1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, 2013 жылғы 14 наурыздағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) шешімінің және Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3552 тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сарой ауылдық округінің әкімі |
С.Бақтығалиев |