кезінде:
      1) мынадай жұмыс түрлері:
      әуе қозғалысын ұйымдастыру;
      әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;
      радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;
      апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды үйлестіру;
      экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы өзгерістерді беру;
      экипаждарға жедел метеорологиялық ақпаратты беру;
      қосалқы әуе айлақтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жұмысын қамтамасыз ету;
      2) әуе кемесінің ұшу қашықтығы;
      3) әуе кемесінің ең көп ұшу массасы ескеріледі.
      11. Ұшу қашықтығы әуе кемесінің ұшу бағдарының ортодромиясы бойынша өлшенеді, ол әуе кемесінің әрбір ұшуы және әрбір қонуы кезінде 20 километрге азаяды және км-дегі ұшу қашықтығының соңғы саны былайша дөңгелектенеді:
      5 километр және одан аз болса нөлге дейін дөңгелектенеді;
      5 қилометрден жоғары болса 10 километрге дейін дөңгелектенеді.
      12. Әуе кемелерінің салмағын есепке алу үшін 9 салмақтық топтан тұратын әуе кемелерінің ең жоғарғы ұшу массасының шәкілі тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

9

<7

7<20

20<30

30<50

50<100

100<200

200<300

300<400

400

      қолданылады:
      13. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) осы шәкілге сәйкес әкелу коэффициенттерінің көмегімен әуе кемесінің әрбір салмақтық тобына әуе кемесінің ұшу бағытының ортодромиясы бойынша есептелген 100 километр арақашықтыққа есептеледі.
      14. Әуе айлақ аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есептеу кезінде мынадай жұмыс түрлері:
      әуе айлаққа қону кезінде, қону үшін төмендету, қонуға кіру, қону және тұрақ орнына дейін жеткізу кезінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;
      әуе айлақтан ұшу кезінде, тұрақ орнынан рөлді басқару, ұшу және әуе трассасына шыққанға дейін биіктікке көтерілу кезеңдерінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;
      әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;
      радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;
      апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды үйлестіру;
      экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы өзгерістерді беру;
      экипаждарга жедел метеорологиялық ақпаратты беру ескеріледі.
      15. Әуе айлағы маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) әуе кемесінің ұшу массасының бір тоннасына есептеледі.
      Төлем мөлшері әуе айлағы маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) берілген құжат немесе анықтамалық ақпаратқа сәйкес әуе кемесінің ең жоғарғы ұшу массасына көбейтумен анықталады.
      Әуе кемесінің кг-ғы массасының соңғы екі саны: 50 килограммнан аз болса, аз жаққа, 50 килограмм және одан көп болса, үлкен жағына дөңгелектенеді.
      16. ТМС көрсететін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің өзіндік кұны қалыптасатын шығындардың құрамдары мен баптары Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      17. Жекелеген құралдың немесе жұмыстың қосарлы мақсаты болған жағдайларда, олармен байланысты шығыстар ТМС шығындарын бөлек есепке алудың негізінде тиісті тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) бөлінеді.

3. Әуе кеңістігіндегі аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігі

      18. ТМС әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден болжамды тарифтік кірістер мынадай формула бойынша анықталады:
                            ТКж = Шж + РПДж,
      мұндағы:
      ТКж – ТМС әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түсетін болжамды тарифтік кіріс, теңге;
      Шж – ТМС қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге шығарған экономикалық негізделген жиынтықты жоспарлы шығындар, теңге;
      РПДж – әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша түскен пайданың қол жетімді деңгейі, теңге.
      19. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттелін көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша жиынтықты экономикалық негізделген, жоспарлы шығындарды бөлектеп есепке алу деректері негізінде қалыптасады.
      20. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша түскен пайданың жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:
                       РПДЖ = ҚЕАРБЖ* ПС /100,
      мұндағы:
      ҚЕАРБж – ТМС осы көрсетілетін қызметке тартылған активтерінің реттелетін базасы, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы сала үшін есептеледі, теңге;
      ПС – ТМС осы көрсетілетін қызметті көрсетуге пайдаланылатын қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3962 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 306-НҚ бұйрығымен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептеледі (бұдан әрі – Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық).
      21. Келтірілген бір ұшак-километр тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша анықталады:
                    
      мұндағы:
      Tm – келтірілген бір ұшақ-километр тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі);
      Ki – әуе кемесінің і-үлгісіндегі ең көп ұшу массасын ескере отырып анықталатын i-үлгісіндегі әуе кемесі үшін келтіру коэффициенті;
      Nij – әуе кемесінің і-үлгісімен орындалған ұшақ-километр саны;
      j – әye кемелерінің салмақ бойынша топтарының саны.
      22. Әуе кемесінің і-үлгісі үшін келтіру коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
                           
      мұндағы:
      Qmaxi – і-үлгісіндегі әуе кемесінің ең көп ұшу массасы, тонна;
      50 – әуе кемесінің ең көп ұшу массасының ең аз мөлшері, 50 тоннаға тең.
      23. j-салмақтық тобы үшін 100 ұшақ-километрге әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша белгіленеді:
                         Тjm = Тm * Кj * 100
      мұндағы:
      Тjm – әуе кемелерінің j-салмақ тобының тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі);
      Kj – әуе кеңістігіндегі аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жалпы көлемінде есепке алынған, j-салмак тобында аэронанигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарлы көлемінен сүйене отырып анықталатын j-салмақтық тобына кіретін әуе кемелері үшін орташа өлшемді келтіру коэффициенті.

4. Әуеайлақ маңында аумағында аэронавигацияның реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеу тетігі

      24. ТМС әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуді ұсынудан түсетін болжамды тарифтік кірісі мынадай формула бойынша анықталады:
                           ТКаа = Заа + РПДаа
      мұндағы:
      ТКаа – ТМС әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету бойынша болжамды тарифтік кірісі, теңге;
      Шаа – қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген аэродром аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден ТМС экономикалық негізделген жиынтық болжамды шығындары, теңге;
      РПДаа – әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуді бойынша пайдалардың қол жетімді деңгейі, теңге.
      25. Әуе айлағы аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша экономикалық негізделген, жоспарлы шығындарды бөлек есепке алу деректері негізінде қалыптасады.
      26. Әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету бойынша алынатын пайданың қол жетімді деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:
                      РПДаа = ҚЕАРБаа * ПС/100
      мұндағы:
      ҚЕАРБж – ТМС осы көрсетілетін қызметке қолданыстағы активтерінің реттелетін базасы, осы сала үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі, теңге;
      ПС – ТМС осы көрсетілетін қызметті көрсетуге пайдаланылатын қолданыстағы активтерінің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданыстағы активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.
      27. Бір ұшу немесе бір қону үшін Таа әуе әуе айлақ маңындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызмметтерінің тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша анықталады:
                    
      мұндағы:
      Qmaxi – әуе кемелерінің ең көп ұшу массасы, тонна;
      Vij – әуе кемесінің i-үлгісімен орындалған ұшақ-ұшу саны.

5. Аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерді) есептеу үлгілері

      28. Әзірленген Әдістеме бойынша есептің бақылау үлгісі үшін аэронавигация саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісінің кірістерінің, шығыстары мен қолданыстағы активтерінің бөлек есебі нәтижелерінің орташа бастапқы деректері пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған тарифті (алым мөлшерлемесін) есептеу үлгісі.
      Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы –
415 855,6 мың теңге;
      оның ішінде:
      материалдық шығындар, барлығы – 17 601,6 мың теңге;
      еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар – 126 893,2 мың теңге;
      негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы – 173 900 мың теңге;
      жөндеу – 18 412,8 мың теңге;
      өзге де шығындар, барлығы 79 048 мың теңге.
      Кезең шығыстары, барлығы – 60 757,2 мың теңге, оның ішінде:
      Жалпы және әкімшілік шығыстар – 55 824,0 мың теңге;
      Сыйақы төлеуге арналған шығыстар (мүдде) – 4 933,2 мың теңге.
      Барлық шығындар – 476 612,8 мың теңге;
      РБЗАвп – 4 968 512 мың теңге;
      Көрсетілген қызметтер көлемі – 24 573 540 ұшақ-км
      Пайда мөлшерлемесі – 10%
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну бойынша пайданың жол берілетін деңгейін айқындаймыз:
                      ДУПВП = РБЗАВП * СП/100,
          ДУПВП = 4 968 512 * 10/ 100 = 496 851,2 мың теңге
      Аэронавигациялық ұйымның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсынудан түскен жоспарлы тарифтік кірісін мына формула бойынша анықтаймыз:
                        ТДвп = 3вп + ДУПвп
          ТДвп = 476 612,8 + 496 851,2 = 973 464 мың теңге,
      I – үлгісіндегі әуе кемесі үшін келтіру коэффициентін анықтаймыз.

Q max 1

Q max 2

Q max 3

Q max 4

Q max 5

Q max 6

50

100

200

300

400

500

                              
      мұндағы:

K1

K2

K3

K4

K5

K6

1

1,4

2

2,45

2,8

3,16

        Бір келтірілген ұшақ-километрге тарифті (алым мөлшерлемесін) анықтаймыз:

j

1

2

3

4

5

6

i

9

8

5

4

3

3


Nij

Nij

Nij

Nij

Nij

Nij


1 573 540

2 000 000

3 000 000

4 000 000

6 000 000

8 000 000


Nij*Ki

Nij*Ki

Nij*Ki

Nij*Ki

Nij*Ki

Nij*Ki


1 573 540

2 800 000

6 000 000

9 800 000

16 800 000

25 280 000

         Nij = 24 573 540 ұшақ-км
        Nij * Кi = 52 503 540 ұшақ-км
                             
      Tm = 973 464/52 503 540 = 18,5 теңге/ұшақ-км,
      100 ұшақ-километрге Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған тарифті (алымдар мөлшерлемелерін) анықтаймыз:
                      Tjm = Tm * Kj * 100 (теңге)

j

1

2

3

4

5

6

Kj

1

1,37

1,68

1,74

1,79

1,87

Тjm

1 850

2 534,5

3 108

3 219

3 311,5

3 459,5

      29. Шығындардың тиісті құрамдары бойынша әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған тарифті (алым мөлшерлемесін) есептеу үлгісі.
      Қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы – 109 150 мың теңге, оның ішінде:
      материалдық шығындар, барлығы – 4 619,6 мың теңге;
      еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар – 33 305,6 мың теңге;
      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы – 45 644 мың теңге;
      жөндеу – 4 832,8 мың теңге;
      өзге де шығындар, барлығы – 20 748 мың теңге.
      Кезеңнің шығыстары, барлығы – 15 947,6 мың теңге, оның ішінде:
      Жалпы және әкімшілік шығыстар – 14 652,8 мың теңге;
      Сыйақы төлеуге арналған шығыстар (мүдде) – 1 294,8 мың теңге.
      Барлық шығындар – 125 097,6 мың теңге.
      Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы – 2 151 480 мың теңге.
      Көрсетілген қызметтер көлемі – 1 005 130 тонна ұшақ-ұшулар.
      Пайда мөлшерлемесі – 10%.
      Әуеайлақ ауданында аэронавигациялық көрсетілетін қызметттерді ұсыну бойынша пайда деңгейін айқындаймыз:
                         ДУПРа = РБАра * СП/100,
           ДУПра = 2 151 480 * 12/100 = 258 177,6 мың теңге.
      Аэронавигациялық ұйымның әуеайлақ ауданындағы аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсынудан түскен жоспарлы тарифтік кірісін айқындаймыз:
                           ТДра = Зра + ДУПра,
            ТДра = 125 097,6 + 258 177,6 = 383 275,2 мың теңге
      Тра әуеайлақтарының ауданында бір ұшуға немесе бір қонуға аэронавигациялық қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға арналған тарифті (алым мөлшерлемесін) айқындаймыз:
               Vij Qmaxi i = 1 005 130 тонна ұшақ-ұшулар
                            
                 Тра = 383 275 200/1 005 130 = 381 теңге.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына      
7-қосымша          

Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің
объектілері бар теміржолдардын реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10561 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығымен бекітілген Өз қызметін Концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Қағидалар).
      2. Әдістеме Концессиялық кәсіпорынның (бұдан әрі – Концессионер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қолданыстағы активтер – негізгі құралдар және теміржол көлігі саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын Концессионердің материалдық емес активтері,
      активтердің қолданысқа енгізу коэффициенті – табиғи монополия субъектісіне жатқызылатын, олардың технологиялық қуатын өндіру және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендікті) сипаттайтын пайыздық мәніндегі көрсеткіш;
      көрсетілетін қызметтерге арналған тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен тікелей келтірілген-тергеу байланыстары бар шығындар;
      концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы концессия субъектісі ұсынатын және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      тарифтің шығын бөлігі – тарифті және тарифтік сметаны бекіту кезінде қамтылатын концессия субъектісі көрсететін қызметтерге (жұмыстарға) байланысты шығындардың жиынтығы;
      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Тарифтер құрудың негізгі қағидаттары

      Концессионердің қызметіне арналған тарифтер құрылымын, мөлшері мен қолдану ережесін айқындайтын негізгі қағидаттар мыналар:
      1) қызметтер көрсетудің технологиясын ескере отырып тарифті құрылымдау;
      2) көрсетілетін қызметті өлшегіштің бірлігіне арналған базалық тарифтердің шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
      3) көрсетілетін қызметтер өндіруге арналған шығындарды толық жабу;
      4) Концессионердің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда мөлшерлемесінің негізінде пайданың қол жетімді деңгейін нормалау;
      5) көрсетілетін қызметтерді сатып алушының, мемлекеттің және Концессионердің мүдделерін ескере отырып, тарифтерді саралау болып табылады.

3. Концессионер көрсететін қызметтердің сипаттамасы

      4. Концессионердің негізгі реттеліп көрсетілетін қызметі «Концессия шарты бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру».
      5. Көрсетілетін қызмет тарифінің құрылымы «Концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру» шартты вагон-километр тарифінің құрылымы өлшеуішінің көмегімен анықталады.
      Тарифті есептеу кезінде тасымалдың түрлері, жүктердің түрі, жүк вагонының пайдалану жағдайы ескеріледі.
      6. Концессионердің көрсететін қызметтеріне тарифтер есептеу үш кезеңмен жүргізіледі:
      1) концессионердің учаскесі бойынша қызмет өлшегіштің бір бірлігіне тариф есептеу;
      2) тасымалдар (жолаушылар, жүк тасымалы) түрін, пайдаланудың жағдайы (жүк тиелген, бос) ескере отырып, көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне базалық тарифтер есептеу;
      3) жүктің түрін (көмір, мұнай және басқалары), жүктің сипатын (үлкен көлемді жүктер, қауіпті жүктер) көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне базалық тарифтерді саралау.

4. Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің
бір бірлігіне тариф есептеу

      7. Концессионер көрсететін қызметінің негізі өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтен есептеу мыналардан:
      1) Концессионердің көрсететін қызметтерін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің шығын бөлігін есептеуден;
      2) Концессионердің көрсететін қызметтерін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің кіріс бөлігін есептеуден тұрады.

5. Көрсетілетін қызметті өлшегіштің бір бірлігіне
арналған шығынды бөлігін есептеу тәртібі

      8. Концессия субъектісінің тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығынды бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және Концессия субъектісі шығыстарының деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
      9. Шығынды бөлікке енгізілетін материалдық шығыстар, өнімнің (қызметтердің, жұмыстардың, тауарлардың) бір бірлігін шығаруға арналған шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның (бұдан әрі – материалдық ресурстар) техникалық және технологиялық шығыс нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алулардың нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.
      10. Бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтер мен мердігерлік тәсілмен жүргізіліп отырған жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығыстар өндірістік сипаттағы басқа қызметтер тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
      11. Мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иеленуге және пайдалануға беру кезінде концессия субъектісі ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін қаражаттар уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып, тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
      12. Концессия шартының негізінде концессия субъектісінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалған концессия шартының негізінде жаңа объектілерді салу және пайдалану кезінде және негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, концессия шартын іске асыру кезінде салынған ақша қаражатын қайтару көздерінің бірі болып табылатын және концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саладағы объектілерді қаржыландыруға байланысты, тиісті негіздеуші материалдармен расталған шығыстар концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тариф белгілеу кезінде ескеріледі.
      13. Кезең шығыстарында ескерілетін сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдарға мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерге жұмсалатын шығыстар мөлшерлемелерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке және талаптарға сәйкес айқындалады.
      14. Концессия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтің шығынды бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, тарифтің шығынды бөлігін азайтуда ескеріледі.
      15. Кезең шығыстарында концессия субъектісінің заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар ескеріледі.
      16. Концессиялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
2 еселенген мөлшерлемелерін қолдана отырып, есептелген сомалар шегінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде ескеріледі.
      17. Концессиялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақылар төлеуге арналған шығыстар Лондон банкаралық нарықтың 4 еселенген мөлшерлемесі қолданыла отырып, есептелген сомалар шегінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде ескеріледі.
      18. Шетел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы тарифтің шығыс бөлігінің Орта мерзімді кезеңнің шығыстарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізгі көрсеткіштерінің негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерісін және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін ескеріле отырып, ескеріледі.
      19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон банкаралық нарықтың мөлшерлемесі концессия субъектісінің тарифін және тарифтік сметаларын бекітуге өтінім берген күні қолданылады.
      20. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф белгілеу кезінде Ереженің 22 және 28-тармақтарында көрсетілген шығыстар ескерілмейді.
      21. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) Концессионердің өндірістік шығындарын айқындау жалпы және барлық құрылымдық бөлімшелердің бөлінісінде;
      2) кезең шығыстарын айқындау;
      3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау.
      22. Бірінші кезеңде Концессионердің әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штат ұстау жөніндегі шығыстардан, еңбекақы төлеу қорынан аударылатын аударымдардан, материалдарға жұмсалатын шығыстардан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шығыстардан, арнайы автокөлікті және жол техникасын ұстауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардан, амортизацияға жұмсалатын шығыстардан, негізгі өндірістік қорларды ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстардан, материалдарға, электр энергиясына, отынға жұмсалатын шығындардан тұрады.
      23. Көрсетілетін қызметтің орташа учаскелік тарифінің (бағаларының, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың екінші кезеңіне табиғи монополия субъектісінің шығыс кезеңі жатады.
      24. Үшінші кезеңде орташа учаскелік тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығыс бөлігі айқындалады.
      25. Көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне орташа учаскелік тарифтің шығынды бөлігі өндірістік шығыстарды және қызмет өлшегішке жатқызылған Концессионердің кезең шығыстарын Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің жоспарлы көлеміне бөлу арқылы айқындалады.

6. Көрсетілетін қызметтерді өлшегіштің бір бірлігіне арналған
тарифтің кіріс бөлігін есептеу тәртібі

      26. Концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына «шартты вагон-километр» қызмет өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің кіріс бөлігі мынадай формула бойынша анықталады:
                       
      мұндағы
      Dk – концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне арналған орташа учаскелік тарифтің кіріс бөлігі;
      ЗС – Концессияны жүзеге асыру үшін тартылған (негізгі борыш) қарыз қаражатының шамасы;
      Ai – Концессионердің концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына арналған қолданыстағы активтердің жинақталған амортизациясы;
      Ткон – концессияны жүзеге асыру мерзімі;
      Qk – концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына көрсетілетін қызметті өлшегіштің жоспарланған көлемі.
      Көрсетілетін қызметті өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің шығыс және кіріс бөліктерін жинақтау Концессионердің – pns белгіленетін негізгі көрсетілетін қызметін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тариф айқындайды.

7. Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің бір
бірлігіне арналған базалық тарифтерді есептеу тәртібі

      27. Өлшегіштің «жүк тиелген вагондардың шартты вагон-километрі» – Р1-ns, «бос вагондардың шартты вагон-километрі» – Р2-ns, «жолаушылар тасымалдайтын шартты вагон-километрі» – Р3-ns, «өзінің осьтеріндегі өзге де темір жол техникасының шартты вагон-километр» – Р4-ns базалық тарифтері мынадай формула бойынша айқындалады:
      Pк-ns = pns * (УNiniVi/УNiQi) * Qk/nkVk, (к = 1,4)
      мұндағы
      N1 – жүк тиелген вагондардан екі бағыттарға учаске арқылы жүретін жүк поездарының жұптарының орташа тәуліктік саны, Q1 – жүк поезының орташа салмағы-брутто, V1 – жүк поезының орташа техникалық жылдамдығы, n1 - жүк тиелген вагондар осьтері санының сомасы;
      N2 – жүк тиелген вагондардан екі бағыттарға учаске бойынша жүретін жүк поездарының жұптарының орташа тәуліктік саны, Q2 – осындай поездың жүк поезының орташа салмағы-брутто, V2 – орташа техникалық жылдамдығы, n1 – бос вагондар осьтері санының сомасы;
      N3 – жолаушылар тасымалдайтын екі бағыттарға учаске бойынша жүретін жолаушылар поездары жұптарының орташа тәуліктік саны, Q3 – жолаушылар поезының орташа салмағы брутто, V3 – жолаушылар поезының орташа техникалық жылдамдығы, n3 – жолаушылар поезы вагондарының осьтері санының сомасы;
      N4 – өздерінің осьтерінде екі бағыттарға учаске арқылы жүретін өзге де темір жол техникасы жұптарының орташа тәуліктік саны, Q4-өздерінің осьтеріне арналған өзге де теміржол техникасының салмағы-брутто, V3 – өздерінің осьтеріндегі өзге де теміржол техникасының орташа техникалық жылдамдығы, n4 – өздерінің осьтеріндегі өзге де теміржол техникасының осьтерінің саны.

8. Жүктердің түрлері бойынша базалық тарифті саралау тәртібі

      28. «Жүк тиелген вагондардың «шартты вагон-километрі» кіші өлшегіштің бір бірлігіне арналған базалық тариф – Р1-ns жүктердің түрлері бойынша мынадай формула бойынша сараланады:
                         Pi-ns = ki * P1-ns
      мұндағы
      Pi- ns – жүктің 1-ші түрін тасымалдайтын вагонның «шартты вагон-километрі» өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
      ki – жүктің 1-ші түрін тасымалдауға арналған тарифтерді түзету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
                             ki = di/dcp
      мұндағы
      di – жүктің 1-ші түрін тасымалдау кезінде 10 ткм-нетто-ға арналған МТЖ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;
      dcp – жүктің қозғалысындағы 10 ткм-нетто-ға арналған МТЖ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;

9. Ірі габаритті және қауіпті жүктердің учаскесі арқылы
өткізуге арналған базалық тарифті саралау тәртібі

      29. «Жүк тиелген вагондардың шартты вагон-километрі» өлшегішінің базалық тарифі өлшегішінің бір бірлігіне арналған – Р1-ns Ірі габаритті және қауіпті жүктердің учаскесі арқылы өткізу мынадай формула бойынша сараланады:
                         Pok-ns = kok * P1-ns
      мұндағы
      Pok-ns – ірі габаритті немесе қауіпті жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамның «шартты вагон-километрі» кіші өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
      kok – тарифтерді түзету коэффициенті, мынадай формула бойынша айқындалады:
                            kok = dok/dcp
      мұндағы
      dok – жүктердің осыған ұқсас түрлерін МТҚ баламалы учаскесі арқылы тасымалдау кезінде 10 ткм-неттоға арналған МТҚ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;
      dcp – МТҚ баламалы учаскесі арқылы жүгі бар қозғалыста 10 ткм-неттоға арналған МТҚ операторының орташа кіріс мөлшерлемсі;

10. Көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу тәртібі

      30. Нақты поезд (жылжымалы құрам) үшін «Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржол жолдарын пайдалануға беру» қызметінің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
                             S = Pnsi * NSi
      мұндағы
      Pnsi – поездың (жылжымалы құрамның) і вагоны үшін «Шартты вагон-километр» өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
      NSi – осы поездың құрамындағы і вагоны үшін «Шартты вагон-километр» өлшегішінің шамасы;
      31. Жүгі бар вагон үшін Pnsi ретінде жүктің белгілі бір түрі үшін Pi-ns тиісті мәні пайдаланылады.
      32. Бос вагон үшін Pnsi ретінде P2-ns базалық тарифі пайдаланылады.
      33. Жолаушылар вагоны үшін Pnsi ретінде P3-n базалық тарифі пайдаланылады.
      34. Өз осьтерінде тұрған өзге де теміржол техникасы үшін Pnsi ретінде P4-n базалық тарифі пайдаланылады.
      35. ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде Pnsi ретінде Pok-ns тарифі пайдаланылады.
      36. NSi – осы поездың құрамындағы і вагоны үшін «Шартты вагон-километр» өлшегішінің шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
                           NSi = 0,25 * niLi
      мұндағы
      ni – поездың (жылжымалы құрамның) і вагоны осьтерінің саны;
      Li – осы поездың құрамындағы і вагонының жүру (километр) шамасы.