Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 17 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2015 жылғы 19 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген |
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 44-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және тікелей келіссөздер негізінде пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісімшарт жасасу жолымен беріледі.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшелігі
3. Тікелей келіссөздер негізінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын:
1) автомобильге жанармай құю станцияларын қоспағанда, мұнай мен газды сақтауға арналған жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстарды;
2) жерастындағы тереңдігі үш метрден астам тоннельдерді, метрополитендерді, жерасты жолдары мен инженерлік құрылыстарды;
3) қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстарды;
4) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі қалдық қоймаларын, қойыртпақ қоймаларын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарттар жасалады.
4. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы жүргізеді.
5. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқылы.
6. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге:
1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды кему объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын жердің, оның ішінде объектінің орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын;
2) объектілердің физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудын сапалық және сандық көрсеткіштерін, көмудің, сақтаудың және тастаудың, тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкелетін ұйымдар туралы мәліметтерді;
4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасын;
5) Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) алдағы құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытындысын;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берілуі тиіс.
7. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) қоса беріледі.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтінімді қабылдайды, арнайы журналда тіркейді және өтініш берушіге тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешімнің қабылданғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
9. Тікелей келіссөздер, тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.
Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі өтінім берушінің жүгінуі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органмен ұзартылуы мүмкін.
10. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша шешім қабылданған күн болып есептеледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы тікелей келіссөздердің хаттамасына қол қойған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарлайды.
11. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректердің негізінде қабылданады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
12. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының хаттамасымен ресімделеді.
Хаттама тікелей келіссөздер жүргізілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады және оған кол қойылады.
13. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің шарттары мен тәртібі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізу келісімшартымен (бұдан әрі - келісімшарт) айқындалады.
14. Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде тікелей келіссөздер хаттамасына, ал кейіннен - келісімшартқа енгізіледі.
15. Келісімшартты жасасу үшін барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер хаттамасы негіз болып табылады. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап жиырма төрт ай ішінде келісімшарт жасалады.
16. Тау-кендік болу және жұмыс бағдарламасы келісімшартқа міндетті қосымшасы болып табылады. Уәкілетті орган тау-кендік бөлудің жобасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей тау-кендік бөлуді береді.
17. Жұмыс бағдарламасы белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады және уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасын уәкілетті органмен келісу келісімшарт жобасына сараптама жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келісу мерзімі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасы келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайды.
18. Жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде, оның нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
19. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін береді.
3. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктері
20. Жер қойнауын пайдаланудағы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерін беру геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
21. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыстар салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жол беріледі.
22. Жер қойнауын пайдаланушы жобаланатын және жүргізілген жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бағалау жүргізуі, осы бағалаудың нәтижелерін уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау органдарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуы тиіс.
23. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің шарттары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.
24. Жерасты құрылыстарын келісімшартта көрсетілген өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
25. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жерасты құрылыстарын салу және пайдалануға арналған келісімшарттың, жобаның шарттарына және технологиялық схемаға сәйкес жүргізіледі.
26. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлуде белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінде ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде тиісті операцияларды жүргізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы
Нысан
_________________________облысында орналасқан_____________________
"Жер қойнауын барлаумен және (немесе) пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану" үшін тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
ӨТІНІМІ
1. Өтініш беруші туралы деректер:
2. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
3. Орналасқан жері ____________________________________________
4. Меншік нысаны ______________________________________________
5. Мемлекеттік тиесілігі ______________________________________
Тіркеу құжатының нөмірі: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама _______________________________
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСК) _____________________________
Басшылар мен қатысушылар (немесе олардың жарғылық капиталдағы үлесінің көлемін көрсете отырып (жарғылық капиталдың жалпы көлемінен) акционерлер) туралы мәліметтер ______________________________________
Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында осындай қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы мәліметтер __________________________________________
Өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер ___________
Деректемелер:________ қ.______________ е/шоты БСК _____________
Мекенжайы, телефоны, факс, е-mail______________________________
Құрылтайшылар: ________________________________________________
Құрылған күні: ________________________________________________
Өтініш берушінің тегі мен аты (жеке тұлғалар үшін): ___________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
Азаматтығы ____________________________________________________
Жеке куәлік № ________________________________________ берілген
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________
Өтініш берушіні кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеу___
1) Өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді коса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер ____________________________________________
2) Қызметтің негізгі түрі: ____________________________________
3) Жұмыс тәжірибесі: __________________________________________
4) Кәсіпорынның қаржылық жай-күйі, қаржыландыру көзі: _________
2. Қазақстанның жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың мақсатқа арналуы:
1) Объектінің атауы: __________________________________________
Қысқаша геологиялық сипаттамасы: __________орналасқан _________
2) Объектілердің жалпы сипаттамасы: ___________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері, пайдалану кезеңі, ұстауға арналған шығындар,
қоршаған орта мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен
орналасуы).
3. Объектілердің тау-кен-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы: ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(оқшаулау сипаттамасы, тау-кен жыныстарының типі, коллектор
қаттарының жерасты тереңдігі және тиімді қуаты, оның алаңы,
кеуектілік коэффициенті, төселетін және жабылатын су тірегінің
сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы, су
ағызуды сақтау және басқа, сапалық және сандық көрсеткіштері,
көмудің (сақтаудың және тастаудың) тау-кен техникалық, арнайы
инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары).
4) Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және ағынды сулар түзілетін ұйымдар туралы мәліметтер: ________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және ведомстволық тиесілігі, зиянды заттардың, сарқынды сулардың сипаттамасы: өнімнің атауы, өнім түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі және басқа сипаттамалары, тасымалдау жүйесінің сипаттамасы).
3. Сұратылатын аумақтың кеңістік шекарасы, оның алаңы:
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісінің әкімшілік-аумақтық
байланыстылығы, алаң гектармен)
4. Жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын мерзім:
______ жылы (_______ жылдар) басталған жұмыстардың ұзақтыгы _____ жыл.
Өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына барынша жәрдемдесуге және өтінімге сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде қажетті кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші өтінімдегі және қосымшадағы барлық ақпарат нақты және шынайы екендігіне кепілдік береді.
Өтініш берушінің қолы _______________________________________
(заңды немесе жеке тұлға)
Мөр орны
Нысан
____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының атауы)
Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты
емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға жер
қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшартты
мемлекеттік тіркеу
АКТІСІ
______________ қ. 20__ жылғы "__"________
Осымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының 20__ жылғы "__" __________ тікелей
келіссөздер хаттамасының негізінде
_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының атауы)
және
__________________________________________________ арасында жасалған
(Мердігер)
_______________________________________________ келісімшарт тіркеледі
(тікелей келіссөздер объектісінің атауы)
Тіркеу № ______________
Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың әкімі