Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10896 тіркелді

      «Ішкі су көлігі туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы             Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының     
2015 жылғы 27 наурыздағы  
№ бұйрығымен бекітілген 

Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2002 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар порттар мен олардың акваториялары аумақтарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ порттарға кіретін және олардан шығатын, порт акваториясы шегінде жүзетін және тұратын кемелерге қолданылады.
      Қазақстан Республикасының порттарына шетел кемелерінің кіруі және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі

      3. Кеменің межелі портқа жақындауы туралы ақпаратты кеме капитаны портының кезекші диспетчеріне 12 сағат бұрын хабарланады және жақындауға дейін 4 сағат қалғанда нақтыланады.
      Өтудің ұзақтығы кемінде 12 сағат болғанда - кеменің женелту портынан шыққанынан кейін 2 сағат шегінде. Балық аулау кәсіптік флоты кемелерінің капитандары кәсіпті бітіру уақыттың, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 12 сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
      4. Осы портқа жатқызылмаған кеменің немесе шетел кемесінің капитаны жақыңдау туралы ақпаратта мынадай деректерді:
      1) кеменің атауын, оның туын, иесінің атауын;
      2) жөнелту портын (соңғы кіру порты, кәсіп жасау ауданы, бұрғылау қондырғысы);
      3) кеменің ең үлкен ұзындығын;
      4) алдыңғы және артқы жағымен кеменің шөгуін;
      5) жолаушылар санын;
      6) жүк атауын, жүктің ерекше қасиеттерін, фумигант атауын (егер жук кемеде фумингацияда болса), жүктің санын (массасын), жүктің кемеде: палубада, твиндекте, трюмдар бойынша (тура өтпелі трюмдар болтан кезде - әрбір люк бойынша) орналасуын, ұзын өлшемді жүктің бір орнының ұзындығы мен ауыр салмақты жүктің массасын (3 тоннадан астам), сондай-ақ жүк түсіруге бара жатқан танкер үшін - айлақ алдындағы балласт массасы мен балластан босату уақытын, бұрын әкелген жүктің атауын;
      7) жүк алушылардың атауын;
      8) бункерге, тұщы суға, жабдықтарға қажеттілігін;
      9) қосымша техникалық және жөндеу операцияларын орындау қажеттілігін хабарлайды, сондай-ақ қажет болған кезде:
      льялды, балластық, шаруашылық-фекальды ағын суларын тапсыру үшін баржаға және қоқысқа арналған контейнерлерге;
      тіркеп сүйреу кемелері мен тіркеп сүйреу қызметтеріне;
      лоцманға өтінім береді.
      5. Кеме капитаны өзінің жақындау туралы ақпаратында кеменің барлық жүк құрылғыларының (механизмдерінің) ақаулықтары туралы хабарлайды.
      6. Ақпарат болмау немесе кеме анықтамалған ақпаратты не уақытында ақпарат бермеу жағдайларында, соның салдарынан кемені өңдеу кідіріп қалғанда, оның бос тұрған уақыты кеме есебіне жатқызылады.
      7. Портының кезекші диспетчері кемені оның зәкірлік тұру, арқандап байлау орны және тиеу-түсіру немесе басқа жұмыстарды орындау тәсілі туралы кеменің портқа келуіне дейін 2 сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.
      8. Егер рейсте Кеме қатынасының тіркелімі техникалық жай-күйін бақылауға жауап беретін құрылғылардың немесе тораптар мен механизмдердің қандай да бір сынулары болса, кеме капитаны портқа келуі бойынша бұл туралы Кеме қатынасының тіркеліміне және аумақтық бөлімшеге жазбаша хабарлайды.
      9. Кемелер өз кемесінен немесе кез келген басқа кемеден кез келген зиянды заттардың тасталу жағдайлары туралы, сондай-ақ байқалған ластану туралы кіру портының кезекші диспетчеріне дереу хабарлайды.
      10. Порт кемеде жиналып қалған ластанған сулардың және тұрмыстық қалдықтардың барлық түрлерін қабылдауды қамтамасыз етеді.
      11. Қатты сепаратордан өткізілген мұнай өнімдерінің қалдықтары, майланған шүберек, қоқыс, ұсақ ыдыс, техникалық, тағам және басқа да тұрмыстық қалдықтар кемеден өтініш бойынша порт ұсынатын арнайы ыдыспен шығарылады.
      12. Портта айлақ маңында тұрған кемеде салқындату суының құю шпигаттарын арнайы қалқандармен жабу, ал борт сыртына шығарылатын буды қосымша кұбырлармен суға жіберу қажет. Қалқандар кеме айлаққа келгенге дейін орнатылады.
      13. Кеменің рейске шығуы кеменің қанағаттанарлық техникалық жай-күйін растайтын кеме құжаттары болған кезде жүргізіледі.
      14. Кеме мен жүк аумақтық бөлімшеде авария, құтқару туындаған, кемелер соқтығысқан немесе өзге де зиян келтірілген жағдайларда, сондай-ақ порттық құрылыстардың, порттағы өзге де мүліктің және навигациялық құралдар жағдайының бұзылуынан туындаған порттың талабы бойынша кеме иесінің немесе жүк иесінің жеткілікті қамтамасыз етуді ұсынуына дейін ұсталады.
      15. Қазақстан Республикасы кемесінің капитаны өзен сағасында орналасқан порттан шығуды ресімдеу үшін аумақтық бөлімшеге мыналарды ұсынады:
      1) жалпы декларацияны немесе кету құқығына арналған өтінішті;
      2) кеме рөлін;
      3) экипаж мүшелерінің дипломдары мен біліктілік куәліктерін;
      4) жолаушылар тізімін;
      5) ауытқымаушылық есебін;
      6) сусымалы жүктерді қабылдау кезінде - технологиялық режимдердің карталарын және тиеудің үлгі жоспарларын немесе жүктің дымқылдығы мен табиғи еңіс бұрышы көрсетілген жүкке арналған сертификатты;
      7) конверсия кітабын ұсынады.
      16. Тіркеп сүйретілетін кеменің немесе тіркеп сүйретілетін керуеннің шығуы үшін өту жоспары, тіркеп сүйреу желісінің схемасы мен есебі әзірленеді.

3. Порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу тәртібі

      17. Порт акваториясы шегінде және оған кіреберісте жүзу кезінде белгіленген қозғалыс жолдарын ұстану, түбін тереңдету кемелерімен айырмашылық ерекшеліктерін ескеру және кемелердің, брандвахталардың және жүзу режимі туралы кемелерге хабарландыруды жүзеге асыратын жағалау посттарының айырмашылық сигналдарын білу керек.
      18. Шетел кемесіне Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіру және оларда жүзу мүмкіндігі беріледі.
      19. Портқа кіретін кеме порттан шығатын кемеге жол береді.
      Портқа кіретін кеме:
      1) жол беруге мүмкіндігінен шектеулі болғанда және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидасына (бұдан әрі - Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы) сәйкес оттар мен белгілерді алып жүргенде;
      2) өзі шөгуінен қысылған және Ішкі су жолдарында жүзу қағидасына сәйкес сигналдар алып жүрген жағдайлары ерекшелікті құрайды.
      20. Қарсы бағыттардан тар орынға, бұрылысқа немесе бір қақпақтан екінші қақпаққа ауысқан орынға екі кеме жақындаған кезде осындай жерден екі кеме бір мезгілде өту мүмкін болмағанда немесе қауіпті болғанда, онда басқа кемеге жол беруге міндетті кеме, соңғысының қауіпсіз қашықтықта тұрып, оның бұрылуды аяқтауына мүмкіндік береді.
      21. Тар жерлерде арнайы және түбін тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркін өту мүмкіндігі туралы растауды алғаннан кейін жүзеге асырылады.
      22. Арнайы жұмыстармен айналысқан кемеге жақындаған кезде онымен ультрақысқа толқынды радиобайланыста оның жанынан өту мүмкіндігі туралы алдын ала уағдаласу не жылдамдықты алдын ала азайту және одан кемінде кабельтер қашықтықта бір ұзақ сигнал беру қажет. Арнайы жұмыстармен айналысқан кеме осы сигнал бойынша жұмысын тоқтатады және ол көтерген оттарын (белгілерін) түсіреді. Оттарды (белгілерді) түсіру өтетін жолдың босағанын білдіреді.
      23. Қауіпті толқын көбеюін болдырмау үшін капитан мынадай жағдайларда:
      1) тіркеп сүйреу керуендері мен шағын көлемді кемелерден алшақтағанда;
      2) жұмыс істеген крандарының, экскаваторларының, дебаркадерлерінің, айлақтардың, айлақта арқандап байлаудан босатылған мұнай құю кемелерінің жанынан өткенде;
      3) зәкірде немесе қайраңда тұрған кемелерді айналып өткенде;
      4) су асты, гидротехникалық және басқа да арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде;
      5) түбін тереңдету кемелерін айналып өткенде;
      6) айлақта, кеме бортында жұмыс істейтін адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде алдын ала кеме жылдамдығын азайтады.
      24. Су асты қанаттары бар кемелерге көзбен шолып қарау 5 кабельт және одан төмен болғанда фарватерлер мен арналар бойынша тек ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етіледі.
      25. Арнада немесе фарватерде кемені зәкірге қою мынадай жағдайларды қоспағанда жүзеге асырылады:
      1) одан әрі қозғалу анық қауіп төндіргенде;
      2) техникалық бұзылу салдарынан кеме тоқтауға мәжбүр болса;
      3) өту жолы басқа кемелерге жабық болса.
      26. Фарватерде немесе арнада зәкірге тұруға (немесе айлақтық бағаналарға арқандап байлауға) мәжбүр болған кеменің капитаны порттық кезекші диспетчеріне бұл туралы қолда бар байланыс құралдарымен жедел хабарлайды.
      Хабарламада кеменің атауы, кеменің зәкірге қойылған (арқандап байлау) уақыты, орны мен себептері, сондай-ақ тұру ауданында қозғалыстың қаншалықты дәрежеде қиындағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
      27. Порт суларында кемелерді тіркеп сүйреуге басшылық етуді порттың кезекші диспетчері жүзеге асырады.
      28. Тіркеп сүйреу басталғанға дейін порт иесі тіркеп сүйреу операциясына қатысатын кемелер капитандарымен оны жүргізу тәртібін келіседі. Егер тіркеп сүйреу лоцмандық қамтамасыз етумен жүзеге асырылса, онда оны жүргізу тәртібін келісуге лоцман да қатысады.
      29. Тіркеп сүйреу кемелері қозғалтқыштарының қуаты мен маневрлік сапасын, жүзу керуенінің сенімді басқарылуын қамтамасыз етпесе (жел мен ағысты ескергенде) тіркеп сүйреу жүргізілмейді.
      30. Кемелер тез тұтанатын мұнай өнімдері құйылмалы жүктелген жағдайда лагпен тіркеп сүйреу жүргізілмейді, сондай-ақ бір тіркеп сүйрегішпен бір уақытта мұнай өнімдері құйылмалы жүктелген бірнеше кемелер тіркеп сүйретілген болса, тіркеп сүйреу жүргізілмейді.
      31. Зауыт акваториясынан жүріс сынағына келе жатқан кеме порт акваториясы арқылы тіркеп сүйретумен жүргізіледі.
      32. Өздігінен жүзетін кемені оның бортынан арқандап байланған жүзу құралдарымен тіркеп сүйреу жүргізілмейді.
      33. Тіркеп сүйрейтін кеме тіркеп сүйрейтін кемедегі жұмыстан тек тіркеп сүйреу басшылығының командасы бойынша босатылады.
      34. Тіркеп сүйрететін кеменің төңкеріліп кету қаупі бар тікелей төнген жағдайда ғана тіркеп сүйрейтін кемеден команда түспей-ақ тіркеп сүйреу арқаны тасталады.

4. Кемелердің портта тұруы

      35. Кемелерді зәкірге қою немесе тұрақ орнына ауыстыру әрбір жағдайда портының кезекші диспетчерінің рұқсатымен (нұсқауымен) орындалады.
      36. Кемелер мен салдарда және өзге де жүзу объектілерінде навигациялық белгі болып көрінуі мүмкін әртүрлі оттарды көтеруге рұқсат етілмейді.
      37. Зәкірде тұрған кемеде тәуліктің қараңғы уақытында штаттық сыртқы жарықтандыру қосылады.
      38. Артқы жағында зәкірмен (верптермен) бекітіліп, рейдте тұрған кеме тәуліктің қараңғы уақытында ақ от, ал күндіз кеменің артқы жағында борт биіктігінің жарымына дейін зәкір шынжырының қасында төмен түсірілген қызыл жалау бекітіледі.
      39. Тіркеп сүйреуі жоқ өздігінен жүрмейтін жүзу құралдарын зәкірде экипажсыз қалдыруға рұқсат етілмейді.
      40. Кеме капитаны бөтен адамдарды бортқа қабылдағанда немесе кемеде байқағанда бұл туралы аумақтық бөлімшеге хабарлайды және осы адамдарды ішкі істер органдарына тапсырады.
      41. Катерлер мен шлюпкаларды суға түсіру порт иесінің рұқсатымен ғана рұқсат етіледі. Осы талап суға батушыларға көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін кемедегі жүзу құралдарын жедел пайдалану қажет болған жағдайларда қолданылмайды.
      42. Айлақ иесі кемелердің кіруі мен шығуына айлақ дайындығын қамтамасыз етеді.
      43. Айлақты дайындау кезінде:
      1) кіретін кемені арқандап байлау үшін айлақтың жеткілікті бос ұзындығы қамтамасыз етіледі;
      2) қалыпты арқандап байлауға (арқаннан босатуға) кедергі болатын жүктер мен басқа заттардан айлақ кордоны босатылады;
      3) арқандау (арқаннан босату) бойынша жұмыстар жүргізілетін айлақтың кордон маңының бөлігі мұз бен қардан тазартылады және барлық ұзындығы бойы құм шашылады;
      4) арқандап байлау айлағында барлық көлік түрлерінің жұмыстары мен қозғалысы тоқтатылады;
      5) тәуліктің қараңғы уақытында айлақтың толық жарықтандыру жүйесі қосылады. Кеменің арқандап байланатын орны (форштевень тұрған жері) айлақ иесінің өкілі былай көрсетеді: күндіз - қызыл жалаумен, түнде - қызыл от жарығымен.
      44. Кеме капитаны арқандап байлауға дейін портының кезекші диспетчерінен немесе лоцманнан айлақтың жай-күйі, бос кіреберіс мөлшері туралы, айлаққа кіреберістегі және оның бойындағы тереңдік туралы ақпарат алады.
      45. Кемені айлаққа арқаңдап байлау үшін айлақ иесі олардың саны кеменің жалпы сыйымдылығына байланысты болатын арқандап байлаушыларды бөледі.
      46. Кемені айлақта түрған кеме бортына арқандап байлау кезінде соңғы кеме өз экипажының күшімен өз бортының кранцты қорғалуын қамтамасыз етеді және кемеге лақтырылатын арқан ұштарын қағып алады. Жағада арқан ұштарын қағып алуды порт иесі қамтамасыз етеді.
      47. Шағын көлемді кеме айлаққа портының кезекші диспетчерінің рұқсатымен ғана арқандап байланады.
      48. Кемелерді айлақ жанында орналастыруды порт иесі жүзеге асырады. Кемелер арасындағы қашықтық кемінде 10 метр болуы тиіс.
      49. Айлақ жанында борты бортқа тіреліп (лагымен) тұратын кемелердің жеткілікті санын әрбір нақты жағдайда порт иесі белгілейді.
      50. Бірінің бортында қауіпті жүктер бар, бір-біріне лагымен арқандап байланған екі кеменің тұруына рұқсат етілмейді.
      51. Айлақ жанында арқанға байланған кеменің капитаны су бетінің, айлақ пен су түбінің ластануын болдырмау, сондай-ақ траптар ауданындағы жерлерді қар мен кірден тұрақта тазалауды ұйымдастыру үшін шаралар қабылдайды.
      52. Айлаққа кемеден берілетін түскіштер мен басқыштар тұтқалармен немесе қоршаулармен жабдықталады. Басқыштар мен түскіштер алаңында адамдардың суға құлауын болдырмайтын қорғағыш тор тартылады. Тәуліктің қараңғы уақытында басқыштар (түскіштер) жарықтандырылады.
      53. Айлақта тұрған кемеде тәуліктің қараңғы уақытында сыртқы жарықтандыру қосылады, ал багі мен артында кеменің шеттерін білдіретін оттар қойылады.
      54. Сұйық отыны бар танкер немесе бункерлеуші, егер оның жүк танкері жүк қалдығы мен газдан тазаланбаса, жоғарыда аталған оттардан басқа, неғұрлым көрінетін жерде Ішкі су жолдарында жүзу қағидасына сәйкес бүкіл көкжиек бойынша көрінетін бір қызыл отты көтереді.
      55. Айлақта тұрған кемеде оның мөлшері мен тиесілігіне қарамастан басқыш алдында вахта қойылады. Вахталық қызмет аумақтық белімше телефондарының нөмірлерімен қамтамасыз етіледі.
      56. Авариялық кемеге қасында тұрған немесе оның жанынан ететін кемелер адамдарды, кемені, жүк және басқа мүліктерді құтқару бойынша көмек көрсету шараларын қабылдайды.
      57. Тұрақты экипаж ұстауға жабдықталмаған шағын көлемді кемелердің иелері өз кемелерінің тәулік бойы күзетілуін және олардың тұрақтарын қадағалауды қамтамасыз етеді.
      58. Жүк операциялары кезінде кеменің қисаюы 50 градустан аспайды.
      Әрбір қайта тиеу механизмдері үшін жел жылдамдығы паспорт деректерінен артық болған кезде жүк жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      59. Кезекші диспетчер кеменің тұрақ орнынан алдағы ауысуы туралы кеме капитанына жұмыс уақытында 2 сағат бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      60. Егер кемені қайта арқандап байлау, тарту және орнын ауыстыру алдағы тәуліктің сағат 17.00-ден бастап 8.00-ге дейін жоспарланса, онда порт иесі бұл туралы капитанға 15 сағат бұрын хабарлайды.
      61. Егер тұрақ орнын ауыстыратын кеме айлақта тұрған басқа кеменің бортына лагпен қойылса, онда соңғы кемеге бұл туралы қайта ауыстыру басталғанға дейін кемінде 1 сағат бұрын ескертіледі.
      62. Кемені бір айлақтан басқасына ауыстыру немесе оны айлақтан рейдке апару тек кемеде капитан немесе аға көмекші болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      63. Кемені алдағы айлақтың ұзына бойы тартқан жағдайда оған басқа кемеден әкелінген арқандар, бұл жөнінде басқа кеме капитанының вахта кемекшісіне хабарланғаннан кейін ғана беріледі. Егер арқандарды беру кезіңде олар басқа кеме арқандарымен қыстырылып қалса, басқа кеменің вахта қызметі өзінің арқан бауларын беру кезінде босатады.
      64. Портының кезекші диспетчері ауа райының тез бұзылатыны туралы деректер алғаннан бастап порт айлақтарында тұрған барлық кемелердің капитандарына дереу хабарлайды.
      65. Кеме капитаны дауыл туралы ескерту алған кезде немесе ауа райы нашарлауының анық белгілері болған кезде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
      66. Портының кезекші диспетчері дауыл туралы ескерту алғаннан бастап кеме капитандарына портта қалған кемелер мен жүзу құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқаулар береді.
      67. Кемелердің меншік иелері немесе кеме иесінің немесе кеме капитанының өтінімі бойынша кеменің қысқы тұрағының, жөндеуде тұру немесе қазықта тұру мүмкіндігі туралы шешімді әрбір жағдайда порт иесі қабылдайды, онда әрбір кеме бойынша мыналар көрсетіледі:
      1) үлгісі, атауы, тіркеу нөмірі, ұзындығы, ені және шөгуі;
      2) тіркелген порты;
      3) портта қалаған тұрақ орны;
      4) капитанның немесе өзге де жауапты адамның тегі;
      5) кемеде қыстап қалатын экипаж мүшелерінің немесе кемеде тұратын күзетшінің тегі;
      6) команданың вахта қызметін жүргізу тәртібі және кезекшілік кестесі;
      7) кеменің меншік иесінің немесе кеме иесінің және кеме капитанының мекенжайлары;
      8) кемелерді орналастыру сызбасы.
      68. Бірнеше кемелер қыстаған кезде кеменің меншік иесі немесе кеме иесі керуен қалыптастырады, керуендегі барлық кемелердің тұру қауіпсіздігіне жауапты керуен капитаның тағайындайды.
      69. Кеме капитаны қыстау портынан шыққан жағдайда порт иесін ол болмаған кезде кемеге және экипажға жауапты адам туралы хабардар етеді.
      70. Қыстауға қойылған кемелерде кеме иесі әзірлеп, бекіткен және аумақтық бөлімшемен келісілген кеменің тұрақта тұрған кезеңінде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары болады.
      71. Құйылма кемелерін тұраққа қою алдында танкілері мен сорғы бөлімшелерін толық тазалау және газсыздандыру орындалады.
      72. Қыстайтын кемеде сұйық отын қоры тек порт иесінің рұқсатымен ғана қалдырылады.
      73. Тұру кезінде кемелер порт иесімен байланыспен қамтамасыз етіледі.