Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.12.2020 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2015 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.12.2020 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1117 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер
Ескерту. Рәсімдері жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.12.2020 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер (бұдан әрі — Бірыңғай талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2015 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-62) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді белгілейді.
2. Осы Бірыңғай талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) "Е-Freight" ақпараттық жүйесі – әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандыруға және мониторинг жасауға арналған жүк авиатасымалдау саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Е-Freight" АЖ);
2) жолаушылар манифесі – әуе кемесінің бортында тасымалданатын барлық жолаушылар есімдері көрсетілген жолаушылар ведомосі;
3) жүк манифесі – әуе кемесінің бортында тасымалданатын жүктер туралы деректер көрсетілген жүк ведомосі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар
3. Халықаралық әуежайда багажға, пошта жөнелтілімдерін қатысты қызметтерді көрсету арнайы бөлінген аймақта мыналарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) багаж және пошта жөнелтілімдерін тиеу, түсіру және тасымалдауға арналған техникалық құралдар (жүк тракторлары, арбалар және багажды сұрыптау жүйесі орнатылған автоматты тасымалдау таспалары);
Жылына бір миллионнан артық жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігі бар халықаралық әуежайлар багажды сұрыптау және сканерлеу бойынша автоматтандырылған кешенінен тұратын трансферлік багажды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдаланады;
2) авиакомпаниялар пайдаланатын форматтағы багаж туралы электрондық хабарламалар жөнелту бойынша байланыс құралдары;
3) багажды тиеу және түсіру кезінде штрих кодты сканерлеп, багаждың иесін анықтауға мүмкіндік беретін электрондық оқу құрылғылары;
4) багаждың терминалдағы қозғалысы және таспаға алғашқы және соңғы сөмкенің болжалды берілу уақыты туралы жолаушыларға хабар берудің электрондық жүйесі (ұшып келу залында таспаның үстінде тұратын табло);
5) тасымалдауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау орындары (контейнерлер, паллеттер);
6) тоғысу рейстерінің үш сағат және одан артық уақытқа созылуы кезінде транзиттік, трансферлік жүкті сақтауға арналған аймақ пен құрал-жабдық (арба);
7) "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін сыныптау үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды жабдықтауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын бірыңғай үлгілік талаптар және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті паспортының нысаны туралы" Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 688 шешіміне сәйкес жабдық және материалдық-техникалық жабдықталуы.
4. Багаж, пошта жөнелтілімдерін және жүкті өңдеу авиакомпаниялар және мемлекеттік кіріс органдарының келісуімен, халықарарлық әуежай басшысы бекіткен рәсімге сәйкес жүргізіледі.
5. Халықаралық әуежайда жүкке қатысты қызметтерді көрсету жүкті өңдеу үшін арнайы бөлінген жай немесе аумақта мыналарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде жүкті тексеруге мүмкіндік беретін тексермелеу жабдықтары;
2) хабарламалар алмасу үшін "Е-Freight"АЖ;
3) авиакомпаниялар пайдаланатын форматтағы жүк туралы электрондық хабарламалар жөнелту бойынша байланыс құралдары;
4) көлік таңбасынан ақпаратты сканерлеуге мүмкіндік беретін электрондық оқу құрылғылары.
6. Жүкті жөнелтуші мен жүкті алушыларға қолжетімді жүк мәртебесін тексеруге арналған ақпарат, қоймаға жүктің нақты келуі мен нақты берілуі туралы ақпарат "Е-Freight" АЖ-да, сондай-ақ барлығына қолжетімді жерде жарияланады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі технологиялық рәсімдер
7. Халықаралық әуежайда багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүкті әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу рәсімі әуежай қызметкерлері, авиакомпания және мемлекеттік кіріс органдарының өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асырылады.
8. Авиакомпанияның өкілі (қабылдаушы-тапсырушы, жүк тиеуші, агент) әуе кемесінен багаж, пошта жөнелтілімдерін, жүкті қабылдайды, тиеу кезінде багаж орындарының санын есептейді, ұшу құжаттарына сәйкес деректерді салыстырады.
9. Барлық анықталған:
багаж ақаулары ведомосінде (ақаулықтың сипаты, багаж биркасының нөмірі) көрсетіледі;
пошта жөнелтілімдерінің ақаулары пошта манифестінде көрсетіледі;
жүктің ақаулары жүк манифестінде, сондай-ақ ақаулар туралы актіде (егер қолданылса, электрондық актіде) (ақаулықтың сипаты, жүк авиа жүкқұжатының нөмірі, үй авиа жүкқұжатының нөмірі (егер қолданылса) және өзге де ақпарат) көрсетіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тиісті түрде көрсетілген ақаулар жердегі қызмет көрсету жөніндегі агенттің және авиакомпания өкілінің қолдарымен (немесе егер қолданылса, электрондық цифрлық қолтаңбалармен) расталады.
10. Багаж әуежайдың багаж бөліміне жеткізіледі. Жүк пен пошта жөнелтілімдері жүк қоймасына жіберіледі.
11. Қабылдаушы-тапсырушы (жүк тиеуші) багажды тасымалдау таспасына түсіреді.
Әуежайдың багаж бөліміне бизнес-класс ("приорити") және трансферлік, транзиттік жолаушылардың багажды бірінші кезекте жеткізіледі. Әуе кемесінің бортынан багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүкті түсіретін қабылдаушы-тапсырушы (жүк тиеуші) қаптаманың бүтіндігін тексереді, ақаулық табылған жағдайда авиакомпанияның өкіліне және агентке хабарлайды.
Багаж әуе арқылы дұрыс тасымалданбаған барлық жағдайларда, агент багаждың сақталмағандығының себептері туралы коммерциялық акт (бұдан әрі - PIR актісі) құрады. Багаждың келмей қалуы (бүлінуі) жағдайында жолаушының еркін нысандағы өтініші PIR актісін жасау үшін негіздеме болады.
12. Багажды тасымалдау және өңдеу кезінде мыналар жүзеге асырылады:
1) агент рейсті рәсімдеу үшін қажетті тасымалдау құжаттамасын (багаждың нөмірлік заттаңбасы, "қолжүк", "шыны" және қолдан тіркеген жағдайда жолаушы манифестері мен багаж тізімдемелерін) дайындайды;
2) тасымалдау үшін қабылданатын багажды сырттай тексереді;
3) жолаушы берген багаж пен қолжүктің салмағын өлшейді;
4) рейске (тоғысу рейс(тер)іне) багаж туралы дерек енгізеді;
5) агент орын санын, багаж пен қолжүктің салмағын анықтап, тасымалдау үшін қабылданған багажға нөмірлік заттаңба, ал қолжүкке "қолжүк" заттаңбасын жапсырады. Багаж заттаңбаларының үзілмелі талондары жолаушыға беріледі. Бір межелі жерге бара жатқан жолаушылар тобын тіркегенде, автоматты тіркеу кезінде агент тасымалдауға қабылданған бүкіл жүкті топтағы бір ересек адамға "отбасылық" немесе "топтық" режимінде рәсімдейді, ал қолдан тіркеу кезінде агент топтағы жүктің жалпы салмағын тегін өткізілетін жүктің жалпы салмағымен салыстырып, жолаушы манифесіне тиісті жазбалар енгізеді;
6) нормадан асатын багаж анықталып, ресімделеді және дерек билеттерді тіркеу жүйесіне енгізіледі;
7) багажды ресімдеу рәсіміне байланысты қандай да бір ауытқулар анықталған жағдайда даулы жағдай туындамауы үшін, ауысым басшысына дереу хабар беріледі;
8) багаждың қабылдаушы-тапсырушысы (жүк тиеушісі) әр тиеу нүктесі бойынша багаж орындарының санын есептеп, оны әр тіркеу секторының деректерімен салыстырып тексереді.
Қолдан тіркеген кезде, багаждың қабылдаушы-тапсырушысы (жүк тиеушісі) агенттен жолаушы манифесінде тіркелген орын саны мен тіркелген багаж салмағы туралы деректі алады. Алынған мәліметті әр түсіру нүктесі бойынша багаждың нақты орын санымен салыстырып, авиакомпаниясының әуе кемесіне жүк тиеу ережелеріне сәйкес жүкті тиеп, нақты деректі қол қойып растайды;
9) әуе кемесінің бортына келмеген жолаушылардың багажды түсіріледі.
13. Интернет, өздігінен тіркелу үстелі және байланыс құралдары арқылы тіркелген жолаушылардың багажын тіркегенде, бөлек үстелдегі агенттер (тіркелген жолаушылардың багажын рәсімдеу) отыру купондарын жолаушының құжаттарымен салыстырып тексереді және авиакомпаниясының ережелеріне сәйкес жүкті тіркейді. Өздігінен тіркелу және багажды тіркеу үстелдері ұшуға 40 минут қалғанда жабылады.
14. Жүкті тасымалдау және өңдеу кезінде:
1) әуежайдың қабылдаушы-тапсырушысы жүктің жүк қоймасына қабылдануын қадағалайды, салмағы өлшеніп, белгі қойылады;
2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлері жүкті авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес тексереді;
3) әуе кемесінің бортына тиеу қалыптастыру түріне байланысты:
қолмен тиеу әдісін қолданғанда рейстің ұшуына 3 сағат қалғанда;
пакетке ораудың жиынтық құралдарын пайдаланып механикалық тиеу әдісімен (жүкті пакеттеу құралдары – контейнерлер, паллеттер) рейстің ұшуына 5 сағат қалғанда жүзеге асырылады;
4) рейстік құжаттама дайындалады: жүк манифесі және әуе жүкқұжаттары;
5) әуе кемесіне дейін тасымалдау үшін перрондағы тиеу-түсіру құралдарына жүкті тиеу рейстік жүк құжаттамасында көрсетілген саны (орны, салмағы) мен белгісіне сәйкес жүргізіледі;
6) әуе кемесіне жүктің тиелуін қадағалау, орын саны жүк манифесі және әуе жүкқұжатымен салыстырып тексеріледі;
7) соңғы минуттағы өзгерістер жүк манифесінде тіркеліп, әуежай қоймасының қызметкері және авиакомпанияның өкілімен расталады.
8) шығу/келу үшін мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатнамасын алу.
15. Трансферлік, транзиттік багажды тіркеген және ресімдеген кезде, агент авиакомпаниясының арнайы нөмірлік багаж заттаңбаларын пайдаланады.
Трансферлік, транзиттік багаж әуе кемесінің бортындағы бөлек багаж бөліміне тиеледі. Бос багаж бөлімі болмаған жағдайда, трансферлік, транзиттік жолаушылардың багажды ең соңында тиеледі.
Әуежайдың багаж бөліміне трансферлік, транзиттік жолаушылардың багажды бірінші кезекте жеткізіледі.
16. Трансферлік жүк оның жүретін барлық учаскелерде (соның ішінде басқа тасымалдаушылардың учаскелерін қоса есептегенде) брондалғаны расталғаннан кейін барып тасымалдауға қабылданады.
17. Авиакомпания немесе жерде қызмет көрсету агенті трансферлік жүкті тасымалдауға қабылдаған кезде, трансфер әуежайларын көрсетіп, әуе жүкқұжатын ресімдейді.
18. Авиакомпания трансферлік жүкті ауысатын әуежайға түйісу рейсін орындайтын әуе кемесінің ұшуына дейін жүкті бір әуе кемесінен екіншісіне тапсыру үшін қажетті барлық әкімшілік істер мен технологиялық рәсімдерді орындап үлгеретіндей уақыт қалғанда жеткізуі керек.
19. Ауысатын әуежайға әрі қарай тасымалдау үшін бүтін күйінде сақтауға жарамайтын қаптамамен келген трансферлік жүкті тапсыратын авиакомпания қайта қаптап беруі керек. Трансферлік жүк оның қаптамасы жөнделіп, нақты салмаққа сәйкес тасымалдау құжатына қосымша тиісті актіні құру арқылы әуе жүкқұжаты қайта рәсімделгеннен кейін барып әрі қарай тасымалданады.
20. Халықаралық әуежайдың уақытша сақтау қоймасының аумағындағы кедендік бақылау аймағында транзиттік жүктерді өңдеу үшін бөлінген алаң көзделеді.
21. Транзиттік жүктерді ресімдеуді және өңдеуді уақытша сақтау қоймасының және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, оның ішінде "Е-Freight" АЖ және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүзеге асырады.