"Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы N 406 бұйрығына өзгеріс енг

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4082. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.07.20 № 209 Бұйрығымен.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптама түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 және 2004 жылғы 26 наурыздағы N 75 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiстермен N 861 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар түрлерiнiң, бiлiктiлiгiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi беретiн сараптамалық мамандықтардың тiзбелерiнде:

      реттiк нөмiрi 17-жолда:
      "сараптамалық мамандық" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психиатриялық зерттеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      "мамандық шифрi" деген 4-бағандағы "17.1" деген сандар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрiне жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр