"Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18898 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11561 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 242 (28720) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялар, өрт, стихиялық зардаптар салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ПП – патрульдік полиция;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өрт салдарын жою кезінде ішкі істер органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің өзара іс-қимыл жасасуының негізгі бағыттары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Авариялардың, стихиялық зардаптардың салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде патрульдік полиция бөліністері мен қалалық және аудандық буындағы азаматтық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттар";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ПП қызметкерлері басқа ІІО қызметтерімен бірлесіп, зардап шегушілерге көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ТЖ аймағында бұзақылық фактілерін болдырмау мақсатында бекітілген бағыттар бойынша патрульдеуді жүргізеді.":

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ІІО бөліністеріне:

      1) ПП қызметкерлерінің мүдделі қызметтерге жүктелген функцияларды орындауына көмек көрсету үшін уақтылы шығуды ұйымдастыру (ІІО кезекші бөлімі кезекшісінің немесе ТЖД БДКҚ кезекшісінің хабарламасы бойынша) және ТЖ орнынан кету уақытын ТЖ жою басшысы белгілейді;

      2) жүргізушілер мен азаматтарды қауіптілік және сақтықтың қажетті шаралары туралы ескерту;

      3) құзыреттілік бөлігінде ЖКО фактісін тіркеу және орнын күзету, ТЖ аймағында қозғалысты уақытша шектеу және зақымдалған көлік құралдарын эвакуациялау;

      4) республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда ТЖ туралы бар ақпаратты, оның ішінде жолдың белгілі бір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектелгені туралы, сондай-ақ қолайсыз жол-климаттық жағдайларда және жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіпті басқа да жағдайларда ТЖД БДКҚ-ге уақтылы беру;

      5) ПП жасақшаларының қажетті санын ТЖ болған орындарға қою;

      6) жолдарда ТЖ жою, оларды түбіне дейін жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      7) АҚО күштері мен құралдарының ТЖ орнына қысқа және қауіпсіз қозғалыс бағытын белгілеу, сондай-ақ олардың кедергісіз жүруін ұйымдастыру;

      8) жолдарда жағдай қиындаған кезде ПП бөліністерінің жеке құрамын қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшіру;

      9) ТЖ орнына АҚО күштері мен құралдарын кедергісіз жүруін ұйымдастыру;

      10) ауа-райы жағдайы нашарлаған сәттен бастап немесе дауылды ескерту алған кезде, сондай-ақ осы жолдың учаскесінде автокөлік пен адамдардың қозғалысы туралы ақпарат алған кезде өтіп жатқан құралдарды есепке алу және тіркеу жүктеледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Республикалық маңызы бар трассаларда ТЖ-ны жоюға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын ТЖ-ны жою басшысы айқындайды. Күштердің құрамына ПП және ІІО басқа да қызметтердің қызметкерлері, ТЖД азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, егер ТЖ аймағында немесе жақын жерде болса ТЖК трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлері кіреді. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жылжымалы техникалық құралдармен және байланыс құралдарымен азаматтық қорғау органдары қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі Е. Тургумбаев