Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12781 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                     Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 9 желтоқсандағы 
№ 638 бұйрығына қосымша 

Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік
құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын
шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету
аймақтарын бекіту туралы


р/с

Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық атауы

Қызмет аймағы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

2.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

3.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы облысының Іле, Қарасай, Талғар және Алакөл аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасын қоспағанда, Алматы облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

4.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Атырау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

6.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

7.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

8.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

9.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

10.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қызылорда облысының, сондай-ақ «Байқоңыр» қаланың әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

11.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

12.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

13.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

14.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

15.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

16.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының және Алматы облысының Іле, Қарасай және Талғар аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

17.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені

Алматы облысы Алакөл ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде