Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10689 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 29.04.2020 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған):

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Электрондық тәсілмен ақпаратты қалыптастыруға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып отыру тұрақты негізде, ақпаратты ұсыну мерзімі басталғанға дейін жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында тегін орналастырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Пайдаланушы ақпараттық жүйені құрғанға дейін оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін өткізу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларға оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов