Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11090 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _____________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "__" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы "__" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Касымов

      2015 жылғы 17 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 214 бұйрығымен
бекітілген

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік
түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды
жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және анықтығына бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айқындылық – парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінің парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін есептеу кезінде пайдаланылатын әдіснамасының ашықтығы;

      2) базалық жыл – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) Киото хаттамасының 3-бабының 5-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін белгіленген жыл;

      3) көздердің негізгі санаты – бұл Конвенция талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының немесе сіңірулерінің көлеміне ең көп үлес қосатындардың қатарына жатқызылатын экономиканың секторы немесе кіші секторы;

      4) сапаны бақылау – парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мемлекеттік түгендеуін оны әзірлеу шамасына қарай сапасын өлшеу мен бақылауға арналған стандартты техникалық іс-шаралар жүйесі;

      5) толықтық – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде барлық көздерден шығатын парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін, сіңіргіштерді, парниктік газдарды мемлекеттік түгендеумен қамту.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларын түгендеу мен сіңірулерінің мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады.

      4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін түгендеудің жыл сайынғы дайындығы есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.

      5. Қызметі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көздері болып табылатын мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу арқылы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауды уәкілетті орган ұйымдастырады.

      6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуін дайындауда шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және парниктік газдардың сіңіргіштермен абсорбциялануына әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы, осы Қағидаларға қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдармен ұсынылған мәліметтер мен деректер тізбесі пайдаланылады.

      7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу мыналарды қамтиды:

      парниктік газдар шығарындыларының шығу көздері, олар шығарған шығарындылардың мөлшері, сондай-ақ секторлар бойынша парниктік газдар сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер;

      парниктік газдар шығарындылары саласындағы үрдістер;

      шығу көздерінің негізгі санаттарына шолу;

      энергетика секторы бойынша шолу;

      өнеркәсіптік процестер секторы бойынша шолу;

      еріткіштер мен басқа өнімдерді пайдалану секторы бойынша шолу;

      ауыл шаруашылығы секторы бойынша шолу;

      жерді пайдалану, жерді пайдаланудың және орман шаруашылығының өзгеру секторы бойынша шолу;

      қалдықтар секторы бойынша шолу;

      басқа секторлар бойынша шолу;

      сапаны бағалау/сапаны бақылау;

      қайта есептеулер мен жетілдірулер.

      8. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу қорытындылары бойынша Монреал хаттамасымен реттелмейтін парниктік газдардың сіңірушілері көздері мен абсорбциясынан антропогендік шығарындыларының кадастры туралы Ұлттық баяндамасы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) жыл сайын дайындалады.

      9. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды (бұдан әрі – бақылау) уәкілетті орган жүргізеді.

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік
түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау
тәртібі

      10. Ұлттық баяндаманы жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды:

      1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау;

      2) алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулерін жүргізу және Ұлттық баяндаманы дайындау;

      3) Ұлттық баяндамадың сапасын бақылау және сапасын қамтамасыз ету;

      4) Ұлттық баяндаманы Конвенция талаптарына сәйкестігін бағалау ресіміне ұсыну.

      11. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеуді дайындау мақсатында уәкілетті орган Ұлттық баяндаманды толық қалыптастыру үшін қажетті деректер мен мәліметтерге ие болатын мемлекеттік органдардың тізбесін құрайды.

      12. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың құрастырылған тізбесіне сәйкес оларға Ұлттық баяндаманы құрастыру үшін деректер ұсыну туралы сұрату жолдайды.

      13. Ұлттық баяндаманы дайындау үшін ақпарат сұратылған мемлекеттік органдар тиісті cұраныс түскен сәттен бастап бір ай мерзімде сұрау салынған деректер мен мәліметтерді ұсынады.

      14. Уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 маусымына дейін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау жөніндегі жұмыс кестесін әзірлейді.

      15. Есептеу тәртібін жоспарлау және ақпаратқа қажеттілікті анықтау, алынған деректер мен мәліметтерге талдау жүргізу, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау кезеңдерін қоса алғанда, бағалау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізудің әр кезеңінде жүргізіледі.

      16. Уәкілетті орган мына:

      1) базалық жылдан бастап есепті кезеңге дейінгі барлық жылдар деректерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;

      2) негізгі көздер мен сіңіргіштердің барлығының парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;

      3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінде деректердің болмауының құжатпен бекітілуі өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шеңберінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы толықтығы тұрғысынан қарайды.

      17. Уәкілетті орган мына:

      1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін үшінші тұлғалар жасаған бағалаулармен салыстыру;

      2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтайтын басқа әдістердің көмегімен алынған деректермен салыстыру;

      3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін басқа мемлекеттердің деректерімен салыстыру өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы анықтығыны тұрғысынан қарайды.

      18. Уәкілетті орган мына:

      1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізу үшін пайдаланылатын халықаралық әдіснамалардың болуы;

      2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерінің ашықтығы өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы айқындығы тұрғысынан қарайды.

      19. Уәкілетті орган әрбір жылдың 30 қазанына дейін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуін жүргізу және дайындау үшін ұсынылған деректердің толықтығына және анықтығына бақылау жүргізеді.

      20. Алынған деректердің толық еместігі және дәйексіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган тиісті ақпаратты қосымша жинауды және нақтылауды жүзеге асырады.

      21. Уәкілетті орган әрбір жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығы, айқындығы және анықтығыны туралы қорытындыны дайындайды.

      22. Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауға тікелей қатыспаған тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелердің немесе өзге ұйымдардың қарауына келесі жылдың 1 наурызына дейін жіберіледі.

      23. Уәкілетті орган парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді пысықтауды тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен өзге ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып және келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жүзеге асырады.

      24. Тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен ұйымдардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган тиісті тұлғаларға тиісті ұсыныстар мен ескертулерді ескермеу себептер үшін дәлелденген негіздемесін ұсынады.

      25. Уәкілетті орган парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді Конвенция талаптарына сәйкес бағалау рәсіміне ұсынуды қамтамасыз етеді.

      26. Сапаны қамтамасыз ету іс-шаралары ұйымдарды, бейінді мемлекеттік органдар мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

  Парниктік газдар шығарындылары
мен сіңірулерін мемлекеттік
түгендеудің толықтығын, айқындығын
және анықтығын бақылау қағидаларына
қосымша

Парниктік газдардың шығу көздерінен антропогендік
шығарындыларға және сіңіргіштермен абсорбциялауға әкеліп
соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы
мәліметтер мен деректер тізбесі

      1. Тұтынушы-ұйымдардың отын шығыны.

      2. Тұтынушы-ұйымдардың отынды, жылу энергиясын, электр энергиясын, қайталама энергетика ресурстарын пайдалануы.

      3. Мынадай тауарлар мен отынның экспорты/импорты бойынша деректер:

      1) көмір;

      2) мұнай;

      3) табиғи газ;

      4) тұрмыстық тоңазытқыштар (түрлері бойынша нақтылауымен);

      5) сауда және өнеркәсіптік мақсаттағы тоңазытқыш жабдықтар (түрлері бойынша нақтылауымен);

      6) тоңазытқыш жабдықпен жабдықталған, нақтылауымен, көлік құралдары (рефрижераторлар);

      7) тұрмыстық ауа баптағыштар (нақтылауымен);

      8) тұрмыстық емес мақсаттағы ауаны баптауға арналған жабдық (түрлері бойынша нақтылауымен);

      9) түрлері бойынша нақтылауымен хладондар (фреондар), тонна;

      10) күкірт гексафториді (SF6), тонна.

      4. Электр энергиясын өндіру – барлығы, оның ішінде станция типтері бойынша:

      1) жылу;

      2) электр;

      3) атом;

      4) гидроэлектростанциялар, жел қондырғылары және басқалар.

      5. Желілердің жұмыс кернеуі бойынша бөлінген электр желілерінің ұзындығы.

      6. Мұнай өндірісі.

      7. Жағылатын ілеспе газдың мөлшері.

      8. Тасымалдау және сақтау.

      9. Консервациялаудағы мұнай ұңғымаларының саны.

      10. Табиғи газды өндіру.

      11. Консервациялаудағы газ ұңғымаларының саны.

      12. Кен орындары мен өндіру тәсілі бойынша (жер асты/ашық) бөлінген көмір өндіру.

      13. Мұнай мен газды өндіру көлемі (нақты мәнде).

      14. Алауларда ілеспе газды жағу көлемі (нақты мәнде).

      15. Алауларда технологиялық газды жағу көлемі (өнеркәсіптің отын, мұнай-химиялық, химиялық және басқа салаларының кәсіпорындарында).

      16. Газ қоймаларына газ толтыру көлемі.

      17. Газ қоймаларынан газ шығару көлемі.

      18. Магистралды газ құбырларындағы авариялар саны (оның ішінде газдың жануымен бірге).

      19. Магистралды газ құбырларындағы авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).

      20. Газ бөлу желілеріндегі авариялар саны.

      21. Газ бөлу желілеріндегі авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).

      22. Магистралды газ құбырлары бойынша газды тасымалдау.

      23. Магистралды газ құбырлары бойынша транзитті газды тасымалдау көлемі.

      24. Көлік түрлері бойынша нақтылауымен мұнайды тасымалдау көлемі.

      25. Бассейндер бойынша көмір шахталарымен тасталатын метан шығарындылары.

      26. Метан ұстау көлемі, одан:

      1) жылу және электр энергиясын алу үшін кәдеге жаратылғаны;

      2) алауларда және шырақтарда жағылғаны.

      27. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелермен атмосфераға тасталған ауа көлемі).

      28. Бассейндер бойынша бөлінген газсыздандыру жүйелері жұмысының көлемі.

      29. Барлық көмір шахталарының саны, оның ішінде:

      1) қолданыстағы;

      2) жабық;

      3) консервацияланған.

      30. Көмір бассейндері бойынша жабық және консервацияланған шахталардағы шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелер атмосфераға тастаған ауа көлемі).

      31. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

      32. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық газсыздандыру жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

      33. Әктас өндірісі.

      34. Доломит өндірірісі.

      35. Әктас пен доломиттің экпорты мен импорты.

      36. Шойын, оның ішінде өңделген шойын өндірісі.

      37. Өндіру тәсілі бойынша нақтыланған болат өндірісі (мәтін бойынша):

      1) оттекті-конверторлық;

      2) мартендік;

      3) электроболат.

      38. Электрометаллургиялық зауыттарда болат өндірісі.

      39. Жоғары көміртекті болат өндірісі.

      40. Төмен көміртекті болат өндірісі.

      41. Болат өндіру үшін металл сынықтарын пайдалану.

      42. Агломерат өндірісі.

      43. Шекемтас өндірісі.

      44. Ферроқорытпалар өндірісі.

      45. Алюминий өндірісі.

      46. Аммиак өндірісі.

      47. Кальций карбидінің өндірісі.

      48. Кремний карбидінің өндірісі.

      49. Техникалық көміртегін өндірісі.

      50. Дихлорэтилен өндірісі.

      51. Стирол өндірісі.

      52. Акрилонитрил өндірісі.

      53. Акрилонитрилдің сополимерін, бутадиен мен стирол өндірісі.

      54. Этилбензол өндірісі.

      55. Этилен өндірісі.

      56. Пропилен өндірісі.

      57. Полиэтилен өндіру, оның ішінде:

      1) жоғары қысымды;

      2) төмен қысымды.

      58. Полипропилен өндірісі.

      59. Полистирол өндірісі.

      60. Формальдегид өндірісі.

      61. Поливинилхлорид өндірісі.

      62. Дихлорэтан өндірісі.

      63. Кальцийленген сода өндірісі.

      64. Түрлері бойынша нақтылауымен химиялық өндіріске жататын спирттер өндіру.

      65. Мұнай жағар майлары мен майлар өндіру.

      66. Түрлері бойынша минералдық тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын, мал азығының микробиологиялық ақуызы мен әк өндіру.

      67. Целлюлоза, оның ішінде сульфатты және сульфитті тәсілдермен өндіру.

      68. Клинкер өндірісі.

      69. Цемент өндірісі.

      70. Әк өндірісі.

      71. Асфальт өндірісі.

      72. Шыны өндірісі.

      73. Спирт өндірісі (ас-тағамдық).

      74. Шарап өндірісі.

      75. Сыра өндірісі.

      76. Ликер-арақ өнімдерін өндірісі.

      77. Ет пен ет өнімдерін өндірісі.

      78. Балық пен балық өнімдерін өндірісі.

      79. Қант өндірісі.

      80. Маргарин өндірісі.

      81. Нан мен нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі.

      82. Үй жануарлары үшін мал азығының өндірісі.

      83. Жартылай өткізгіш өнеркәсіпте кремний тілімшелерінің өндірісі.

      84. Минералдық тыңайтқыштар өндірісі, оның ішінде:

      1) азоттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

      2) калийлік (түрлері бойынша нақтылауымен);

      3) фосфаттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

      4) кешенді (түрлері бойынша нақтылауымен).

      85. Мал басы мен құс саны, мың бас:

      1) ірі қара мал (жыныстық-жас топтары бойынша);

      2) сиыр (жыныстық-жас топтары бойынша сүтті, сүтті емес);

      3) шошқа (жыныстық-жас топтары бойынша);

      4) қой (жыныстық-жас топтары бойынша);

      5) ешкі;

      6) жылқы;

      7) қашыр;

      8) есек;

      9) түйе;

      10) қоян;

      11) құстар.

      86. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында тезек пен құс тезегін жинау, сақтау және кәдеге жарату жүйесін пайдалану (түрлі жүйелер түрлерінің арақатынасы), %.

      87. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы, мың га.

      88. Егістік алаңы, мың га.

      89. Шөп шабу алаңы, мың га.

      90. Жайылымдар алаңы, мың га.

      91. Таза парлар алаңы, мың га.

      92. Жеміс-жидек, жүзім көшеттерінің алаңы, мың га.

      93. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының егістік алаңдары, мың га:

      1) күздік бидай;

      2) жаздық бидай;

      3) күздік қарабидай;

      4) жемге арналған жүгері;

      5) күздік арпа;

      6) жаздық арпа;

      7) сұлы;

      8) тары;

      9) қарақұмық;

      10) күріш;

      11) зығыр талшығы;

      12) күнбағыс дәні;

      13) рапс;

      14) бұйра зығыр;

      15) қыша;

      16) картоп;

      17) көкөністер;

      18) сүрлеуге арналған жүгері;

      19) азықтық тамыр жемістер;

      20) көп жылдық шөптер;

      21) бұршақ дәнділер;

      22) соя.

      94. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жалпы түсімі, млн. тонна:

      1) күздік бидай;

      2) жаздық бидай;

      3) күздік қарабидай;

      4) ұрыққа арналған жүгері;

      5) күздік арпа;

      6) жаздық арпа;

      7) сұлы;

      8) тары;

      9) қарақұмық;

      10) күріш;

      11) зығыр талшығы;

      12) күнбағыс дәні;

      13) рапс;

      14) бұйра зығыр;

      15) қыша;

      16) картоп;

      17) көкөністер;

      18) сүрлеуге арналған жүгері;

      19) азықтық тамыр жемістер;

      20) көп жылдық шөптер;

      21) табиғи шабындықтардың шөбі;

      22) бұршақ дәнділер;

      23) соя.

      95. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының шығымдылығы, ц/га:

      1) күздік бидай;

      2) жаздық бидай;

      3) күздік қарабидай;

      4) ұрыққа арналған жүгері;

      5) күздік арпа;

      6) жаздық арпа;

      7) сұлы;

      8) тары;

      9) қарақұмық;

      10) күріш;

      11) зығыр талшығы;

      12) күнбағыс дәні;

      13) рапс;

      14) бұйра зығыр;

      15) қыша;

      16) картоп;

      17) көкөністер;

      18) сүрлеуге арналған жүгері;

      19) азықтық тамыр жемістер;

      20) көп жылдық шөптер;

      21) бұршақ дәнділер;

      22) соя.

      96. Әк ұны мен басқа әк материалдарын ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға енгізу, млн. тонна.

      97. Қышқылданған топырақты әктеу үшін әктен және доломиттен құралған ұн өндіру, млн. тонна.

      98. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына минералдық азотты тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.

      99. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға органикалық тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.

      100. Күріш егісіне органикалық қоспалар енгізу, құрғақ заттар тонна/га.

      101. Шөп немесе көк азық үшін табиғи шабындықтардың орылған алаңдары.

      102. Орман қорындағы орман алаңдарын және ағаш қорларын басым тұқымдары және жас топтар бойынша, оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша бөлу.

      103. Жер құнарлығының бұзылуы және қалпына келтіру (нақтылауымен).

      104. Орман қорына кірмейтін орман қоры мен орман жерлерінің жалпы алаңы, оның ішінде орман жерлері, олардың ішінде орман өсімдіктерімен жабылған жерлердің алаңы (оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша).

      105. Орман қоры жерлерінің құрамына ағашты-бұталы өсімдіктермен жабылған жерлердің өзге санаттарын енгізу (аудару).

      106. Ағаш егу шаруашылығы (ормандандыру), оның ішінде:

      1) орман қорының орманды емес жерлерінде орман дақылдарын отырғызу (ағаш-бұта түрлерін егу мен отырғызу);

      2) орман қорына енбеген жерлерде орман дақылдарын отырғызу (ағаш-бұта түрлерін егу мен отырғызу).

      107. Орманды жаңарту (орманды қалпына келтіру), оның ішінде:

      1) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде орман дақылдарын отырғызу (ағашты-бұталы түрлерін егу мен отырғызу).

      2) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде орманның табиғи тұқым арқылы қайта жаңаруына жәрдемдесу (топырақты минералдандыру, қосымша егу және отырғызу).

      108. Орман жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен, орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орманды емес жерлерге аудару және орман қорының жерлерін өзге санаттардағы жерлерге аудару.

      109. Ормандарды түгендеу бойынша деректер.

      110. Нақты кесіп алынған ағаштар.

      111. Орман көшеттерінің қырылуы, оның ішінде:

      1) зиянды жәндіктердің бүлдіруінен;

      2) жабайы жануарлардың бүлдіруінен;

      3) орман ауруларынан;

      4) қолайсыз ауа-райы жағдайларының әсерінен;

      5) орман өрттерінен;

      6) антропогенді факторлардан, оның ішінде өнеркәсіптік шығарындылардың әсерінен.

      112. Теңіз және авиациялық бункерлік отынды тұтыну (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

      113. Көлік құралдарының әр санаттары үшін орташа жылдық жүрісі, км.

      114. Көлік құралдарының әр санаттары үшін жүріс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

      115. Қолда бар өзен және көл кемелерінің – барлығы, оның ішінде флот түрлері бойынша.

      116. Өзен кемелерінің әр санаты үшін жұмыс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

      117. Типтері бойынша нақтылауымен, олардың ішінде типтері бойынша нақтылауымен көліктік жұмыста және экономика салаларына қызмет көрсетуге пайдаланылатын қолда бар азаматтық әуе кемелері.

      118. Әуе отынының шығыны (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

      119. Автокөлік пен мотокөлік құралдары және олардың тіркемелерінің саны (түрлері бойынша нақтылауымен).

      120. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қолданысқа енгізу.

      121. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қайта құру.

      122. Медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

      123. Жағылған медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

      124. Көп жылдық көшеттер, мың га.

      125. Егіндіктер, мың га.

      126. Шөп шабындықтары, мың га.

      127. Есепке алынбаған егіндіктер, мың га.

      128. Есепке алынбаған шөп шабындықтары, мың га.

      129. Тозбаған жайлымдар, мың га.

      130. Қалпына келтірілген/жақсартылған жайылымдар, мың га.

      131. Басқарылмайтын тозбаған жайылымдар, мың га.

      132. Басқарылмайтын қалпына келтірілген жайылымдар, мың га.

      133. Орман алаңдары, мың га.

      134. Батпақты аумақтар, мың га.

      135. Ағаш көшеттерін отырғызу, мың га.

      136. Басқа отырғызулар, мың га.

      137. Өзге жерлер, мың га.

      138. Ауыл шаруашылығы жерлері, мың га.

      139. Жерлер теңгерімі, мың га.

      140. Бір жылда шығарылған және көму үшін полигондарға орналастырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың саны.

      141. Тазарту құрылыстары бойынша толық биологиялық (физика-химиялық) тазартуға жіберілген сарқынды сулар.

      142. Кәдеге жаратылған тұнба мөлшері.

      143. Түзілген тұнба мөлшері (құрғақ зат бойынша).

      144. Сарқынды суларды тастау (коммуналдық-тұрмыстық және экономиканың салалары мен ішкі салалары бойынша нақтылауымен):

      1) тазалаусыз;

      2) нормативтік таза;

      3) тазартылған, оның ішінде нормативті тазартылған және жеткілікті түрде тазартылмаған.

      145. Көму үшін коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан сарқынды сулар тұнбасын шығару көлемі (өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

      146. Коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан шыққан сарқынды сулар тұнбасын қайта өңдеу көлемі (яғни өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

      147. Кокс пен жартылай коксты өндіру, мың тонна, оның ішінде:

      1) мұнайлы;

      2) көмірлі.

      148. Кальцийленген сода өндірісі, мың тонна.

      149. Кальций.

      150. Карбид өндірісі, мың тонна.

      151. Битум, майлар мен майлаулар өндірісі.

      152. Лакпен бояу материалдарынның өндірісі (түрлері бойынша нақтылауымен) мың тонна.

      153. Орман және дала өрттерінің алаңы.

      154 Орман қорындағы егістік жерлердің алаңы.

      155. Орман қорындағы шөп шабындықтары мен жайылымдық жерлердің алаңы.