"Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйр

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13251 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қазандағы № 479 " Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының күші жойылғаны танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 07 қарашада № 2982 тіркелген, 2014 жылдың 27 қарашасында "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" аудандық газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Тастеміров