21.05.2015

Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-108/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Е. Досаев _______________

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 21сәуірдегі
№ 367 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2020 № ҚР ДСМ-7/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Аурулар

АХЖ 10 кодтары

1

Туберкулез

A15-A19;

2

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру

B20-B24;

3

Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы

В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74;

4

Қатерлі ісіктер

С00-97; D00-09; D37-48;

5

Қант диабеті

E10-E14;

6

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

F00-F99;

7

Балалардың церебралдық параличі

G80;

8

Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)

I21, I22, I23;

9

Ревматизм

I00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3;

10

Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары

M30-M36;

11

Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары

G30-G32;

12

Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары

G35-G37;

13

"Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған)

В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81

Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Аурулар

АХЖ-10 кодтары

1

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)

B20-B24;

2

Геморрагиялық қызба

А90-А99;

3

Дифтерия

А36;

4

Менингококтік жұқпа

А39;

5

Полиомиелит

А80;

6

Мерез

А50-А53.9

7

Алапес

А30;

8

Безге к

В50-54;

9

Күйдіргі

А22;

10

Туляремия

А21;

11

Туберкулез

А15.0- А19;

12

Тырысқақ

А00;

13

Оба

А20;

14

Іш сүзегі

A01.0.

15

Жіті вирустық гепатит

В 15; 16; 17;

16

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

F06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3;

17

Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекция

В 34.2




Дата вступления в силу:  30.06.2015
Дата изменения акта:  23.09.2020
Дата принятия акта:  21.05.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 15.07.2015 ж.; "Егемен Қазақстан" 25.06.2016 ж. № 121 (28849); "Казахстанская правда" от 25.06.2016 г. № 121 (28247)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103037000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  91595
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  367
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  024000000000 / 024002000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz