"Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11989 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 11-1-2/273 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Старошумное ауылы;
      Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Тураағаш ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Старошумное ауылы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Новошумное ауылының құрамына;
      Тураағаш ауылы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының құрамына.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі           Сессия төрайымы
      _________ Н. Садуақасов            _________ А. Сапарова

                                         Қостанай облыстық
                                         мәслихатының хатшысы
                                         ___________ С. Ещанов