Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 28.05.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің 65-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесі бекітілсін.
2. "Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/188 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9096 тіркелген, 2014 жылғы 8-ақпандағы № 27 (28251) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 57 бұйрығымен бекітілді |
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың
іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы
мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 65-тармағының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Ереже мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен (бұдан әрі - қызметші) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) шағым беру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру тәртібі және мерзімі
3. Қызметші мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға шағым береді, егерде:
1) қызметші оған қолданылған тәртіптік жазамен келіспегенде;
2) қызметшінің құқығы, бостандығы және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылса;
3) қызметші мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуымен тәртіптік жауапқа тартылса.
4. Қызметшінің өтінішінде оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекен-жайы көрсетіледі, өтінішке қызметші қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауы, лауазымды адамдардың тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.
5. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға қызметшінің өтініші Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте қарастырылады.
6. Қызметші жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға берген өтінішін сол өтініш бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша арызы негізінде кері қайтарып ала алады. Осы Ереженің 8-тармағымен белгіленген мерзімі сақталған жағдайда кері қайтарып алынған шағым қызметшіні қайта шағым беру құқығынан айырмайды.
7. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға қызметшіге оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғаны туралы белгілі болған кезден бастап, бір айдан кешіктірілмей шағым беріледі.
Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың
іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы
қызметшілердің шағымын қарау тәртібі және мерзімі
8. Қызметшінің жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға берген шағымы мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар, жоғары тұрған лауазымды адамдар, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) шағымды объективті, жан-жақты әрі уақтылы, қажет болған жағдайда қызметшінің қатысуымен қарауды қамтамасыз етеді;
2) қызметшінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
3) шағым қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қызметшіге хабарлайды.
10. Шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) қызметшінің шағымын толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қызметшінің шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) қызметшінің шағымының мәні бойынша түсінік беру туралы;
4) қызметшінің шағымының қарауды тоқтату туралы.
11. Жоғары тұрған мемлекеттік органмен, жоғары тұрған лауазымды адаммен, уәкілетті органмен қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қызметші сол шешімді сотқа шағымдануға құқығы бар.