"Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 348 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 2868 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 36 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/137-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/247-V шешіміне, облыс әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" 2014 жылғы 2 қазандағы № 316 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Оспановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы "27" қазандағы
№ 348 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі № 18 үй, почталық индекс 160012.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" және "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларын мемлекеттік реттеу мен басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      16. Міндеттері:
      1) энергетиканы, энергия үнемдеуді, энергия тиімділік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
      2) энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы облыстық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
      3) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
      4) автокөлік жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы, орта, күрделі жөндеуден өткізу, автомобиль жолдарының жаңа құрылыстары бойынша бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын, күнтізбелік кестелерін әзірлеу және бекіту, олардың орындалуын бақылау мен жауапкершілікте болу;
      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
      6) жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен облысаралық тасымалдауларға байланысты жұмысты үйлестіру және реттеу;
      7) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және жылу жүйелерінің жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын үйлестіріп жылу маусымында жылу жүйелерінің жұмысын бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      17. Функциялары:
      1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
      3) уәкілетті органға облыстың, аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
      4) уәкілетті органға облыстың, аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
      5) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      6) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
      7) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      8) өз құзыреті шегінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді қағидаларын әзірлеп, ұсыну;
      9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
      10) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
      12) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      13) өз құзыреті шегінде бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;
      14) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      15) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
      17) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      18) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
      19) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқарады;
      20) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
      21) облыстық жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн, пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлеп бекіту;
      22) облыстық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекітеді;
      23) облыстық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекітеді;
      24) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеп бекіту;
      25) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту жатады;
      26) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
      27) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      28) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
      29) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
      30) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;
      31) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      32) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
      33) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      34) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      35) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізілімін жүргізеді;
      36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады;
      37) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
      38) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін;
      39) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
      40) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
      41) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      42) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауды және салуды келіседі;
      43) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;
      44) тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
      45) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастырады әрі өткізеді және олардың орындалуын бақылайды;
      46) облыстық маңызы бар жолдарда, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
      47) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
      48) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді маманданушы ұйымдар ұйымдастырады;
      49) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
      50) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жояды;
      51) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында лицензиялауды жүзеге асырады;
      52) өз құзыреті шегінде халықаралық техникалық байқау сертификаттарын береді;
      53) өз құзыреті шегінде техникалық байқау операторларының қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келіседі;
      53-1) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      53-2) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      53-3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылайды;
      53-4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асырады;
      53-5) елді мекендер, қалалар және кен орындары үшін жер асты суларына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізеді және ұйымдастырады;
      53-6) Қазақстан Ресубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      54) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 04.05.2015 № 133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      7) келісім-шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банкте шоттар ашады;
      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Ресаубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолданыла алады;
      12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесін және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым:
      Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының "Оңтүстік жолдары" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.