"Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11316 тіркелді

      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарда:
      456-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, көлік жанармай станцияларында, көлік жуу орындарында, монша кешендерінде, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде, сауда орталықтары (дүкендер), базарларда (автокөлік базарында), контейнерлерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.
      Ғимараттың кіретін жерінде осы ғимаратта нотариустың бар екендігі және оның жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылады.
      5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинеттен, сонымен қатар келушілер күтетін нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлмелерден (холл) тұрады.
      Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке бөлме болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
      Нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлек бөлме болған жағдайда, жоғалуға жол бермеу және нотариаттық іс жүргізуге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, келесі жағдайлар:
      оқшаулық;
      үй-жайында (бөлмеде) газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиіс;
      үй-жайдың (бөлменің) сыртқы есіктеріне металл парақ қағылады және берік ысырмалары болады;
      күзет және өртке қарсы жүйелері болуы тиіс. Орналасуы сырттан кіруге мүмкіндік беретін терезелерге металл торлар орнатылады.
      істерді сақтауға және орналастыруға негізгі сақтау құралдарының болуы: стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады. Олар оттан қорғайтын құралдармен өңделген кезде ағаш стеллаждарды қолдануға рұқсат етіледі. Құжаттарды сақтаудың қосалқы құралдары ретінде металл шкафтар, сейфтер қолданылады;
      Құжаттардың түрлеріне, форматына және басқа да сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес сақтаудың алғашқы қорғау құралдарын (мұрағат қораптарын, папкаларды, арнайы қаптарды, пакеттерді) пайдалана отырып орналастырылады;
      жарық режимін үнемдеуді сақтау (жасанды немесе табиғи). Табиғи жарық терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілері, перделер немесе боялған әйнектерді қолдану арқылы шашыраңқы жарық ретінде түсірілуге рұқсат етіледі. Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын шамдар қолданылады. Жарық шұғылыса ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминисцентті лампалар қолдануға рұқсат етіледі;
      температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау құрылады.
      Нотариустың үй-жайы басқа нотариуспен бір офис үй-жайында орналасқан жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын кабинеттер мен нотариаттық өндірісті сақтауға арналған үй-жай саны нотариустардың саны бойынша болуы тиіс немесе нотариаттық іс өндірістерінің бір бөлмеде бөлек құлыптанатын темір шкафтарға сақталынуына жол беріледі.
      Нотариаттық іс өндірісін келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) сақтауға жол берілмейді.
      Құжаттарды еденге, терезе алдына, тепкішек алаңдарына немесе реттелмеген бумаға қоюға жол берілмейді.
      6. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған кабинет нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Кабинет мөрді, мөртабан, нотариустың арнайы бланкілерін сақтайтын сейфпен жабдықталады.
      Келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) ыңғайлы көрінетін жерде нотариус, қабылдау кестесі, аумақтық нотариаттық палата туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны), нотариаттық іс-әрекетті жасау үшін заңда белгіленген тарифтер, тарифті төлеу жөнінде заңмен белгіленген жеңілдіктерге қатысты азаматтар санатының тізбесі және нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін төленетін мемлекеттік баж туралы ақпарат орналасуы тиіс.».
      8-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                       Б. Имашев