Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10192 тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ___________ А. Мұхамедиұлы

      2014 жылғы 31 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығымен бекітілген

Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен
оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру тәртібін, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда келесі негізгі түсініктер пайланылады:

      1) оқушылардың спорттық лигасы (бұдан әрі - Оқушылар лигасы) оқушылар арасындағы спорттық қозғалыс. Оның мақсаты мектеп спортын танытуға ықпал ету, спорттың бір немесе бірнеше түрлерін дамыту, оқушылармен бірге спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады;

      2) студенттердің спорттық лигасы (бұдан әрі - Студенттер лигасы) студенттер арасындағы спорттық қозғалыс. Оның мақсаты студенттер спортын танытуға ықпал ету және спорт түрлерін дамыту, студенттермен бірге спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

      3. Студенттер және оқушылар лигаларының мақсаты - білім беру ұйымдарының білім алушыларын спортпен тұрақты шұғылдануға тарту.

      4. Студенттер және оқушылар лигаларының міндеттері:

      1) спорттың командалық ойын түрлерін дамыту және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

      2) спорттың ойын түрлері бойынша білім беру ұйымдарының үздік оқушылар лигасының сынып-командаларын және студенттер лигасының топ-командаларын айқындау;

      3) спорттың командалық ойын түрлерімен шұғылдануға (шағын футбол, волейбол, баскетбол және тағы басқалары) білім беру ұйымдарының білім алушыларын қатыстыру.

2. Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру тәртібі

      5. Оқушылар лигасы жалпы білім беретін мектептер сынып-командаларынан (бұдан әрі - сынып-командалары) қалыптастырылады.

      6. Оқушылар лигасына қатысуға сынып-командалар өтінімін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жалпы білім беретін мектеп басшысы білім беру ұйымдарында сынып-командалар арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын береді.

      7. Сынып-командалары жалпы білім беретін мектептердегі 6-11 сынып оқушыларынан қалыптастырылады. Сынып-командасына жалпы білім беретін мектептердегі бір сыныптың білім алушылары енгізіледі.

      8. Студенттер лигасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының топ-командаларынан қалыптастырылады (бұдан әрі - топ-командалары).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2016 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Студенттер лигасына қатысуға топ-командалар өтінімін дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымдарында топ-командалар арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын береді.

      10. Топ-командалары дене шынықтыру пәні оқытушысының өтінімі бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларынан қалыптастырылады. Топ-командасына білім беру ұйымдарының бір топ білім алушылары енгізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2016 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      11. Студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық іс-шараларға спорттық жарыстар жатады.

      12. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығымен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларына сәйкес студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстар спорттың командалық ойын түрлері (шағын футбол, волейбол, баскетбол және тағы басқалары) бойынша оқудың бір жылғы сынып-командалары немесе топ-командалары арасында өткізіледі.

      13. Студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстар келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

      1) іріктеу кезеңі - білім беру ұйымдары жыл сайын қыркүйек пен қазан айлары аралығында өткізеді;

      2) аудандық (қалалық) кезең - өңірлік ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Өңірлік комитет) жыл сайын қараша айында өткізеді;

      3) облыстық кезең - облыстық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Өңірлік комитет) жыл сайын наурыз айында өткізеді;

      4) республикалық кезең - республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Республикалық комитет) жыл сайын сәуір айында өткізеді.

      14. Білім беру ұйымдарындағы сынып-командалары мен топ-командалары арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңіне студенттер мен оқушылар лигаларына қатысуға өтінім берген барлық сынып-командалары мен топ-командалары қатысады.

      15. Әрбір кезеңнің спорттық жарыстарының іріктеу қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Әрбір келесі кезеңге (аудандық (қалалық) облыстық, республикалық) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың өткен кезеңдерінде жеңімпаз болған сынып-командалары мен топ-командалары өтеді.

      16. Спорт жарыстарынын республикалық кезеңінде студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың женімпаздары анықталады.

      17. Студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың білім саласындағы жергілік атқарушы органдары, ал республикалық кезең жеңімпаздарын білім саласындағы уәкілетті орган марапаттайды.

      18. Сынып-командалары мен топ-командалары арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңін ұйымдастыруды үйлестіруді және өткізуді білім беру ұйымдарының басшысы, аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерінде өңірлік комитет, республикалық кезеңде республикалық комитет қамтамасыз етеді.

      19. Білім беру ұйымының басшысы:

      1) білім беру ұйымдарындағы сынып-командалары мен топ-командалары арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңін өткізу күнін;

      2) білім беру ұйымдарындағы сынып-командалары мен топ-командалары арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңін өткізу орнын;

      3) білім беру ұйымдарындағы сынып-командалары мен топ-командалары арасындағы спорттық жарыстардың іріктеу кезеңі судьялар алқасының құрамын анықтайды.

      20. Өңірлік комитеттің құрамын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың білім саласындағы жергілікті атқарушы органдары анықтайды. Өңірлік комитет тақ саннан, кемінде 5 адамнан тұрады.

      21. Өңірлік комитеттің төрағасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың білім саласындағы жергілік атқарушы органының басшысы тағайындайды.

      22. Өңірлік комитет:

      1) Республикалық комитетпен келісім бойынша студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерін өткізу күнін;

      2) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерін өткізу орнын;

      3) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың аудандық (қалалық), облыстық кезеңдері судьялар алқасының құрамын анықтайды.

      23. Республикалық комитеттің құрамын білім саласындағы уәкілетті орган мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті орган бірлесіп анықтайды. Өңірлік комитет тақ саннан, кемінде 7 адамнан тұрады.

      24. Республикалық комитеттің төрағасын білім саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

      25. Республикалық комитет:

      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және жарыстар өткізілетін спорт түрлері жөніндегі республикалық федерациялармен бірлесе отырып студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың республикалық кезеңін өткізу күнін;

      2) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың республикалық кезеңін өткізу орнын;

      3) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың республикалық кезеңіне қатысатын сынып-командалары мен топ-командалары санын;

      4) студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстардың республикалық кезеңі судьялар алқасының құрамын анықтайды.

      26. Қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, сондай-ақ жарыста медициналық қызметкерлердің, судьялардың, іріктеу кезеңіне арналған спорт жарыстарын өткізу кезінде қажетті спорттық мүкәммал және жабдықтардың болуын білім беру ұйымдарының басшысы, аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерде - Өңірлік комитет, республикалық кезеңде - Республикалық комитет қамтамасыз етеді.

      27. Білім беру ұйымдары спорттық жарыстардың тиісті кезеңі басталғанға дейінгі күнтізбелік он күн бұрын келесі құжаттарды ұсынады:

      1) сынып-командалары үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, ал топ-командалары үшін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) әрбір қатысушының нотариалды расталған жеке куәлігінің (туу туралы куәлігінің) көшірмесі;

      3) әрбір қатысушының тұрғылықты жері бойынша медициналық мекеменің мөртабаны және терапевт-дәрігердің қолы қойылып расталған денсаулығы туралы медициналық анықтама.

      Аталған құжаттар спорт жарыстарының аудандық (қалалық), облыстық кезеңдеріне қатысу үшін Өңірлік комитетке, ал спорт жарыстарының республикалық кезеңіне қатысу үшін Республикалық комитетке ұсынылады.

4.Студенттер және оқушылар лигаларын қаржыландыру

      28. Аудандық (қалалық), облыстық кезеңдегі студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы іріктеу спорттық жарыстарын ұйымдастыруды және өткізуді қаржыландыру жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шеңберінде жүзеге асырылады.

      29. Республикалық кезеңдегі студенттер мен оқушылар лигалары арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қаржыландыру республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

  Студенттер және оқушылар
лигаларын қалыптастыру,
студенттер мен оқушылар
лигалары арасында спорттық
іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

_______________________ (спорт түрі) бойынша
_______________________ (білім беру ұйымының атауы)
cтуденттер лигасы арасындағы спорттық іс-шаралар кезеңіне қатысуға
Өтінім

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сынып-командасы

1



2



3



4



5



6



7




      Жауапты тұлғаның мәліметтері мен деректемелері

      ______________________________________________

      ___________________________________________

      (Білім беру ұйымы басшысының қолы мен мөрі)

  Студенттер және оқушылар
лигаларын қалыптастыру,
студенттер мен оқушылар
лигалары арасында спорттық
іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

_____________ (спорт түрі) бойынша
_______________ (білім беру ұйымының атауы)
оқушылар лигасы арасындағы спорттық іс-шаралар кезеңіне қатысуға
Өтінім

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сынып-командасы

1



2



3



4



5



6



7




      Жауапты тұлғаның мәліметтері мен деректемелері

      ______________________________________________

      ___________________________________________

      (Білім беру ұйымы басшысының қолы мен мөрі)