Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10853 тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 255 бұйрығымен
бекітілген

Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта
отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының,
сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық
жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес әзірленген және сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарауға (бұдан әрі - мерзімді зерттеп-қарау) Жүйелік оператордың қарамағындағы электр станциялары, энергия беруші ұйымдар және 10 мегаватт (86 гигакаллория) көлемінде және орта тәуліктік (негізгі) қуаттан жоғары электр немесе жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар жатады.

      4. Мерзімді зерттеп-қарау негізгі және қосалқы жабдықтардың, электр станцияларының ғимараттары мен құрылыстарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушының энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі.

2. Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта
отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының,
сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық
жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізудің тәртібі

      5. Сарапшы ұйымдарды және дайындушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.

      6. Мерзімді зерттеп-қарау зерттелетін ұйымның есебінен сарапшы ұйыммен жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.

      7. Мерзімді зерттеп-қарау жүргізу мерзімінен кем дегенде бір ай бұрын, зерттелетін ұйым сарапшы ұйымға мерзімді зерттеп-қарау жүргізу үшін қажетті материалдарды:

      1) гидротехникалық құрылыстарды қоса ғимараттар мен құрылыстардың тізбесін;

      2) орнатылған негізгі және қосалқы жабдықтардың тізбесі мен сипаттамасын;

      3) жылу және электр сызбаларын;

      4) энергия қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерін;

      5) энергияны есепке алу құралдарының жай-күйін;

      6) тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актілерін;

      7) алдыңғы зерттеулердің актілерін және оларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынады.

      8. Мерзімді зерттеп-қарау жүргізу алдында сарапшы ұйым мерзімді зерттеп-қарау жүргізудің жүйелігін және мерзімдерін айқындайтын мерзімді зерттеп-қарау жоспары мен бағдарламасын әзірлейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.02.2017 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қажеттілік жағдайында сарапшы ұйым дайындаушы зауытты тартады, бұл ретте дайындаушы зауытқа тиісті хабарландыру жіберіледі.

      Дайындаушы зауыт өкілдері осы зауытпен дайындалған энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйінің мерзімдік зерттеуін жүргізеді.

      10. Мерзімді зерттеп-қарау жүргізу үшін дайындаушы зауытты тартқан кезде мерзімді сараптама зерттеу актісінде (бұдан әрі - Акт) тиісті белгі жасалады.

      11. Дайындаушы зауытпен бұзушылық пен сәйкессіздік айқындалған жағдайда дайындаушы зауыт өкілімен қол қойылатын Актіге тиісті жазба енгізіледі.

      12. Актіде құжаттың жасалған жері мен уақыты, зерттелетін ұйымның немесе тұтынушының атауы, оның жетекшісінің тегі мен аты-жөні туралы мағлұмат көрсетіледі. Сондай-ақ зерттеу объектілері мен мерзімді зерттеп-қарау жүргізу уақыты көрсетіледі.

      13. Актіде зерттелетін ұйымның немесе тұтынушының жабдықтарының қысқаша техникалық сипаттамасы, жағатын отын түрі, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі.

      14. Актіде зерттелетін заттың нақты жағдайы, мерзімді зерттеп-қарау кезінде анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер көрсетіледі. Бұл ретте бұзылған немесе оған сәйкес келмейтін электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттың немесе нормативтік құқықтық актінің талабына сілтеме жасалады.

      Актіде анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар қамтылады.

      15. Акт ерікті түрде жасалады және сарапшы ұйымның жетекшісімен бекітіледі.

      16. Акт үш данада ресімделеді: бір данасы мерзімді зерттеп-қарау аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен артық емес мерзімде зерттелетін ұйымға беріледі, екіншісі - мерзімді зерттеп-қарау аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен артық емес мерзімде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, үшіншісі – сарапшы ұйымда қалады.