Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 187 "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) тура

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 337 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 тамызда № 4999 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 482 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 187 "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.";
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.";
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

Қостанай облысы әкімдігінің         
2014 жылғы 14 шілдедегі           
№ 337 қаулысына қосымша           

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу      
және олардың орналасатын жерін айқындау,    
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері 
(ғимараттары) етіп айта бейіндеу (функционалдық 
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша    

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

Шартты белгілер