Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 16-2-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет миинстрілінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ А. Исекешев
2015 жылғы "__" ________
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 151 бұйрығымен бекітілген |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың
ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
1) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдар қызметкерлерінің қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, іздестіру істері және атқарушылық іс жүргізу шегінде ақпаратты алу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ, Жүйе) электрондық ақпараттық ресуртарды алу тәртібін;
2) ҚАО ААЖ пайдаланушыларын тіркеуді;
3) ҚАО ААЖ-ға электрондық сұрауды жолдау тәртібін;
4) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты сақтау мерзімдерін, тәртібін және шарттарын анықтайды.
2. ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі
2. ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарды алу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес негіздер бойынша, нысан бойынша ҚАО ААЖ рөлдерін бөлу тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сервистерге қолжетімділік құқықтарына және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша экономикалық қылмыстар бойынша қылмыстық істер жөнінде сұрау үшін Баптар тізбесіне сәйкес Жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ҰКО ЭЦҚ) құралдарын қолдана отырып, Мемелекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырады.
3. ҚАО ААЖ-дан электрондық құжат нысанындағы электрондық ақпараттық ресурстарды алуға берілген сұрау қағаз тасымалдағыштағы құжатқа тең.
4. ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алу үшін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, іздестіру істерінің және атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетілген сұрау негіз болады.
5. Сұраудың негізділігі ҚАО ААЖ операторының "Арнайы есепке алу" (бұдан әрі – АЕ ААЖ), "Атқарушылық іс жүргізу органдарының" (бұдан әрі – АІО ААЖ), "Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі" (бұдан әрі – СДТБТ) автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде пайдаланушының іс жүргізуінде осы Қағидалардың 22-тармағының 2-бөлігін қоспағанда, сұрауға бастама жасауға негіз болған материалдардың болуын тексеруіне жатады.
6. ҚАО ААЖ пайдаланушылары сұраудың негізділігін, алынған ақпаратты сұрауда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді.
7. ҚАО ААЖ-ға Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдарының қолжетімділігі осы Қағидалардың 4-қосымшасында баяндалған пайдаланушылардың және дербес деректердің талаптарын сақтаған жағдайда беріледі.
8. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – МО АЖ) арқылы электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді алу МО АЖ және ҚАО ААЖ ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. ҚАО ААЖ пайдаланушыларын тіркеу
9. Сұраулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауды және оларды қолдануды ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды осы органдардың басшылары белгілейді.
10. Лауазымды тұлғалар ҚАО ААЖ-дағы сұраулардың негізділігін ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді.
11. Ведомстволық бақылау ведомстволық бағынысты қызметкерлердің барлық сұраулары көрсетілетін "Есептер" функционалы арқылы сұраулардың кезеңдік мониторингінде, алайда айына кемінде бір рет жасалады.
12. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын және осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда көрсетілген лауазымды тұлғалар қолжетімділікті бұғаттау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы мәселені қарау бойынша шараларды қабылдайды.
13. Пайдаланушы портал арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі – ҚСжАЕК), осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне" қолжетімділікті ұйымдастыруға электрондық өтінімді жібереді.
14. Жүйенің операторы сұрау түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде Өтінімге сәйкес пайдаланушының ҚАО ААЖ-дағы рөлін, пайдаланушының ҚАО ААЖ-де тіркеуінің болуын анықтайды немесе ҚАО ААЖ порталы арқылы ҚСжАЕК-де тіркелген ҰКО ЭЦҚ құралдарымен қол қойылған тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді. Жүйе пайдаланушысын бұғаттауға өтінімді алған кезде ҚАО ААЖ операторы осы пайдаланушының қолжетімділігін дереу бұғаттайды.
15. Пайдаланушының басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу себебімен құқықтары өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір тәулік ішінде ҚАО ААЖ-ға электрондық өтінімді жібереді.
16. Қызметкерді жұмыстан босатқан, лауазымынан шеттеткен жағдайда, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органның жауапты лауазымды тұлғасы ҚАО ААЖ-ға пайдаланушыны бұғаттауға дереу өтінім жібереді.
17. Бірінші кірісте, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, пайдаланушы ҰКО ЭЦҚ құралдарымен ҚАО ААЖ-ны қолдану құқықтары туралы келісімге қол қояды. Электронды қол қойылған келісім және қол қою күні Жүйеде тіркеледі.
4. ҚАО ААЖ-ға электрондық сұрауды жіберу тәртібі
18. ҚАО ААЖ-ға кіру пайдаланушының ҰКО ЭЦҚ құралдарымен жүзеге асырылатын Аутентификация рәсімі жүйесін пайдаланушының өтуінен басталады.
19. Электрондық нысанда қол қойылған келісім болған жағдайда аутентификацияны сәтті өткен Жүйе пайдаланушысы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті және ҚАО ААЖ-да жүзеге асырылған сервистер бойынша сұрауды жіберу мүмкіндігін алады.
20. Жеке және заңды тұлға туралы бастапқы мәліметтерді алу үшін ҚАО ААЖ пайдаланушысы сервистерге қолжетімділік Тізбесі және Құқықтарына сәйкес, "бастапқы тексеріс" негіздемесі шегінде сұрау жібереді.
21. Қылмыстық іс шегінде сұрау жіберген кезде Жүйе пайдаланушысы, соның ішінде тергеу-жедел топтарының мүшелері СДТБТ жүйесімен берілген қылмыстық істің нөмірін көрсетеді.
22. Тергеу тапсырмаларын басқа қылмыстық қудалау органдарына орындау үшін жолдаған және сот қарап жатқан қылмыстық іс бойынша қосымша мәліметтерді жинау туралы прокурордың тапсырмаларын орындаған жағдайда, қылмыстық іс нөмірінің және тиісті тапсырманың шығыс нөмірінің толтырылуы міндетті.
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларды орындаған кезде Жүйе пайдаланушысы тапсырманың шығыс нөмірін, тапсырманы жолдаған органды сондай-ақ тапсырманы орындау туралы шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасы уәкілетті органының ілеспе хатының шығыс нөмірін көрсетеді.
Бұл жағдайларда, қылмыстық іс аясында көзделген көлемде мәліметтерге қолжетімділік ұсынылады.
23. Әкімшілік іс шегінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар сұрау жіберген кезінде, Жүйе пайдаланушысы АЕ ААЖ жүйесімен берілген әкімшілік істің нөмірін көрсетеді.
24. Сот органдары қаралып отырған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да ерекше жағдайлардың аясында, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бірлескен бұйрықтармен реттелуі тиіс ҚР СО БААТЖ-нің ҚАО ААЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы ҚАО ААЖ ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алады.
25. Әкімшілік іс шегінде сот органдары сұрау жіберген кезінде, Жүйе пайдаланушысы әкімшілік істің нөмірін, есепке алу жылын, ҚР СО БААТЖ-інде тіркелген, шешім қабылдаған сот органын көрсетеді. Азаматтық іс шегінде сот органдары сұрау жіберген кезінде, Жүйе пайдаланушысы азаматтық істің нөмірін, есепке алу жылын, ҚР СО БААТЖ-інде тіркелген, шешім қабылдаған сот органын көрсетеді.
26. Іздестіру ісі шегінде сұрау жіберген кезінде, Жүйе пайдаланушысы АЕ ААЖ жүйесімен берілген іздестіру ісінің нөмірін көрсетеді.
27. Атқарушылық іс жүргізу шегінде сұрау жіберген кезінде, Жүйе пайдаланушысы АІО ААЖ жүйесімен берілген атқарушылық іс жүргізудің толассыз нөмірін көрсетеді.
28. Электрондық түрде соттың санкциясын алу ҚАО ААЖ және ҚР СО БААТЖ-нің ықпалдасуы арқылы жүзеге асырылады.
29. ҚАО ААЖ пайдалану үдерісінде барлық параметрлерді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
30. Жүйе пайдаланушылары ақпаратты сұраудың негізділігін, дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманың, заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын, сондай-ақ олардың сұрауда мәлімделген мақсаттарда ғана қолданылуын қамтамасыз етеді.
31. ҰКО ЭЦҚ құралдарын басқа адамдарға беруге жол берілмейді.
32. ҚАО ААЖ-дан мәліметтер алғаннан кейін Жүйе пайдаланушысы олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
33. Жүйе пайдаланушысы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
34. ҚАО ААЖ-дан алынған, дербес деректерге жататын деректерді заңсыз жинағаны және өңдегені, сондай-ақ жария еткені үшін Жүйе пайдаланушысына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауаптылық жүктеледі.
35. ҚАО ААЖ операторы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалануды, сүйемелдеуді, дамуын, мониторингін жүзеге асыру;
3) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің үздіксіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ қорғалуын қамтамасыз ету;
4) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің анықталған кемшіліктеріне жедел ықпал етуді қамтамасыз ету және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
36. Жүйе пайдаланушыларының тиісінше жұмыс істеуіне, оларды тіркеуге, сұраулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған элетрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты, олардың қолданылуын, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын ұйымдастыруға жауапты ҚАО ААЖ операторының лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілейді.
37. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда ҚАО ААЖ операторы олардың себептерін анықтау және жою үшін талдау жүргізеді.
38. Жүйе пайдаланушыларына қолжетімділік апаттық жағдайлар кезіндегі тоқтап тұру уақытынан немесе ҚАО ААЖ порталында жарияланған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуден басқа, тәулік бойы ұсынылады.
39. Жүйе пайдаланушыларының барлық сұраулары Log-журналдарда тіркелуі тиіс.
40. Жүйелердің Log-журналын толтыру кезінде деректер толтырылуына қарай мұрағатталады. Мұрағат ҚАО ААЖ-ның бүкіл жұмысы кезіндегі деректерді қамтуы тиіс.
41. Хабарламаларды жіберудің бір сағаттан астам кідіруіне әкеп соғатын апаттық жағдайдың барлық оқиғалары ҚАО ААЖ-ның Log-журналында тіркелуі тиіс.
42. Болжанбаған және апаттық жағдайлар туындаған кезде ҚАО ААЖ операторы оларды анықтау және жою үшін тиісті шараларды қабылдауы тиіс. ҚАО ААЖ-ға қолжетімділіктің бір сағаттан астам кідіртілуіне әкеп соғатын барлық болжанбаған және апаттық жағдайлар туралы Жүйе пайдаланушысы ҚАО ААЖ операторына ҚАО ААЖ порталында көрсетілген байланыс телефондары мен электрондық пошта арқылы міндетті түрде хабарлауы тиіс.
43. ҚАО ААЖ операторы өз кезегінде болжанбаған немесе апаттық жағдайлардың туындау фактісін басталу күнін, уақытын, себептерін және кідіртілуді жою бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Авариялық жағдайлар журналында тіркейді.
44. ҚАО ААЖ-дағы жоспарланған техникалық жұмыстардың уақыты туралы хабарландыру (оның ішінде сөндіру, өзгерту, жаңарту және басқа әрекеттер) ҚАО ААЖ порталында жарияланады.
45. Жүйе пайдаланушысы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын және осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ҚАО ААЖ операторы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті бұғаттайды.
46. Егер ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті алуға өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс емес, толық емес немесе өзекті емес болса, ҚАО ААЖ операторы Жүйе пайдаланушысына ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті тіркемейді және ұсынбайды.
47. ҚАО ААЖ операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, пайдаланушылар туралы жеке ақпаратты таратуға жол бермейді.
48. Осы Қағидаларда көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда ҚАО ААЖ операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қарау бойынша шараларды қабылдайды.
49. ҚАО ААЖ-дан алынған дербес деректерге жататын деректерді заңсыз жинағаны және өңдегені, сондай-ақ жария еткені үшін Жүйе пайдаланушысына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық жүктеледі.
50. Алынған ақпарат сұрау материалдарының негізінде материалдарда сақталады. Қылмыстық іс үшін маңызы жоқ мәліметтер жоюға жатады.
51. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына қарай анықталады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жоюға жатады.
52. ҚАО ААЖ-дан алынған, жергілікті құрылғыға жүктелген мәліметтердің электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дереу жоюға жатады.
53. Электронды сұраулар және оларды өңдеу нәтижелері үнемі ҚАО ААЖ-де сақталады.
54. ҚАӨО пайдаланушыларының ҚАО ААЖ-дан ақпарат алуының заңдылығын тексеру мақсатында, прокурор ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтердің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында ҚАО ААЖ операторынан көрсетілген органдардың пайдаланушылары жіберген сұраулар туралы мәліметтерді және ҚАО ААЖ-дан алынған ақпарат туралы сұрайды.
55. Прокурор Жүйе пайдаланушыларының қызметтік әрекетті жүзеге асыруы барысында ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алу заңдылығын тексеруді жүргізу үшін тексеру жүргізу туралы қаулының болуы негіз болып табылады, оның көшірмесі прокурор жіберетін сұрауға қоса беріледі.
56. Тексеру барысында Жүйе пайдаланушыларының ақпаратты заңсыз алу фактілері анықталған жағдайда, прокурор кінәлі лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тарту туралы мәселені қояды.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Негіздер бойынша ҚАО ААЖ рөлдерін бөлу тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
| Қылмыстық іс | Әкімшілік іс (Сот) | Әкімшілік іс (ҚСжАЕК) | Азаматтық іс (сот) | Бастапқы тексеру | Атқарушылық іс жүргізу (4-нысан) | Іздестіру ісі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1. | Прокурор | + | + | + | + | + | ||
2. | Жүйенің әкімшісі | + | ||||||
3. | Судья | + | + | + | ||||
4. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеушісі (бұдан әрі - ІІМ) | + | + | + | ||||
5. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі (бұдан әрі – ҰҚК) | + | + | + | ||||
6. | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеушісі (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) | + | + | + | ||||
7. | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі (бұдан әрі – ҚМА) | + | + | + | ||||
8. | ІІМ анықтаушысы | + | + | + | ||||
9. | ҰҚК анықтаушысы | + | + | + | ||||
10. | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицері | + | + | + | + (есепке алу-тіркеу тәртібі) | |||
11. | ҚМА-ның офицері | + | + | + | + (есепке алу-тіркеу тәртібі) | |||
12. | Қорғаныс министрлігінің (Қарулы Күштердің әскери полициясы Бас басқармасының) қызметкері | + | + | + | + | |||
13. | Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері | + | + | + | ||||
14. | Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкері | + | + | |||||
15. | Сот орындаушысы | + | + | |||||
16. | Мемлекеттік күзет қызметінің анықтаушысы | + | + | + | ||||
17. | Әкімшілік полиция қызметкері | + | + | |||||
18. | Криминалдық полиция қызметкері | + | + | + | ||||
19. | ІІМ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы | + | + | |||||
20. | ІІМ жергілікті полиция қызметінің ювенальдық полиция қызметкері | + | + | |||||
21. | ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері | + | + | |||||
22. | ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкері | + | + | |||||
23. | Ішкі істер органдарының жедел қызметкерлері | + | ||||||
24. | ІІМ Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері | + | + | |||||
25. | Кадр қызметінің қызметкері | + |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Сервистерге қолжетімділік құқықтары
Қылмыстық іс | Әкімшілік іс (сот) | Әкімшілік іс (ҚСжАЕК) | Азаматтық іс | Бастапқы тексеру | Атқарушылық іс жүргізу (4 нысан) | Іздестіру ісі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1. | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
2. | "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
3. | "Жылжымайтын мүлік регистрі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
4. | "Жер учаскесі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
5. | "Көлік құралдары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
6. | "Тіркелген қару" деректер базасы | + | + | + | + | Тек ІІМ | + | + |
7. | "Теміржол көлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
8. | "Шағын өлшемді және өзен кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
9. | "Теңіз кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
10. | "Ауылшаруашылық техникасы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
11. | "Зейнетақы аударымдары" деректер базасы | + | қиылған | қиылған | қиылған | қиылған | + | + |
12. | "Мүгедектік" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
13. | "Әлеуметтік көмек" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
14. | "Еңбек нарығы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
15. | Тұлғалардың ХҚКО-дан алған қызметтері туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + | |
16. | "Арнайы есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
17. | "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
18. | "Атқарушылық іс жүргізу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
19. | "Сот органдарының" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
20. | "Сот карточкалары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
21. | "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
22. | "Талаптар" | + | + | + | + | + | + | + |
23. | "Криминалдық автокөлік" деректер базасы | + | + | + | + | |||
24. | "Криминалдық қару" деректер базасы | + | + | + | + | |||
25. | "Жол-көлік оқиғаларының есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
26. | Мемлекеттік қызметкерге сұрау салу | + | + | + | + | + | ||
27. | Халықты құжаттау жүйесінен сурет | + | + | + | + | Тек ІІМ | + | + |
28. | Халықты құжаттау жүйесінің 1-нысаны | + | + | + | + | + | + | |
29. | "Жүргізуші куәлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
30. | "Е-Нотариат" деректер базасы | + | + | + | + | |||
31. | "Тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
32. | "Азаматтық хал актілерін жазу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
33. | ҚР азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + | |
34. | Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + | |
35. | "Салық төлеушілердің" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
36. | Салық берешегі туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + | |
37. | Қарсы тексерістер туралы мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
38. | ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
39. | Салық есептілігі туралы мәліметтер (СЕТМ)** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
40. | Контрагенттер бойынша мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
41. | "Е-лицензиялау" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
42. | "Электрондық мемлекеттік сатып алулар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
43. | "Сыртқы экономика қызметіне қатысушылар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
44. | "Жолаушылар кедендік декларациялары бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
45. | "Көлік құралына декларациялар бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
46. | "Шетелдік жұмыс күші" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
47. | "Монополистер туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
48. | "Жер қойнауын (көмірсутегі шикізаты) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | ||
49. | "Жер қойнауын (қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | ||
50. | "МО тексерулерін есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
51. | Бюджетке түсімдер туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + | |
52. | "Қазақстан темір жолы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
53. | "Қазақтелеком" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
54. | "Тергеуден/анықтаудан жасырынғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
55. | "Хабар-ошарсыз жоғалғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | + |
56. | "Шетелдік жұмысшылардың бұзулары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + | |
57. | Жылжымайтын мүлікке тыйым салу | + | ||||||
58. | Заңды тұлғаға (филиал, өкілдік) тыйым салу | + | ||||||
59. | Жеке тұлғаның қатысуына тыйым салу | + | ||||||
60. | Шетел азаматтарын елден шығару рәсімін бақылау | + | + | + | + | + | + | + |
61. | Мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушыларын тексеру | + | + | + | + | + | + | |
62. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу | + | + | + | + | + | + | |
63. | Мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер | + | ||||||
64. | Техникалық байқаудан өту | + | + | + | + | + | ||
65. | Жер учаскесіне ауыртпалық салу/алу | + | ||||||
66. | Пошта жіберілімдері | + | + | |||||
67. | ЖОО-лардың студенттері мен түлектері туралы мәліметтер | + | ||||||
68. | Этил спиртінің және/немесе шарап материалының өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
69. | Алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
70. | Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
71. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (2-нұсқа) ** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
72. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (3-нұсқа) ** | тек белгілі баптар бойынша | ||||||
73. | Борышкерлер және жауапкерлер туралы мәліметтер | |||||||
74. | Жеке тұлғаның аурулары туралы мәліметтер (емханаға жүгінулері туралы) | |||||||
75. | Жеке тұлғаны диспансерлік есепке алу туралы мәліметтер (Д-есепке алу туралы) | |||||||
76. | Жеке тұлғаны ауруханаға жатқызу туралы мәліметтер (стационарға жолдаулар туралы) | |||||||
77. | Жеке тұлғаны стационарлық емдеу туралы мәліметтер (стационардағы науқастар туралы) | |||||||
78. | 1-деңгейдегі өзара байланыстар | |||||||
79. | 2-деңгейдегі өзара байланыстар |
* МЗТО қиылған сервисі - МЗТО түсімдерінің мөлшерін көрсетпестен
** МКК сервистері қолжетімді болатын баптар осы Қағидалардың 3-қосымшасында сипатталған
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
Сұрау салу үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша баптарының тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 15.02.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | 214-баптың 1-тармағы | Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет |
2 | 214-баптың 2-тармағы | Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет |
3 | 216-баптың 1-тармағы | Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау |
4 | 216-баптың 2-тармағы | Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау |
5 | 216-баптың 3-тармағы | Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау |
6 | 217-баптың 1-тармағы | Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету |
7 | 217-баптың 2-тармағы | Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету |
8 | 217-баптың 3-тармағы | Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету |
9 | 218-баптың 1-тармағы | Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) |
10 | 218-баптың 2-тармағы | Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) |
11 | 218-баптың 3-тармағы | Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) |
12 | 219-баптың 1-тармағы | Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану |
13 | 219-баптың 2-тармағы | Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану |
14 | 220-бап | Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану |
15 | 221-баптың 1-тармағы | Монополистiк қызмет |
16 | 221-баптың 2-тармағы | Монополистiк қызмет |
17 | 221-баптың 3-тармағы | Монополистiк қызмет |
18 | 222-баптың 1-тармағы | Тауар белгісін заңсыз пайдалану |
19 | 222-баптың 2-тармағы | Тауар белгісін заңсыз пайдалану |
20 | 223-баптың 1-тармағы | Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану |
21 | 223-баптың 2-тармағы | Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану |
22 | 223-баптың 3-тармағы | Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану |
23 | 223-баптың 4-тармағы | Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану |
24 | 224-бап | Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы |
25 | 225-бап | Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi |
26 | 226-баптың 1-тармағы | Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу |
27 | 226-баптың 2-тармағы | Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу |
28 | 227-бап | Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi |
29 | 228-баптың 1-тармағы | Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу |
30 | 228-баптың 2-тармағы | Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу |
31 | 228-баптың 3-тармағы | Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу |
32 | 229-баптың 1-тармағы | Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау |
33 | 229-баптың 2-тармағы | Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау |
34 | 229-баптың 3-тармағы | Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау |
35 | 230-баптың 1-тармағы | Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер |
36 | 230-баптың 2-тармағы | Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер |
37 | 230-баптың 3-тармағы | Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер |
38 | 231-баптың 1-тармағы | Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу |
39 | 231-баптың 2-тармағы | Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу |
40 | 231-баптың 3-тармағы | Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу |
41 | 232-баптың 1-тармағы | Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу |
42 | 232-баптың 2-тармағы | Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу |
43 | 233-баптың 1-тармағы | Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану |
44 | 233-баптың 2-тармағы | Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану |
45 | 234-баптың 1-тармағы | Экономикалық контрабанда |
46 | 234-баптың 2-тармағы | Экономикалық контрабанда |
47 | 234-баптың 3-тармағы | Экономикалық контрабанда |
48 | 235-бап | Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау |
49 | 236-баптың 1-тармағы | Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару |
50 | 236-баптың 2-тармағы | Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару |
51 | 236-баптың 3-тармағы | Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару |
52 | 237-баптың 1-тармағы | Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер |
53 | 237-баптың 2-тармағы | Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер |
54 | 238-баптың 1-тармағы | Әдейi банкроттық |
55 | 238-баптың 2-тармағы | Әдейi банкроттық |
56 | 239-баптың 1-тармағы | Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу |
57 | 239-баптың 2-тармағы | Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу |
58 | 241-бап | Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу |
59 | 242-бап | Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну |
60 | 243-баптың 1-тармағы | Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану |
61 | 243-баптың 2-тармағы | Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану |
62 | 244-бап | Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы |
63 | 245-баптың 1-тармағы | Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару |
64 | 245-баптың 2-тармағы | Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару |
65 | 245-баптың 3-тармағы | Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару |
66 | 246-бап | Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер |
67 | 247-баптың 1-тармағы | Заңсыз сыйақы алу |
68 | 247-баптың 2-тармағы | Заңсыз сыйақы алу |
69 | 247-баптың 3-тармағы | Заңсыз сыйақы алу |
70 | 248-баптың 1-тармағы | Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу |
71 | 248-баптың 2-тармағы | Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу |
72 | 248-баптың 3-тармағы | Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу |
73 | 249-баптың 1-тармағы | Рейдерлік |
74 | 249-баптың 2-тармағы | Рейдерлік |
75 | 249-баптың 3-тармағы | Рейдерлік |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 4-қосымша |
Пайдаланушыларға және дербес компьютерлерге
қойылатын талаптар
ҚАО ААЖ-мен жұмыс жасау үшін жеке тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы қажет.
ҚАО ААЖ-мен жұмыс жасауға арналған дербес компьютерлерге қойылатын минималды талаптар:
1) тактілі жиілігі кемінде 1.5 GHz процессор;
2) қатты дисктің бос көлемі кемінде 20 Gb;
3) жедел жады кемінде 1 Gb;
4) желілік карта кемінде 100 Mbps;
5) Adobe Acrobat Reader, Internet Explorer орнатылған пакеті кемінде 7.0, Service Pack 1 немесе жоғары, java 6.0 нұсқасынан төмен емес, java қолдауларымен браузерлері;
6) қорғалған арнаға қосылу;
7) ҰКО ЭЦҚ-ны сақтау үшін түрлі құрылғыларымен жұмыс жасауға арналған орнатылған драйверлер;
8) техникалық құралдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығуға қолжетімділікті толық алып тастау.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың
ақпарат алмасу жүйесіне" қолжетімділікті ұйымдастыруға
ӨТІНІМ №_____
Қызметтік міндеттерді орындау үшін төменде көрсетілген параметрлер бойынша ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруыңызды сұраймын:
Өтініш берушінің деректері | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық): жеке сәйкестендіру нөмірі: | |
Өтініш берушінің жұмыс орны туралы мәліметтер | |
Ұйымның атауы СДТБТ ұйымының коды: Құрылымдық бөлімше: Лауазымы: | |
Өтініш берушінің байланыс деректері | |
Жұмыс телефоны: Ұялы телефон: E-mail: Жұмыстың мекенжайы: | |
Әрекет типі:
Тіркеу
Орнын ауыстыру БұғаттауБұғаттау себебі________________________________________________
"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін" пайдалану құқықтары туралы келісіммен таныстым және келісемін.
Менде Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы құралдарының бар екендігін растаймын.
Менің дербес деректерімді ҚАО ААЖ-ға тіркеу үшін беруге рұқсат етемін.
201__ ж. "___" ____________ ______________ /
қолы
Өтініш берушінің басшысы:____________________________________________ лауазымы |
__________________________________________ _______________/ МО
Т.А.Ә. қолы
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың
ақпарат алмасу жүйесін" қолдану құқықтары туралы
КЕЛІСІМ
________________ қ. 20___ж. "___" _________
______________(мемлекеттік органның атауы) қызметкері болып табылатын
__________________________(Т.А.Ә., лауазымы) тұлғасындағы пайдаланушы
төмендегілер туралы осы Келісіммен таныстырылды және келіседі:
1. Келісімнің мәні
Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің" (бұдан әрі – ҚАО ААЖ, Жүйе) операторы және Жүйе пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы өзара қатынастарды реттеуге арналған.
Пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген, қадағалауды, тергеп-тексеруді, анықтауды, сондай-ақ ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік құқығын беретін басқа функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкері болып табылады.
Келісім пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып, Пайдаланушы осымен ҚАО ААЖ-ның есепке алу жазбасына қатысты құқықтарға ие болу фактісін растайды және осы пайдалану талаптары Келісімнің төменде келтірілген ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.
2. Жалпы ережелер
Жүйені пайдаланушыларға олардың қолжетімділік құқықтарына сәйкес, осы пайдаланушының іс жүргізуіндегі істер мен материалдар шегінде ақпаратты алуға сұрау жіберу мүмкіндігін ұсынады.
Пайдаланушыға қолжетімділік құқығын ҚАО ААЖ-ның әкімшісі ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға ресми жіберілген өтінімнің және Пайдаланушыдан пайдалану келісімі негізінде береді.
ҚАО ААЖ-ға кіру ҰКО ЭЦҚ арқылы мүмкін. ҰКО ЭЦҚ құралдарын алуды пайдаланушы Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарында өздігінен жүргізеді.
ҚАО ААЖ-ға әкімшілік етуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚАО ААЖ операторы) жүргізеді.
3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
1) қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпаратты алу;
2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты қызметтік әрекетте және Қаақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шекте ғана қолдану.
Міндеттері:
1) Пайдаланушы ұзақ уақыт, 2 айдан астам жұмыс орнында болмаған жағдайда өзінің есепке алу жазбасын бұғаттауға өтінім беруге міндетті;
2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау;
3) ҚАО ААЖ-ны Қазақстан Республикасының қолданыстағы қандай да бір заңдарын немесе халықаралық шарттарды қасақана бұзу мақсатында пайдаланбау;
4) ҚАО ААЖ-ны Интернетке шығумен дербес компьютер арқылы пайдаланбау;
5) Пайдаланушыға белгілі құпия ақпаратты жария етпеу және ҰКО ЭЦҚ құралдарын басқа адамдарға бермеу.
ҚАО ААЖ арқылы ақпаратты қызметтік әрекет үшін және осы пайдаланушының іс жүргізуіндегі істер мен материалдар шегінде ғана сұрау.
Пайдаланушының осы Келісімнің ережелерін бұзуы ҚАО ААЖ-ге қолжетімділікті уақытша тоқтатуға немесе толық жабуға, пайдаланушының есепке алу жазбасын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартуға әкеп соғуы мүмкін.
4. ҚАО ААЖ операторының құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
1) егер ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға берілген мәліметтер дұрыс емес, толық емес немесе өзекті емес болса, пайдаланушыға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті тіркемеу және ұсынбау;
2) ҚАО ААЖ арқылы ақпаратты қызметтік емес мақсаттар үшін алған жағдайларда, пайдаланушыға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті жабу немесе уақытша бұғаттау.
Міндеттері:
3) сұралып отырған ақпаратты алудың заңдылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, Пайдаланушылар туралы жеке ақпаратты таратпау.
5. Құпиялылық туралы ереже
Портал арқылы алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және қызметтік мақсаттарда ғана және осы пайдаланушының іс жүргізуіндегі істер мен материалдар шегінде ғана қолданылады.
Құпия ақпарат режимін бұзған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
V–келісім туралы растау, ҚАО ААЖ пайдаланушысының ҰКО ЭЦҚ құралдарымен қол қойылады
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларына 7-қосымша |
"__" _________ 2015 ж. № ______
Нысан
Авариялық жағдайлар журналы
1. Серверлікте орналасқан жабдық айтарлықтай зақымдалған
жағдайдағы әрекеттер:
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
2. ОА орынжайларының ішінара зақымларған кезіндегі әрекеттер:
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
3. Өрт дабылы жағдайындағы әрекеттер
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
4. Кондиционерлерден бас тартқан жағдайдағы әрекеттер
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
5. Электр қуатының көзінен бас тартқан кездегі әрекеттер
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
6. Су басқан жағдайдағы әрекеттер
№ п/п | Әрекеттер | Қажетті уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |