«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 10-бабы 1-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 42 (1664) «Заң газеті», 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 17 (487) «Официальная газета» газеттерінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 10-бабының 1-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi көрсетілген осы бұйрық қосымшасына сәйкес редакциясында жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді басылымдарда және «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылдың 14 желтоқсанынан кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» |
«КЕЛІСІЛДІ» |
«КЕЛІСІЛДІ» |
КЕЛІСІЛДІ» |
«КЕЛІСІЛДІ» |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
бұйрығына қосымша
2014 жылғы 20 қараша № 506
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 56 бұйрығымен бекітілген
Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі
үшін қажетті құжаттар тізбесі
Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары үшiн:
жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен басқасы көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына бейрезидент жеке тұлғаның келіп кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент жеке тұлғалары үшiн:
жеке басын куәландыратын құжат;
мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;
4) Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:
ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжат (тары);
мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;
құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімнен үзінді көшірме;
заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ шаруашылық серiктестiктер, қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзу біртұтас тіркеушімен жүзеге асырылатын құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлға бенефициар меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат (бенефициар меншік иесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылғанда және акционерлер (қатысушылар) тізілімнен үзінді көшірмесінен анықталған жағдайды қоспағанда);
клиент атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға, заңды тұлғаның құжаттарына лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжат (тар);
қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң филиалдары және өкiлдiктерi үшiн - қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң филиалы немесе өкiлдiгi басшысының өкiлеттiктерін растайтын құжаттар;
заңды тұлғалардың филиалдары мен өзге нысандағы өкiлдiктері үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаты;
заңды тұлғаның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайын куәландыратын құжат;
рұқсат (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асырылатын болса;
5) егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет етсе (заңды тұлғаның лауазымды тұлғасынан басқа):
Қазақстан Республикасының резидент клиентінің өкілдері үшiн:
жеке басын куәландыратын құжат;
клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент клиентінің өкілдері үшiн:
жеке басын куәландыратын құжат;
клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына резидент емес жеке тұлғаның келуі, кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.
Тиісінше тексеру үшін қаржы мониторингі субъектілері клиенттен құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін немесе апостиль қойдырылған немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттардың көшірмелерін сұратуы тиіс.
Ескертпе: Осы Тізбеде қолданылатын резидент және бейрезидент ұғымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген мағыналар пайдаланылады.