Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11089 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2019 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары бекітілсін.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
1-қосымша

Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесі

Код

Бейінді білім, мамандықтар мен кәсіптер атауы

1. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі мамандықтар*

0500000 - Сервис, экономика және басқару

0501013

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман

0501023

Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар*

1. Білім

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5В010300

Педагогика және психология

5В010500

Дефектология

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

5В050100

Әлеуметтану

5В050300

Психология

5В050600

Экономика


9. Қызмет көрсету

5В090500

Әлеуметтік жұмыс

6М090500

Әлеуметтік жұмыс

6D090500

Әлеуметтік жұмыс

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5В110100

Мейірбике ісі

6М110300

Мейірбике ісі

5В110200

Қоғамдық денсаулық сақтау

13. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5S130100

Жалпы медицина


      Ескертпе: *Тізбеге 2009 жылғы 20 наурыздағы № 131-од Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуіші және 2008 жылғы 3 маусымдағы № 273-од Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтар жіктеуіші негізінде әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру үшін ұсынылатын мамандықтар енді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
2-қосымша

Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін
арттыру стандарттары
1. Жалпы ереже

      1. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары (Стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 тіркелді) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындау "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына, "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Стандарттар әлеуметтік қызметкерлердің сапасын арттыруына қойылатын талаптарды реттейді және оқытудың мерзімдері мен ұзақтығын, тыңдаушылардың оқытуға қойылатын талаптарын анықтауын, біліктілікті арттыруды ұйымдастырудың түрлерін қамтитын әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру тәртібін қарастырады.

      4. Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар қолдануға және сақтауға міндетті.

      5. Осы Стандартта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) біліктілікті арттыру-бұрын алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқытудың нысаны;

      2) біліктілікті арттыру мекемелері және ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) - кәсіптік білім мен дағдыны тереңдету мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әлеуметтік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік саладағы инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын ұйым.

      3) әлеуметтік қызметкер - арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын, бекітілген талаптарға сәйкес келетін қажетті мамандыққа ие қызметкер;

      4) тыңдаушылар-біліктілікті арттыруды өтетін әлеуметтік қызметкерлер;

      5) тапсырма беруші-біліктілікті арттыруға байланысты қызмет көрсетуге тапсырысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Біліктілікті арттыру ұйымдарының түрлері:

      1) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменттері, Денсаулық сақтау басқармалары;

      2) облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, облыстық маңызы бар қалалардың аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдері;

      3) білікті мамандарды тарта отырып, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелері;

      5) меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларын іске асыратын әлеуметтік қызметкерлер біліктілігін арттыратын оқу орталықтары (өңірлік, өңіраралық, салалық).

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін
арттыру стандарттары

      7. Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мақсаты мен міндеттері:

      1) кәсіби білімін тереңдету мен жаңарту;

      2) практикалық дағдыларын жетілдіру;

      3) заманауи талаптарға сәйкес келетін кәсіби құзыреттілігін дамыту;

      4) ғылымның заманауи жетістіктерін және әлеуметтік жұмыстың практикалық шетелдік және отандық тәжірибесін зерделеу;

      5) кәсіби қызметте жаңартылған теориялық білімдерді белсенді түрде қолдану.

      8. Біліктілікті арттыру оқу семинарлары, курстар-семинарлар және әлеуметтік жұмыс мектептері арқылы жүзеге асырылады.

      9. Біліктілікті арттыру жүргізіледі:

      1) өндірістен қол үзіп;

      2) өндірістен қол үзбей;

      3) өндірістен жартылай қол үзіп;

      4) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы.

      10. Біліктілігін арттыруды ұйымдардың басшылары, әлеуметтік қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, сарапшылар, арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлер, күтім бойынша біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкерлер, зейнетақы мен төлемақыларды төлеу бойынша ұйымдардың мамандары, еңбекпен қамту орталығының (қызметтің) құрылымдық бөлімшелердің (бөлімнің, саланың, топтың) мамандары, әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар, дәрігерлік амбулаторияның әлеуметтік қызметкерлері өтеді.

      11. Әлеуметтік қызметкерлер барлық еңбек қызметінде әрбір бес жыл ішінде кемінде бір рет біліктілігін арттырады.

      12. Біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлер жұмыс берушінің келісімімен жұмыстан босатылады немесе толық емес жұмыс күні жағдайында жұмыс атқарады.

      13. Біліктілікті арттыру әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, сондай-ақ басқа да мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      14. Біліктілікті арттыру бюджеттік қаражат, сондай-ақ ұйымдардың тыңдаушылары оқу ақысын төлеуден алынған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

      15. Оқыту ұзақтығы тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескеріп, оқу бағдарламаларының көлемі мен мазмұнына байланысты, бірақ 4 айдан аспайды.

      16. Біліктілікті арттыру әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби білімдері мен практикалық жұмыс тәжірибесін ескеретін қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бағдарлама мазмұны біліктілікті арттыруды өтетін тыңдаушылардың контингентіне байланысты анықталады.

      18. Дәріс сабақтарының көлемі аудиториялық сабақтардың жалпы көлемінің 30 (отыз) пайызынан артық болмауы тиіс. Бір академиялық сағат 45 минутты құрайды.

      19. Тиісті білім беру бағдарламасын іске асыратын Ұйым өз бетінше тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескеріп, оқытудың мерзімін, нысанын, мазмұны мен технологиясын анықтайды.

      20. Біліктілікті арттырудың оқыту бағдарламаларын меңгеру балдық жүйе бойынша бағалаумен тыңдаушының тиісті бағдарлама бойынша емтихан тапсыруын қажет ететін міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады:

      1) қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру - тестілеу нысандағы емтихан;

      2) 72 сағаттан артық біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша - тестілеу және қорытынды жұмысты қорғау нысандағы емтихан.

      21. Біліктілікті арттыру шеңберінде білім алған және емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға сертификат беріледі.