Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 № 912 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанының реттік нөмірі 5 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді».
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев