Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 28.01.2016 № 104 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы», орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жай-күйінің мониторингі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйелерінің, МО электрондық ақпараттық ресурстарының, сондай-ақ МО ақпараттық жүйелерімен, МО ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимылдағы мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерін иеленуші Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 200 бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6488 болып тіркелген) сәйкес жай-күйінің тұрақты аудитін жүргізеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға есебін береді.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Қауіпсіз және сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйесі немесе МО электрондық ақпараттық ресурсы, сондай-ақ МО ақпараттық жүйесімен немесе МО электрондық ақпараттық ресурсымен өзара іс-қимыл жасайтын кез келген мемлекеттік емес ақпараттық жүйе немесе мемлекеттік емес ақпараттық ресурс «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өтеді және бағдарламалық өнімдердің сапасын бағалау саласындағы сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органмен сертификатталады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысы А. Рау