"Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қарашада № 12323 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 № 303 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10306 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 113 (28591) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларында:

      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын тұлға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны (ұйғарымды) және оның объектілерін өндірісіне қабылдаған күннен бастап есептеліп, оларды кеңсеге тапсырылған күнімен аяқталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Әділет министрі

Б. Имашев