"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9666 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 497 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 95 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V Заңының талаптарына сәйкес келтірілуіне байланысты Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1609 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2013 жылдың 23 қаңтарында № 2839 тіркелген, № 4 "Пульс Зыряновска" и "Көктас таңы" гезеттерінде 2013 жылдың 31 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зырян ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов