Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда 12822 болып тіркелді

      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі                    А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылдың 7 желтоқсандағы 
№ 372 бұйрығымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу,
сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын (бұдан әрі – музей заттары) есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару тәртібін нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) музей қоры – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;
      2) музей заты – қолданыстағы ортадан алынып, музейге әкелінген мәдени құндылық;
      3) негізгі қор – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың қорында тұрақты пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;
      4) уақытша қор – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың қорында уақытша пайдалалатын және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы.

2. Музей заттарын есепке алу

      3. Музей заттарын есепке алу екі кезеңмен қарастырылады:
      1) музей заттарын алғашқы тіркеу;
      2) музей заттарын түгендеу.

1-Параграф. Музей заттарын алғашқы тіркеу

      4. Алғашқы тіркеуде:
      1) музей заттары актіленеді. Актілеу музей заттарын қабылдау немесе тапсыру күні жасалып:
      осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға қабылдау актісімен;
      осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға тапсыру актісімен ресімделеді.
      Осы тармақта көрсетілген актілер осы Нұсқаулықтың 345,  6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Тұрақты пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабына, Тұрақты пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабына, Уақытша пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабына, Уақытша пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабына (бұдан әрі – тіркеу кітаптары) тіркеледі.
      2) Музей заттарын қабылдау жөніндегі актілеу қор сатып алу (қор іріктеу) комиссиясының ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады;
      3) музей заттарын қабылдау кезінде бағалы металдар мен тастары бар музей заттарынан басқа музей заттары жөніндегі мәліметтер осы Нұсқаулықтың 78-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Негізгі қордың түсім кітабына немесе Уақытша қордың түсім кітабына (бұдан әрі – түсім кітаптары) енгізіледі.
      Түсім кітаптарына мәліметтер енгізу кезінде әр музей затына бір реттік тіркеу нөмірі беріледі, ал әр коллекциялық музей затына коллекцияны құрайтын заттардың саны бойынша нөмір бөлшекпен беріледі.
      Коллекциялық музей заттарын қабылдау кезінде осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша музей заттарының коллекциялық тізімдеме жасалады.
      5. Түсім кітаптары мен тіркеу кітаптары қолмен жазылады. Күнделікті пайдалану үшін түсім кітаптарының электронды нұсқасы жасалады.
      6. Түсім кітаптары мен тіркеу кітаптары толтырылғанға дейін беттері нөмірленеді, байланады, музей директорының, бас қор сақтаушының, есепке алу бөлімі жетекшісінің қолдары қойылады және музейдің мөрі басылады.
      7. Әр жылдың бірінші қаңтарына соңғы жазба енгізілгеннен кейін осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түсім кітаптары мен тіркеу кітаптары бойынша кітаптардың тізімдемесі жасалады.
      8. Музей заттарын, оның ішінде коллекцияны есепке алу кезінде әр музей затының саны бірлікпен өлшенеді. Әр музей затына немесе коллекцияға музейдің қысқартылған атауы, музей заты жасалған материалдың бірінші әріпі, Негізгі қордың есептік түсім кітабы бойынша және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған Музей заттарын есептік түгендеу кітабы (бұдан әрі – Есептік түгендеу кітабы) бойынша нөмірлері көрсетілген шифр беріледі.
      9. Шифр әр музей затына анық, оның сыртқы көрінісін бүлдірмейтіндей қолмен немесе баспа түрінде немесе басқа да қазіргі заманғы технологияны қолдану арқылы қойылады. Уақытша пайдалануға қабылданған музей заттарына шифр этикетканы пайдалану арқылы қойылады.
      10. Шифр жаңартылғанда музей затына бұрын қойылған барлық шифрлар сақталады.

2-Параграф. Музей заттарын түгендеу

      11. Музей заттарын түгендеу:
      1) музей заттарын ғылыми түгендеу;
      2) музей заттарын салыстырмалы тексеруден тұрады.
      12. Музейдің негізгі қорына түскен барлық музей заттары ғылыми түгендеуге жатады.
      13. Музей заттары алғашқы тіркеуден өткеннен кейін Есептік түгендеу кітабына музей заты туралы мәлімет енгізіліп, шифр қойылады.
      Әр музей затына осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түгендеу карточкасы толтырылады.
      14. Мақсатты пайдаланылуына, мазмұнына қатысты музей заттары келесі топтарға бөлінеді:
      1) заттай деректер;
      2) табиғи-тарихи ескерткіштер;
      3) археологиялық коллекциялар;
      4) антропологиялық коллекциялар;
      5) нумизматикалық коллекциялар (монеталар, ордендер, медальдар, жетондар, белгілер, плакаттар, қазыналар, қағаз ақшалар);
      6) этнографиялық коллекциялар;
      7) метал, ағаш, минерал, фарфор, қыш, шыны, әктас, гипс, мрамор, мата, теріден жасалғандар;
      8) қару-жарақ, жиһаз;
      9) бейнелеу деректері (кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және фотосуреттер);
      10) жазба деректер (қолжазба және баспа құжаттары, сирек кездесетін кітаптар және тағы басқалар);
      11) киноматериалдар және дыбыс жазу ескерткіштері;
      12) мемориалдық кешендер;
      13) бағалы металдар мен тастардан жасалған музей заттары;
      14) биологиялық және зоологиялық музей заттары.
      15) Әр топ бойынша Есептік түгендеу кітабы жүргізіледі.
      16. Есептік түгендеу кітабына музей заты жөнінде мәлімет енгізу кезінде әр музей затына бір реттік тіркеу нөмірі беріледі, ал әр коллекциялық музей затына коллекцияны құрайтын заттардың саны бойынша нөмір бөлшекпен беріледі.
      17. Есептік түгендеу кітабы қолмен толтырылады.
      18. Есептік түгендеу кітабы толтырылғанға дейін беттері нөмірленеді, байланады, музей директорының, бас қор сақтаушының, есепке алу бөлімі жетекшісінің қолдары қойылады және (бар болған жағдайда) музейдің мөрі басылады.
      19. Соңғы жазба енгізілгеннен кейін Есептік түгендеу кітабына тізімдеме жасалады. Есептік түгендеу кітабының жаңасы жасалғанда алдыңғылары сақталады және жойылмайды.
      20. Музей заттарын салыстырмалы тексеру музей директорымен бекітілген тексеру кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      21. Тексеру кестесінде келесі мерзімдер көрсетіледі:
      1) музей заттары үш мың болатын музейлерде – жыл сайын;
      2) музей заттары отыз мыңға дейінгі музейлерде – үш жылда бір рет;
      3) музей заттары отыз мыңнан үш жүз мыңға дейінгі музейлерде – бес жылда бір рет;
      4) музей заттары үш жүз мыңнан бес жүз мыңға дейінгі музейлерде – жеті жылда бір рет;
      5) музей заттары бес жүз мыңнан бір милионға дейінгі музейлерде – он жылда бір рет;
      6) музей заттары бір миллионнан артық музейлерде – он бес жылда бір рет.
      22. Музей заттарын салыстырмалы тексерудің қорытындысы бойынша осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасын сәйкес нысан бойынша акт жасалады.

3. Музей заттарын сақтау

      23. Музей заттары:
      1) температура-ылғалдылық режимі;
      2) жарық режимі сақталатын ғимараттарда орналасады.
      24. Музей заттарын кешенді сақтауда +180 Цельсий (бұдан әрі – С) ауа температурасы белгіленеді.
      25. Музей заттарын сақтау қоймаларында оларды кешенді сақтауда ауа температурасы +200 С-ден жоғары болмауы шарт (53%-ке дейінгі салыстырмалы ылғалдылықта).
      26. Музей заттары орналасқан ғимараттарда:
      1) ақ-қара фотоматериалдар үшін - +120 С-ден жоғары емес;
      2) түрлі-түсті фотоматериалдар үшін - +50 С-ден жоғары емес;
      3) балауыз бен ермексаздан жасалған музей заттары үшін +160 С-ден +250 С-ге дейін;
      4) бағалы және жартылай бағалы тастар мен сарғылт дүрден жасалған музей заттары үшін 00 С-ден төмен емес ауа температурасы белгіленеді.
      27. Музей заттарын кешенді сақтауда салыстырмалы ауа ылғалдылығы 50-ден 65%-ға дейінгі аралықта белгіленеді.
      28. Музей заттарын сақтау үшін:
      1) хлорлы қоспа түрінде коррозиясы бар археологиялық музей заттары үшін 37 %-дан 50 %-ға дейін;
      2) фотоматериалдардан тұратын музей заттары үшін 40-тан 50 %-ға дейін температура-ылғалдылық режимі белгіленеді.
      29. Музей заттары орналасқан әр ғимаратқа температура мен ылғалдылықты тіркеу үшін психрометр, гигрометр, термометр және тағы басқа құралдар орнатылады.
      30. Ауаның температурасы мен ылғалдылық көрсеткіштері тәулігіне екі рет бір мезгілде белгіленеді.
      31. Егер ғимаратың температура-ылғалдылық режимінің ылғалдылығы жоғары болса, қабырға мен жабдықтардың арақашықтығы 10 сантиметрден кем болмауы тиіс, егер ылғалдылық төмен болған жағдайда жалпы ылғалдандыру құралдары қолданылады.
      32. Музей ғимаратында музей заттарына күн сәулесі түспеуі тиіс.
      33. Графиканың барлық түрі, кітап, қолжазба материалдары, фотосуреттер, мата, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, былғарыдан жасалған заттар үшін музей ғимаратының жарықтылығы 50-75 люкс, қалған барлық музей заттары үшін – 75 люкс шамасында болуы тиіс.
      34. Майлы және аралас техникалы кескіндеме мен сүйектен жасалған музей заттарына күндізгі уақытта жүйелі жарықтандыру (табиғи және жасанды) қажет.
      35. Музей ғимаратындағы видеотүсірілім, фототүсірілім кезінде музей заттарының қызып кетпеуін бақылау қажет. Жарық көзі музей заттарынан төрт метр қашықтықта орналасуы тиіс, ал жарық аз ғана уақытқа (3-5 минуттан артық емес) қосылу қажет. Түсірілім жүргізілген музей ғимаратының температурасын 20 С қалыпты жағдайдан көтеруге жол берілмейді.
      36. Музей заттары электронды жарқылдағы бар фотосуретке түсірілмейді.
      37. Кескіндемені сақтау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
      1) жақтаусыз картиналар имегі бар мықты баумен немесе жылжымалы металл ілмек арқылы ілінеді. Баудың бір ұшы қабырғаның жоғарғы жағына жалғанған металл қарнаққа бекітіледі, ал екінші ұшы екі шығыршық арқылы өткізіліп, картинаның жақнауындағы қарнаққа байланады;
      2) жақтаулы картиналар ірі металл торға бекітілген стационарлық (жылжымайтын) немесе жылжымалы жайма тақтаға ілінеді. Торларға картиналарды ілу ілмектердің көмегімен жүзеге асырылады. Ілмектің бір ұшы картинаның жақтауына бұралған шығыршыққа, ал екіншісі тордың көзіне орнатылады. Торлар мен ілгектерде тоттануға қарсы жабын болуы қарастырылады;
      3) кенептегі картиналар мен кескіндеме шығармалары тақтайларда, әрбір шығармаға арналған ұяшықтары бар стеллаждарда сақталады;
      4) жуан тақтайлардағы шығармалар (негізінен көне орыс кескіндемелері) ауаның кіруін қамтамасыз ететін торлы негізді стеллаждарда сақталады. Тақтайша төсемелері шығармалардың беткі жағына жалпағынан перпендикуляр жатқызылады. Стеллаждың тік қабырғасына матамен қапталған арнайы жеке еңіс ұяшықтар жабдықталады;
      5) кенепке салынып жақтауға керілген картиналар торлы негізіне екінші төсеме тақта жасау арқылы сақтайды. Үлкен көлемді туындыларды стеллаждан алғанда және орналастырғанда сырылмас үшін тақташалардың арасына тірек қондырылады;
      6) жақтаусыз, қалың тақтайларға сынамамен салынған кескіндеме шығармалары көлеміне қарай бір-біріне беткі жағымен қарата қойылып сақталады. Шығармалардың арасына кенеп және мақтадан жасалған жастықшалар салынады;
      7) кенеп бетіне салынған жақтаусыз картиналар көлеміне қарай, бір-біріне беткі жағымен қарата қойылып төсемесіз сақталады;
      8) майлы кескіндеме картиналары арнайы біліктерде сақталады.
      Картиналар сақталатын ғимаратта сөрелер мен қатарлар арасындағы белгіленген арақашықтықтың ені бір метрден кем емес.
      38. Бір білікте онға дейін картиналар сақталады.
      Майлы бояулы кескіндеме шығармаларын орауға арналған біліктер құрғақ, беті жұмсақ материалдан келесі көлемде дайындалады:
      1) біліктің диаметрі 50 сантиметр және одан да ұзын (қайталанған картиналар мен ірі кескіндемелі картиналар 50-ден 70-ке дейін);
      2) біліктің ұзындығы картинаның енінен 5-тен 10 сантиметрге дейін ұзын;
      3) біліктің қаңқасы фанермен қапталады, үстінен қағазбен оралады;
      4) біліктің екі жағына бекітілген ұстаманың диаметрі білікке оралған картина еденнен 10-15 сантиметр жоғары тұратындай есеппен жасалып, біліктің диаметрінен үлкен болуы тиіс.
      Үлкен көлемді картиналарды біліктерде екі-үш жылдан астам уақыт сақталуын тексермей сақтауға болмайды. Майысуы немесе өзгеріске ұшырамауы үшін картина оралған білікке көлденеңінен сақталады. Жылына екі рет білікті осьі бойынша айналдыра 1800-қа бұрады.
      39. Аралас, темперлі және желімді техникада орындалған кескіндемелер әйнектеліп сақталады.
      40. Экспозицияда кескіндемелер шыны астында экспозицияланады. Шыны кескіндемеге тимес үшін жиектеріне қалыңдығы 2-5 миллиметр ағаш, қалың қағаз және тығын төсемдер жасалады.
      41. Графика туындылары жартылай паспартуға, әйнегі жоқтары музей затының және паспартудың жоғарғы бөлігіне артқы жағынан қағаз жабыстырғышпен қағаз топсаға бекітіледі.
      42. Қолжазба кітаптары (пергаментте және қағазда орындалған) жарық пен шаңнан сақтауды қамтамасыз ететін арнайы шкафтарда сақталады.
      Көне қолжазбалар мен ескі баспа кітаптары қаптарда немесе қораптарда сақталады.
      Мақтау қағаздары (пергамент және қағазда орындалған) папкаларда шкафтар мен стеллаждарда көлденең күйінде сақталады.
      43. Күкіртті және тұзды қоспалы минералдар тығыз тығындалған мойны кең банкаларда сақталады.
      44. Матадан жасалған музей заттары материал түрлері бойынша жабық шкафтарда немесе жәшіктерде сақталады, мата микалентті қағазбен оралады.
      45. Алтын, күміс, меруерт және өзге де бедерлі тігістермен және аң терісімен әшекейленіп тігілген музей заттары жеке сақталады, әр зат микалентті қағазға оралып, заттардың арасына бірнеше қабат микалентті қағаз салынады.
      46. Теріден жасалған музей заттары жоңқалы-ағаштардан дайындалған плиталардан басқа шкафтарда сақталады:
      1) теріден тігілген киімді бұрыштарында мақталы жастықшалардан жасалған төсемелері бар киім ілгіштерде сақтайды;
      2) теріден тігілген бас киімдерді жеке қораптарда сақтайды. Пішінін бұзылудан сақтау үшін бас киімдерді қалыптарға кигізеді;
      3) аяқ киім іші жұмсақ қағазбен тығыздалған ағаш қалыптарда сақталады;
      4) тері әбзелдер шкафтарда дөңгелек ағаш тіреуіштерге ілінеді.
      47. Ағаштан жасалған мүсін, үлкен көлемді сандықтар мен жіп иіру станоктары стеллаждарда немесе полкаларда сақталады.
      48. Ірі және орташа көлемді мүсіндер подиумдар, стеллаждар мен тұғырларда сақталады.
      49. Фарфордан, қыштан, шыныдан, әктастан, гипстен, мәрмәрдан жасалған музей заттары әйнектелген шкафтардың сөрелерінде сақталады.
      50. Түрлі-түсті және қара металдан жасалған музей заттары асыл металдан жасалған заттардан бөлек сақталады.
      51. Отты және суық қарулар күзет дабыл құралымен жабдықталған ғимаратта сақталады.
      52. Нумизматика (монеталар, медальдар, ордендер, жетондар, төсбелгілер тағы басқалар) жалпақ тартпа жәшіктерде сақталады. Жәшіктің биіктігі 3-5 сантиметр. Жәшіктерге биіктігі 1,5-2 сантиметр заттардың көлемінен ені мен тереңдігі 1 сантиметрдей асып тұратын картон, пластмасса қораптар (қақпақсыз) орнатылады.
      53. Негативтер мен диапозитивтер металл шкафтарда және ұяшықтары бар қораптарда сақталады, олар әр музей заты қатты қағаздан жасалған конвертке салынады.
      54. Позитивтер өлшеміне сәйкес фотосурет қағазынан жасалған пакетте сақталады, бір пакетте 10 данадан аспайды.
      55. Кинотаспалар стандартты темір қораптарда, дыбыс таспалары қатырма қораптарда сақталады.
      56. Магнит таспалары ағаш сөрелерге тігінен қойылған алғашқы қаптамасында немесе арнайы дайындалған қатырма қағаз қораптарда сақталады.
      57. Оптикалық жинақ дисктер, алынбалы дисктер пластикалық контейнерлерде, шкафтарда сақталады.
      58. Металл геологиялық барлау құралдары (балғалар, шапқылар, жеңілдетілген бұрғы жиынтықтары және басқалар) жұмсақ орында сақталады.
      59. Өсімдіктер, жәндіктер, балықтар мен басқа да ағзалардың ізтаңбалары мақтаға оралып қорапта немесе жәшікте сақтайды.
      60. Топырақ кесектері қабырғаға бұрышымен қойылған арнайы жәшіктерде, ал химиялық сараптамаға алынған топырақ сынамалары берік кептелген тығынды шыны ыдыстарда сақталады.
      61. Гербарилер папкаларда, есігі берік жабылатын шкафтарда, герметикалық шкафтар немесе қораптарда сақталады.
      62. Зоологиялық музей заттары келесідей әдістермен сақталады:
      1) бағалы аң терілері шкафтарда ілулі күйінде;
      2) аң-құстардың тұлыптары берік жабылатын шыны есікті шкафтарда немесе стеллаждарда сақталады. Зоологиялық классификацияға сәйкес бір-бірінен алшақ орналасады.
      3) құстар мен сүтқоректілердің тұтас тұлыбы сандықтарда;
      4) спирт немесе формалинге салынған зоологиялық музей заттары шыны ыдыста, саңылаусыз шкафтарда сақталады.
      63. Антропологиялық музей заттары:
      1) бассүйектер шкафтарда сөрелерде;
      2) қаңқа сүйектері жеке жәшіктерде;
      3) шаш эфирмен жуылып, аузы мақтамен және тығынмен жабылған шыны пробиркаларда;
      4) мәңгі тоң басқан жағдайда сақталған қаңқа сүйектері түбегейлі консервацияланғанша 180С кем емес температурада тоңазытқыш шкафта сақталады.

4. Музей заттарын пайдалану

      64. Музей заттары:
      1) экспозиция үшін;
      2) ғылыми зерттеу үшін;
      3) фототүсірілімдер және видеотүсірілімдер үшін;
      4) концерттер үшін пайданылады.
      65. Музей заттары ескірген жағдайда пайдаланылмайды.
      66. Музей заттарын тасымалдау қор сатып алу (қор іріктеу) комиссиясының ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      67. Тасымалдау кезінде барлық музей заттары топтары бойынша алынбалы бөлшектері бар жәшіктерге, қораптарға жеке-жеке жұмсақ қағазбен бірінен бірі бөлек оралып салынады. Музей заттарының бөліктері бөлек оралып, бір жәшікке салынады.
      Жәшіктердің немесе қораптардың ішінде музей заттары:
      1) бағалы металдар мен тастардан жасалған музей заттары арнайы құтыларға салынады;
      2) металдан жасалған музей заттары мен қарулар жұмсақ қағазбен оралады немесе арнайы қапқа, құндаққа салынады. Оралмас бұрын шаңнан тазартылып, майланады. Безендірілген жерлері балқытылған балауыз немесе парафин сіңдірілген қағаз немесе дәкемен желімделеді;
      3) қамқа немесе алтын және күміс жіптермен тігілген музей заттары үлкен жәшікке ұзыны бойына жайылып қойылады, киімге тігілген түймелер жұмсақ қағазбен оралады, мүмкіндігінше металл бөлшектері сөгіліп алынады;
      4) жүннен және теріден жасалғандар зиянкестерден сақтайтын құралдармен өңделген қағаздарға оралады. Оралмас бұрын тарақпен таралады;
      5) теріден жасалғандар жұмсақ қағазбен оралады. Оралмас бұрын музей заттары жұмсартқыштармен (үпілмәлік майы, ланолин, жұмыртқаның сарысы қосылған глицерин сұйықтығы) майланады. Тері аяқ киімнің іші жұмсақ материалмен толтырылып, қаптар алдында кептіріледі.
      68. Музей заттарын қаптау кезінде:
      1) әр музей затының оқшаулығы;
      2) әр музей затына шамадан тыс қысым түсірмеу;
      3) жәшіктерге қапталған музей заттарының толықтай қозғалмауы қамтамасыз етеді.

5. Музей заттарын есептен шығару

      69. Музей заты қор сатып салу (қор-іріктеу) комиссиясының ұсынымдарына сәйкес:
      1) музей заты бүлінгенде;
      2) мемлекеттік музейлерге, мемлекеттік ұйымдарға тұрақты пайдалануға берілгенде;
      3) мемлекеттік музейлермен, мемлекеттік ұйымдармен айырбастау кезінде есептен шығарылады.
      Музей заты мемлекеттік музейлерге, мемлекеттік ұйымдарға тұрақты пайдалануға берілгенде немесе айырбасталған жағдайда қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
      70. Қор сатып салу (қор-іріктеу) комиссиясы ұсынымдарының негізінде осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша музей заттарын есептен шығару актісі жасалады.
      71. Есептен шығару актісі музей директорымен бекітіледі және (бар болған жағдайда) музейдің мөрімен басылады.
      72. Акт бекітілгеннен кейін Негізгі қордың түсім кітабындағы «ескерту» бағанына есептен шығару актісінің мерзімі мен нөмірі көрсетіліп, музей затының есептен шығарылғандығы жөнінде жазба енгізіледі.
      Бейінсіз музей заттары есептен шығарылған жағдайда, Негізгі қордың түсім кітабындағы «ескерту» бағанына жазба енгізілгеннен кейін музей заттары ақысыз негізде басқа мемлекеттік мекемелерге беріледі.

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
1-қосымша          

Нысан

«Бекітемін»    
_____________________
(музейдің толық атауы)
директоры     
«__»_____20__жыл  


Музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға
қабылдау актісі

      Осы акт « »___________20__жылы үш данада_________________атынан
                                         (мемлекеттік музейдің аты)
_____________________________________________________________________
   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - А.Ж.Т.),
                                лауазымы)
қабылдағаны, ал________________________________________________атынан
               (жеке тұлғаның А.Ж.Т. немесе заңды тұлғаның аты)
____________________________________________ төмендегі музей заттарын
          (А.Ж.Т., лауазымы)

тұрақты немесе уақытша пайдалануға тапсырғаны туралы жасалды:
      (керегін сызу)

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі

Музей заттарының саны

Музей затының шифры

Музей затының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Акт бойынша жалпы соммасы __________ (теңгемен) болатын _____________
                    (санмен және жазумен)       (санмен және жазумен)
бірлік музей заты қабылданды.

Негіз: (қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясы хаттамасының №__,
мерзімі)

Қосымша тіркелген құжаттардың тізімі (болған жағдайда):

Осы актіні толтырған тұлғалардың қолы_______________________________.
                            (А.Ж.Т., құжатты тапсырған тұлғаның қолы)

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
2-қосымша          

Нысан

«Бекітемін»    
_____________________
(музейдің толық атауы)
директоры     
«__»_____20__жыл  


Музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға тапсыру
актісі

      Осы акт « »___________20__жылы___________________________атынан
                                     (мемлекеттік музейдің аты)
______________________________________________« » 20_____ жылға дейін
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - А.Ж.Т.),
                   лауазымы)
тапсырғаны, ал________________________________________________ атынан
                     (заңды тұлғаның аты)
_______________төмендегі музей заттарын мәдениет саласындағы атқарушы
(А.Ж.Т., лауазымы)

уәкілетті органның немесе облыстық жергілікті атқарушы органның
(республикалық маңызы бар қаланың және астананың) арнайы рұқсатының
негізінде тұрақты немесе уақытша пайдалануға
                        (керегін сызу)
қабылдағаны туралы жасалды:

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі

Музей заттарының саны

Музей затының шифры

Музей затының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Акт бойынша барлығы __________________бірлік музей заты қабылданды.
                   (сан және жазумен)
Қолдар______________________________

(парақтың келесі бетін қараңыз, уақытша пайдалануға тапсыру кезінде)

Тапсыру келесі шарттарды міндетті орындаумен іске асырылды:
1. Осы акт негізінде тапсырылған музей заттары_______________________
музейге осы актіде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей қайтарылуы
қажет, сонымен қатар қосымша талаптар қойылмауы керек.
2. Тапсырылған музей заттарын қаптау және жеткізу____________________
есебінен төленеді.
3. Тапсырылған музей заттарының сақталуы берілген күйінде қайтарылуы
керек.
Тапсырылған музей заттары жоғалған немесе ішін-ара бүлінген жағдайда
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жоғалған музей затының құнын немесе қалпына келтірудің құнын өтеуге
міндетті.
4. Музей заттарын уақытша сақтау мерзімі ішінде, музей заттарының
тиісті жағдайда сақталуын музей___________________________ бақылайды,
сол себепті__________________________________________________________
музей өкіліне музей затын қарауға рұқсат етуге және оны сақтауға
байланысты барлық нұсқауларды орындауға міндетті.

Белгіленген шарттармен таныстым: ____________________________________
                                               (қолы)

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
3-қосымша          

Нысан

      Тұрақты пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабы

Жазылған мерзімі

Актінің нөмірі

Музей затының қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының саны

Музей затының түсім көзі

Ескерту, тапсырған қабылдаған тұлғалардың қолы

1

2

3

4

5

6

7








Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
4-қосымша          

Нысан

      Тұрақты пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабы

Жазылған мерзімі

Актінің нөмірі

Музей затының қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының саны

Музей затының түсім көзі

Ескерту, тапсырған қабылдаған тұлғалардың қолы

1

2

3

4

5

6

7








Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
5-қосымша          

Нысан

      Уақытша пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабы

Жазылған мерзімі

Актінің нөмірі

Музей затының қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының саны

Музей затының түсім көзі

Пайдалану уақыты

Қайтару туралы белгі

Ескерту, тапсырған қабылдаған тұлғалардың қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
6-қосымша          

Нысан

      Уақытша пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабы

Жазылған мерзімі

Актінің нөмірі

Музей затының қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының саны

Музей затының түсім көзі

Пайдалану уақыты

Қайтару туралы белгі

Ескерту, тапсырған қабылдаған тұлғалардың қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
7-қосымша          

Нысан

                   Негізгі қордың түсім кітабы

Жазылған мерзімі

Түсім көзі және мерзімі, музей затын тұрақты пайдалануға қабылдау актісінің нөмірі

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, шыққан жері, жазбалар және тағы басқалар)

Музей заттарының саны

Музей затының материалы және жасалу техникасы

Музей затының көлемі, бағалы металдар мен тастар үшін жалпы салмағы

Музей затының бағасы (сатып алынған жағдайда

Музей затын қабылдаған құрылымның немесе бөлімнің атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
8-қосымша          

Нысан

                  Уақытша қордың түсім кітабы

Жазылған мерзімі

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы (материалы, жасалу техникасы, өлшемі, жалпы салмағы сақталу жағдайы)

Музей заттарының саны

Музей затын уақытша пайдалануға қабылдау актісінің нөмірі, мерзімі

Музей затын қайтару мерзімі

Музей затын қабылдаған құрылымның немесе бөлімнің атауы

Музей затының қайтарылғаны туралы белгі (мерзімі, орны)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
9-қосымша          

Нысан

            Музей заттарының коллекциялық тізімдемесі

Музей затының атауы және сипаттамасы

Музей затының материалы және жасалу техникасы

Музей затының көлемі, жалпы салмағы

Музей затының сақталу жағдайын сипаттау

Ескерту

1

2

3

4

5

6

Коллекцияның атауы:_________________________________________________;
Коллекциядағы заттардың саны:_______________________________________;
Коллекцияның бағасы:________________________________________________;
Коллекцияның табылған орны және мерзімі:____________________________;

Музей заттарын тұрақты/уақытша пайдалануға қабылдау актісін немесе
Музей заттарын тұрақты/уақытша пайдалануға тапсыру актісінің нөмірі
____________________________________________________________________;
Негізгі қордың түсім кітабы немесе Уақытша қордың түсім кітабы
бойынша реттік нөмірі_______________________________________________;

Тізімдеме толтырылған мерзім:________________________________________

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
10-қосымша          

Нысан

                         Кітаптар тізімдемесі

Кітап атауы, шифрі және нөмірі

Кітапта берілген нөмірлердің саны

Кітапты жазба енгізудің басталу және аяқталу мерзімі

Ескерту

жойылғандар

қолданыстағы

барлығы

1

2

3

4

5

6

7








Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
11-қосымша          

Нысан

Музей заттарын есептік түгендеу кітабы
_____________________________________________
(негізгі қор немесе топ бойынша «_________»)

Жазылған мерзімі

Негізгі қордың түсім кітабы бойынша нөмірі

Музей затының шифрі

Музей затының атауы және сипаттамасы

Музей затының шығуы

Музей затының материалы және жасалу техникасы

Музей затының көлемі және жалпы салмағы (бағалы металдар мен тастар үшін)

Музей затының сақталу жағдайы

Түсім көзі және әдісі, түсім құжаты, бағасы

Ескі жойылған түгендеу кітаптары бойынша музей затының нөмірі мен шифрі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
12-қосымша          

Нысан

_______________________ түгендеу карточкасы
(музей затының атауы)

Музейдің толық атауы:________________________________________________
Музейдің құрылымдық бөлімшесі:_______________________________________

      1. Музей затының Негізгі қордың түсім кітабы бойынша реттік
нөмірі және мерзімі_________________________________________________.
      2. Музей затының түгендеу нөмірі және классификациясы бойынша
тобы________________________________________________________________.
      3. Музей затының ескі түгендеу нөмірі (болған жағдайда)_______.
      4. Музей затының сипаттамасы:
      1) Фотоның орны (немесе тіркеледі);
      2) Материалы және жасалу техникасы;
      3) көлемі, жалпы салмағы және бағалы металдар мен тастар үшін
сынамасы;
      4) негізгі белгілері (пішіні, қолданылуы, құрылымы, сыртқы
қабаты, түсі, сюжеті, композициясы, көркемдік стилі, бейнеленуі,
жазулары, мөр, белгілері және басқалар)_____________________________.
      5. Музей затының сақталу жағдайы:_____________________________.
      6. Жарияланымдар, пайдаланылуы:_______________________________.

      Толтырылған мерзімі: « »   20 жыл

      Толтырған:_____________________________________________________
                (аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы, қолы)

      Ескерту:
      Түгендеу карточкасын толтыру кезінде бағалы металдар мен
тастардан жасалған заттарды (соның ішінде монеталар, бұйымдар және
тағы басқалар) «материал» бағанында заттың қандай металл мен
тастардан жасалғандығы, «өлшемі мен салмағы» бағанында
заттың биіктігі, ені, тереңдігі (егер зат дөңгелек пішінді болса
диаметрі) 1 миллиметрге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. 100 граммға
дейінгі музей затының салмағы 0,01 граммен, 100 граммнан жоғарылар
0,1 граммен, бағалы тастардың салмағы – 0,01 караттық дәлдікпен
көрсетіледі. Ірі көлемді музей заттарының дәлдікпен өлшенген салмағы
ескертуде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
13-қосымша          

Нысан

«Бекітемін»    
_____________________
(музейдің толық атауы)
директоры     
«__»_____20__жыл  

                        «___»________20 жылғы №

     Музей заттарын салыстырмалы тексеру қорытындысы актісі

      Осы акт _________________ директорының «___»_______20 жылғы №__
           (музейдің толық атауы)
«________________________________________» бұйрығына сәйкес жасалып,
          (бұйрықтың атауы)
музей заттарын салыстырмалы тексерудің қорытындысы бойынша келесі
анықталды:

____________________________________________ есеп құжаттарына сәйкес
(кітаптың және (немесе) актінің атауы, нөмірі)

« » _________ 20 _____ жылға барлығы ________________________________
                                          (санмен және жазумен)
бірлік музей заты, олардың ішінде ___________________________________
                        (атауы, түгендеу нөмірі, қысқаша сипаттамасы)
музей заты бар.

Іс жүзінде музей заттарын салыстырмалы тексерудің нәтижесінде
« » _________ 20 _____ жылға барлығы ________ бірлік музей заты, оның
                             (санмен және жазумен)
ішінде ______________________________________________ музей заты бар.
       (атауы, түгендеу нөмірі, қысқаша сипаттамасы)

Барлығы ______________________________музей заты анықталды (тіркелді)

Осы актіні толтырғандар: 1) _________________________________________
                  (аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы, қолы)

Қазақстан Республикасы     
музей қорының музей заттарын  
есепке алу, сақтау, пайдалану және
есептен шығару нұсқаулығына  
14-қосымша          

Нысан

«Бекітемін»    
_____________________
(музейдің толық атауы)
директоры     
«__»_____20__жыл  

                    «____» _________20___жылғы №

             Музей заттарын есептен шығару жөніндегі акт

Комиссия төрағасы____________________________________________________
              (аты, жөні, тегі (болған жағдайда) (бұдан әрі - А.Ж.Т.)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                         (барлық комиссия мүшелерінің А.Ж.Т.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(музей заты бүлінгенде, мемлекеттік ұйымдарға тұрақты пайдалануға
                       берілгенде, мемлекеттік
_______________________ _____________________________________________
         ұйымдармен айырбастау кезінде есептен шығарылады)

төмендегі музей заттарын есептен шығару жөнінде осы актіні жасады

Музей заттарының атауы және қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының саны

Музей заттарының Негізгі қордың түсім кітабы бойынша түгендеу нөмірі

Музей заттарының құны

Музей заттарының сақталу жағдайы

Ескерту


1

2

3

4

5

6








      Барлығы ________________________ бірлік музей заты
               (санмен және жазумен)

      Комиссия төрағасы:___________________________
                              (қолы А.Ж.Т.)