Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қазанда № 12143 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.12.2015 № 1218 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 810 бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 46/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған);
      2) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 47/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 120 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7672 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі   Ұлттық экономика министрі
      _____________ Ә. Исекешев          ____________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      _____________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы «____»___________

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы № 858  
және Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631
бірлескен бұйрығына     
қосымша            

      Нысан

Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                        (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Лицензиаттарға

1

Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы





2

Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы





3

Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы





4

Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы





      Лауазымдық тұлға (-лар) ______________ _________ ______________
         (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
                              ______________ _________ ______________
         (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Тексерілетін
      субъектінің басшысы _________________________ _________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)