"Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10497 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 645 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 10.12.2015 № 645 (01.01.2016 бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6382 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 18 тамызда № 218 (26279) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдау;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы 4 ақпандағы
№ 67 бұйрығына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2010 жылғы 17 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен 
бекітілген    

                                                             Нысан

Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті
өтеу туралы хабарлама

«___»________20____жыл                                      № _______

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 159-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
               (мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда) төлеушінің толық атауы
_____________________________________________________________________
   жеке сәйкестендіру нөмері/бизнес сәйкестендіру нөмері (ЖСН/БСН)
                            мекенжайы)

есептелген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомасына _____________________________________________________________________
                       теңге(санмен және жазумен)
негізінде ___________________________________________________________


р/с

Бюджеттік жіктеме коды

Кедендік төлемнің немесе салықтың түрі

Төлем (салық) сомасы

Хабарламаны шығарған күндегі өсімпұл сомасы

Барлығы, сомасы

1

2

3

4

5

6




















Барлығы





      20__жылғы0«____»0_______0дейінгі0мерзімде0Сіз
_____________________________________________________________________
(алушы-мемлекеттік кірістер органының және оның Қазынашылығының
                              деректемелері,
_____________________________________________________________________
                      (бизнес сәйкестендіру нөмері)

20 __ жылғы «____» ________ дейінгі мерзімде
Сіз _________________________________________________________________
     (алушы-салық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
_____________________________________________________________________
                     (СТН, БСН, ЖСН және т.б.)
      бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080 ____ «Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер» баланстық шотына аударуыңыз қажет.
      20 __ жылғы «____» ________ дейінгі мерзімде Сізге мемлекеттік кірістер органына жүк кеден декларациясына түзетуді және (немесе) тауарлардың кедендік құнына түзетуді ресімдеу үшін қағаз тасымалдағышта және олардың электрондық көшірмелерін ұсыну қажет.
      Кодекстің 158-бабына сәйкес көрсетілген баптың 3-8-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2,5 мөлшерінде есептеледі.
      Кодекстің 171-бабына сәйкес берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі «Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына сәйкес айқындалады.
      Кодекстің 159-бабына 3-тармағына сәйкес хабарлама төлеушіге оны қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қарамастан жіберіледі.
      Кодекстің 19-тарауына сәйкес Сіз осы хабарлама туралы жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағымдануға не сотқа жүгінуге құқылысыз.
      Мемлекеттік кірістер органының берешек және өсімпұлды өндіріп алу туралы хабарламасына шағым Кодекстің 175-бабымен белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынылуы тиіс.
      Кодекстің 160-бабына сәйкес хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, хабарламада көрсетілген талаптарды орындау мерзімі хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
      Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кезде төлеуші бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен басталады.
      Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда, хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу, шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.
      Кодекстің 159-бабы 5-тармағына сәйкес өсімпұлды есепке алмағанда, төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тіркеген күннен бастап өтеу күнін қоса алғанда төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезде мемлекеттік кірістер органдарымен бұрын қойылған кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға қосымша тағайындалады.
      Кодекстің 159-бабы 6-тармағына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті сомаларын өзгертілуіне, яғни соларға қатысты Кодекске сәйкес жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама себеп болған дәлелді фактілер пайда болған жағдайда мемлекеттік кірістер органы бірінші жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кері қайтарып, жаңа кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
      Кодекстің 159-бабы 7-тармағына сәйкес кері қайтарылған және жаңа жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомаларының өзгертілуін куәландыратын фактіні растаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
      Кодекстің 166-бабы 1-тармағына сәйкес осы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей
      Сізге _________________________________________________________
                        (мемлекеттік кірістер орган)
      дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып дебиторлар тізімін және бар болған жағдайда дебиторлық берешек сомаларын растайтын дебитормен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін ұсыну қажет.
      Шағымдану жағдайларын қоспағанда хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 18-тарауымен белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.
Қосымша - хабарламаны шығарған күндегі берешек пен өсімпұлды ашып жазу _______ парақта.

Мемлекеттік кірістер органының
Басшысы (басшының орынбасары) _______________________________________
                                (тегі, есімі, әкесінің аты, қолы)
20__жылғы «___»___________

М.О.

Хабарлама
_____________________________________________________________________
(төлеушінің тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, мөрі)
төлеушіге 20__жылғы «___»___________берілді.

Хабарлама
_____________________________________________________________________
           (жіберу және алу фактісін растайтын құжат)
төлеушіге 20__жылғы «___»___________ жіберілді.