"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № А-5/255 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 маусымда № 4234 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/572 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2007 жылғы 13 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
      «Атбасар ауданы» бөлімінде:
      келесі мазмұнды реттік нөмірі 28 - жолмен толықтырылсын:
      «

28

Пятихатка бөгеті

350

      »;
      «Барлығы: 27» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 28» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      «3308» цифрлары «3658» цифрларымен ауыстырылсын;
      «Егіндікөл ауданы» бөлімінде:
      келесі мазмұнды реттік нөмірі 6, 7, 8 - жолдармен толықтырылсын:
      «

6

Куновская бөгеті

300

7

Назаровская бөгеті

200

8

5-ші бригада бөгеті

100

      »;
      «Барлығы: 5» сөзі мен цифры «Барлығы: 8» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      «1850» цифрлары «2450» цифрларымен ауыстырылсын;
      «Зеренді ауданы» бөлімінде:
      келесі мазмұнды реттік нөмірі 30 - жолмен толықтырылсын:
      «

30

Красный Кордон әуіті

12

      »;
      «Барлығы: 29» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 30» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      «8249» цифрлары «8261» цифрларымен ауыстырылсын;
      «Целиноград ауданы» бөлімінде:
      келесі мазмұнды реттік нөмірі 45, 46 - жолдармен толықтырылсын:
      «

45

Қызыл сай - 2 бөгеті

17,5

46

Шеновская бөгеті

20

      »;
      «Барлығы: 43» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 46» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      «3889,5» цифрлары «3927» цифрларымен ауыстырылсын;
      «Барлығы: 456» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 463» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      «82355,7» цифрлары «83355,2» цифрларымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин